Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1010

Білім беру ұйымында колледжішілік бақылауды жоспарлау

      Колледжішілік бақылау – талдау және мақсат қою қызметтерімен тікелей байланысты аса маңызды басқару қызметінің бірі. Колледжішілік бақылау дегеніміз – белгіленген міндеттерге сәйкес жұмыстарды үйлестіру мақсатында колледждегі оқу – тәрбие үдерісін зерттеу әрі талдау. Ал зерттеу мен жан – жақты талдау педагогтардан кейбір мәліметтерді алуды қажет етеді. Бірақ бүгінгі заң талаптарына сәйкес әкімшілік оқытушыдан арнайы тізімде көрсетілгеннен тыс есептерді сұрауға құқылы емес. Олай болса, оқу үдерісінің нақты жай – күйі  туралы ақпаратты қайдан аламыз?

Колледждегі педагогикалық ұжымның қызметін, оқу – тәрбие үдерісін

директор орынбасарларымен бірге басқарады. Бақылау қызметі – бұл басшы

нұсқауларының орындалуын, оларды орындау нәтижесін тексеру әрі есепке алу, кемшіліктердің себебін анықтау. Осындай сапалы мониторингжүргізу үшін мәлімет жинау керек. Ал оны директор мен оның орынбасарлары оқытушыдан белгілі мәлімет сұратпай жинай алмайды. Ал белгіленген мәндеттерге сәйкес жұмысты үйлестіру бақылау мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылады. Оқытушыға артық жұмыс жүктемей, нақты әрі сенімді ақпарат алу үшін бақылауды қалай жоспарлаймыз және жүзеге асырамыз?

Колледжішілік бақылау – бұл күрделі әрі жан – жақты процесс және ол

біртұтас жүйе ретінде заңды реттілікке, өзара байланысты бөлімдердің

ұйымдастырылуына ие және оның әрқайсысы белгілі қызметтерді атқарады. Оқу пәндерін оқыду барысын және білім алушылардың білім, машықтар мен дағдылар сапасын бақылау жөнінде де осыны айтуға болады.

Білім саласында жүргізілген реформалар колледждің дербес қызмет саласын

кеңейтті және дербес қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті арттырды. Демократиялық өзгерістер колледжде жаңа серпінге ие болады, олар ұжымда білім беру процесіне қатысушылардың шешім қабылдауға қатысу мен жүзеге асыруға жауапкершіліктегі тең құқығын қарастыратын қарым – қатынас орнатуға жетелейтін тұсын әрі басқару процестерінің дамуын болжайды. Мұның барлығы «Білім туралы» ҚР Заңымен заңдастырылды және қазақстандық білім саласын дамытудың жасампаз күшіне жатады.

Колледжішілік бақылау бойынша құжаттар тізімі:

1. Колледжішілік бақылау жоспары (перспективалық, жылдық, айлық);

2. Негізгі қызмет, кадр мәселесі бойынша бұйрықтар кітабы;

3. Азаматтар өтінішін есепке алу журналы;

4. Колледжішілік бақылау туралы ереже;

5. Колледжішілік бақылауды есепке алу журналы;

6. КІБ-ды орындау туралы есеп: бақылау журналы немесе анықтамалар,

тексеру актілері;

7. Педагогикалық кеңестегі, мәжілістегі, ата – аналар жиналысындағы

баяндамалар және т.б.

Колледж ішілік бақылаудың мақсаттары:

- Білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыру.

- Білім беру процесіне қатысушылардың әлеуметтік кепілдіктері мен білім

алуға деген конституциялық құқығын сақтау.

- Әр білім алушының мемлекеттік білім беру стандарттарын меңгеру

нәтижесін бағалау.

- Колледждегі білім беру жүйесін дамытудың оң немесе кері тенденциясын

талдау әрі болжау және оны аймақтағы және қаладағы жүйенің нақты

жағдайымен салыстыру.

- Колледж ұжымы қызметінің нәтижесін арттыру.

- Колледжде білім беру сапасы мен нәтижесін басқару тетігін жетілдіру.

Колледжішілік бақылау міндеттері:

- Білім саласындағы заңнаманың, білімді дамытудың мақсатты

бағдарламаларының орындалуын бақылау.

- Бұйрықтардың, колледждің өзге де жергілікті актілерінің іске асырылуын

жүйелі талдау, оларды сақтау мен жетілдіру бойынша шара қабылдау.

- Колледж үшін білім беру үдерісін дамытудың перспективалық, маңызды

бағыттарын жүйелі талдау, диагностикалау әрі болжау.

- Нәтижеге жеткізген немесе күтетін нәтижеге әкелетін ұжымның және

жекелеген педагогтардың жұмыс нәтижесін жүйелі талдау әрі бағалау.

- Білім беру үдерісін жүзеге асыру жай – күйін, білім алу жағдайын,

колледж қызметінің басқа да бағыттарын зерттеу әрі нәтижесін анықтау.

- Колледждің білім беру жүйесін жетілдіру бойынша шешім мен ұсыныс

дайындау үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу.

- Озық ппедагогикалық тәжірибені айқындау әрі жалпылау, тиімсіз

педагогикалық технологияларды қолданудан сақтандыру.

- Білім беру үдерісін ұйымдық, ғылыми - әдістемелік, қаржы –

шаруашылық әрі кадрлық қамтамасыз ету жұмысын, белгіленген

міндеттің уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылау.

Колледжішілік бақылау туралы ережені әзірлеуде нені ескеру қажет?

