Аннотация
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары, еңбектері олардың ішіндегі тәрбие берер терең мағыналы сөздері, әр әңгімесінің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару ұлы ағартушының шығармаларының өзіндік ерекшеліктері бар екенін анықтауға болады. ХІХ ғасырдағы ұлы ұстаздың тәлім-тәрбиелік иделары мен ойларының қазіргі мектептегі оқу-тәрбие процесі мен бала тәрбиесінен алатын орны ерекше.
Аннотация
Произведения Ибрая Алтынсарина, его произведения имеют глубокий просветительский смысл, особое внимание к воспитательной ценности каждого рассказа, в произведениях великого просветителя есть свои особенности. Воспитательные идеи и мысли великого учителя XIX века занимают особое место в образовательном процессе и воспитании детей современной школы.
Аnnotation
The works of Ibrai Altynsarin, his works have a deep educational meaning, special attention to the educational value of each story, the works of the great enlightener have their own characteristics. The educational ideas and thoughts of the great teacher of the 19th century occupy a special place in the educational process and upbringing of children of the modern school.
Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет
Бауыржан Момышұлы
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт-бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың , халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Мәселен, есімдері мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы Шоқан Уәлиханов, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев осындай жұлдызды есімдер.
Аталған екі ұлы есімді өзінің халқы үшін кешкен азаматтық ғұмыры, атқарған жарқын істерімен бір-біріне жалғастырып тұрған сахараның және бір данышпан перзенті бар, ол-тұңғыш ағартушы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Педагог-жазушының ізденіске, күреске толы өмірінің баршамыз үшін, әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесіндей танылуы, солай қабылданылуы заңды. Өйткені ол өзіне дейін толғағы әбден жеткен, бірақ шешімін таппаған бірсыпыра әлеуметтік мәселелелрді бірінші болып қолға алып, алғаш іске асырды.
Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ. Еңбектері арқылы өмір шындығын таныта білген кемеңгер, заманының ең маңызды білім мен тәрбие мәселесін көтеріп қана қоймай, оны шығармаларына арқау еткен өшпес жұлдыз, ерекше дарын иесі. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Оның өз бойындағы қуатын халықтың арман-тілегі үшін аямай көрсете білгені - бүгінгі ұрпақ үшін мол тәжірибе бола білді.
Қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер жазған Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абаймен қатар жазушы- суреткер ретінде тиісті орын алды. Оның шын ниетімен, жан-тәнімен жазған шығармаларының соншалықты ол күні бүгінге дейін жастарды жалықтырып, ескерген жоқ.
Ыбырай Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге , көршілер ( орыстар) мәдениетін қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады. Өзінің барлық сөздерінде еңбекші қазақ халқын, қарапайым халықтың бишаралық халге түскен балаларын ескеріп, сонымен бірге билеуші топтардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының жарамсыз жақтарын көрсетті.
Ыбырай Алтынсарин - Қазақстанда педагогика білімінің негізін құрады. Мектеп –қашан да маман және дайындығы мол мұғалімдер болғңанда ғана мектеп бола алатынын айтты. Сол уақытта қазақ мектептерінде қанағаттанарлық түрде тіл мәселесін шешуді Ыбырай Алтынсариннің зор еңбегіне санау керек. Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына орыс тілін оқыту құралын құрастырғанда қатаң тәртіпке келтірілген алғашқы лексикалық, фразиологиялық және грамматикалық материал беру арқылы балалар жұмысын барынша жаңілдетуге тырысты. Мұғалімнің ролі материалдарды есте сақтау, есіту дұрыс сөйлеуге дағдылануда ерекше орын алады.Торғай облысында ғана қызмет атқарған Алтынсариннің мектеп системасы соңғы жылдарда(Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін) басқа облыстарда да: Орал, Семей, Ақмола, Бөкей ордасында, ал ХХ ғасырдың бірінші он жылында- Сырдария, Жетісу облыстарында тарады.
Қазақ мектептерін ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі орасан зор қиыншылықтар мен бөгеттерге кездесті. Істі неден , қалай бастау керек, мұғалімдерді қалай дайындау керек, мектепетерді оқулықтар мен және оқу құралдарымен қаклай қамтамасыз ету керек- міне, осының бәрі орасан және қиын мәселе еді, бұл мәселеде миссионерлер мен мұсылман діни адамдардың барлық жердегі кедергілерін жеңу керек болды.
Ыбырай қазақ жастарын окуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырады. Былайша айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондыктан өзінін оқытушылык, жазушылык, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатка бағындырды.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.
Ыбырай өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлкен үлес қосты.Ыбырайдың бұл тарихи қызметі кезінде өзінің замандас достары Н.И.Ильминскийдің, А.А. Мазохиннің, Ф.Д.Соколовтың, А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, Ғ.Балғымбаевтың естеліктерінде жылы ілтипатпен аталып жоғары бағаланды. Алайда ұлы ағартушының сан қырлы педагогикалық, ғылыми зерттеулері, сондай – ақ өлеңдері мен прозасы , аудармалары біздің заманымызда ғана терең зерттеліп, өзінің тиісті , әрі байсалды бағасын алды. Қоғамдық ой – сананың дамуына өзіндік үлес қосқан ұлы тұлғалардың қатарында Ыбырай Алтынсарин есімі де тұрады. Ұлы ғалым – педагог Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» және «Таза бұлақ» деген оқу – әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Және болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік , эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі. Жеке тұлғаны оқу мен өнерге , мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.Алтынсарин аса бағалы, бай қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Бұлдан ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігін көреміз.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол « Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді, ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: ...Мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе , « Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесіңә деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Алтынсариннің мектептегі татарша діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, олардың халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал- мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге жақсы адамгершілік қасиаттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 ж
2. «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2008ж, № 4,5
3. Бес ғасыр жырлайды. Алматы, «Жазушы», 1989 І том