Тұңғыш Елбасымыз Н.А.Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін , біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» дей келе, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп отыр.
«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»-деп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген . Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз –рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек , зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға –жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы қайрат-жігерді, білім мен табысты , туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу –мұғалім қызметінің түпкі мұраты.
Ендеше, ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін , бәсекеге қабілетті ұлт үшін» жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестік қабілеттің бірінші кезеңінде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас , жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды көздейді.
Бәсекеге қабілетті мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар, әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар көшінен қалмай, үнемі ізденісте болады. Өйткені мұғалім өзін - өзі шығармашылықпен дамытуға үйрету қазіргі жаңаша білім берудің тірегі. Мұғалім өздігінен білімін дамытуда жеке тұлғаның өз белсенділігі арқылы бірте - бірте күрделенген міндеттерді шешуші, сол арқылы оның рухани өсуін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Болашақта өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой - пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Біздің болашағымыз білікті де білімді жастардың қолында десек, сол жастарды дайындау біздің қолымызда. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда шәкірт бойына білімді сіңіру – әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Өйткені, ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. XXI ғасыр тұлғасы бәсекеге қабілетті, жан-жақты, білім-білік дағдысы қалыптасқан, ұшқыр ойлы қиялы шексіз болуы керек. Осындай тұлға тәрбиелеуде ұстаздың да сондай талаптарға сай болуы тиіс.Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор,бақылаушы,тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,зерттеуші, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі көне мамандық .Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе - шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл - қиынның – қиыны .Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар- тарапқа жетелеуші. Ұстаз бала болмысына өзгеріс енгізуші , бағыт-бағдар беруші. Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек , зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға –жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы қайрат-жігерді, білім мен табысты , туған ел мен жер мүдессі жолында жұмсауға тәрбиелеу –мұғалім қызметінің түпкі мұраты.
Қазіргі білім берудің мақсаты-білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке, яғни ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын , жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын , Отанның әлеуметтік қоғамның –экономикалық жағынан зор үлес қоса алатын жеке тұлғаны қалыптастыру .
Менің ойымша ,бәсекеге қабілетті медия ұстаз мынандай талаптарға сай болса: ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, патриот- сонда ғана қазіргі бәсекелі заманда қоғамда мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыруда осындайға бейімделген ұстаз ғана жүзеге асыра алатыны сөзсіз.