КІБ туралы ереже педагогикалық кеңеспен бекітіледі, ол ережеге өзгертулер

мен толықтыруларенгізуге құқылы.

Ереже мынадай мәселелерді қамтиды:

- бақылау субъектілерінің құқығы мен міндеттері;

- колледжішілік бақылауды жүзеге асыру реттілігі;

- бақылануы тиіс құжат тізімі (оқу пәндерін тақырыптық жоспарлау,

сабақтың технологиялық карталары, сыныптан тыс іс – шаралар немесе

сабақ жоспарлары т.б.);

- КІБ ұйымдастырудың түрлері, нысандары мен әдістері;

- меңгерушілер арасында функционалдық міндеттер мен бақылау – талдау

қызметтерін бөлу.

Колледжішілік бақылау жүргізу реттілігі.

1. Бақылауды негіздеу.

2. Бақылау мақсатын анықтау.

3. Бақылау жүргізу туралы бұйрық.

4. Бақылау бағдарламасын дайындау (объект, әдістері, орындаушылар, қайда

тыңдалды және т.б.)

5. Тексерушілермен және тексеруден өтушілермен жиналыс өткізу.

6. Бақылауды жүзеге асыру.

7. Ақпарат алу және өңдеу.

8. Тұжырым және ұсыным әзірлеу.

9. Бақылау нәтижесі бойынша тексеруден өтушілермен алдын ала

әңгімелесу.

10. Бақылау нәтижесі бойынша құжат дайындау.

11. Басқару шешімдерін қабылдау.

12. Анықталған кемшілікті қайта бақылау мерзімдерін анықтау.

13. Нұсқаулардың орындалуын тексеру.

Колледжішілік бақылаудың негізгі бағыттары:

1. Оқу – тәрбие процесі (нормативтік құжаттардың, оқу жоспарларының,

2. бағдарламаларының орындалуы).

- Пәндерді оқыту сапасы. КТЖ-ның орындалуы.

- Оқушылар білімінің, машығы мен дағдысының сапасы.

- Тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

- Колледж құжаттамасын жүргізу.

3. Педагог кадрлар (әдістемелік жұмысты ұйымдастыру)

- Колледж міндеттерін жүзеге асыру.

- Әдістемелік бірлестіктер жұмысы.

- Біліктілікті арттыру. Өзбетімен білім алу жұмысы.

4. Оқу материалдық база (ҚТ, өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік

талаптарды және санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау).

- ОӘБ-ны толтыру. ОТҚ, компьютер техникасын, көрнекілікті сақтау және

қолдану.

- Тәрбие жұмысын қйымдастыруға арналған ОӘБ мазмұны.

- Колледж кәтапханасының қызметі. Оқу құралдарын есепке алу және

жүйелеу.

Колледжішілік бақылау матрицасы

1-блок: Азаматтардың ТжКБ алуға деген құқығын іске асыру.

2-блок: Колледжішілік құжаттама.

3-блок: Санитарлық – гигиеналық режим. Қауіпсіздік техникасы.

Студенттердің тамақтануы мен денсаулығы.

4 – блок: Пәндерді оқыту жағдайын бақылау.

5 – блок: Әдістемелік және эксперименттік жұмыстың жағдайын бақылау.

Кадрмен жұмыс.

6 – блок: МТБ жағдайын бақылау

Бақылау түрлері мен нысандары

Бақылау түрі – бұл белгілі бір мақсатпен жүргізілген бақылау нысандарының

жиынтығы. Бақылау түрлерінің ерекшелігі оның объектілерінің ерекшелігімен

және білімді болжаумен, сондай ақ бақылау үшін қолданылатын тәсілдермен

анықталады.

Өткізу мақсатына қарай бақылаудың екі түрін белгілеуге болады:

тақырыптық және жаппай.

Тақырыптық бақылау бақылау объектісінің белгілі элементінің (білім алушылардың білім, машық пен дағдаы деңгейі, оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің, топ жетекшісінің жұмыс сапасы, колледждің әдістемелік білім беру жұмысы мазмұнының мәлімделген тақырыптарға сәйкестігі, үйірмелер мен факультативтердің жұмыс сапасы, сабақ өткізу, сабақ өткізу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау т.б.) жай – күйі туралы ақпарат алу және толық зерттеу мақсатында сабақ бойы жүргізіледі. Тақырыптық бақылау нәтижесі бойынша анықтама жасалып, әңгімелесулер, жиналыстар өткізіледі.

Жаппай бақылау жаппай бақылау объектісін (әдістемелік жұмыс, оқу -тәрбие жұмысы, сабақтан тыс тәрбие жұмысы, ғылыми – зерттеу және эксперименттік қызмет және т.б.) немесе колледждің жеке бөлімшесін бір уақытта жан – жақты тексеру мақсатында жылына 2-3 реттен сиретпей өткізіледі. Демек, мысалы, егер әдістемелік бірлестікке жаппай бақылау жүргізілсе, онда оның қызметінің барлық еспектісі тексеріледі. Егер жаппай бақылау жекелеген педагог жұмысына жүргізілсе, онда оның қызметін толық зерттеу қажет болады.

Бақылау нысаны - бұл бақылауды ұйымдастыру тәсілі.

Мерзімділігі бойынша бақылау мынадай болуы мүмкін.

- Бастапқы (оқу жылының басында өткен жылғы курс үшін);

- Ескертуші аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу үшін, бітіруші

топтардағы емтихандар алдында, жаңа оқу жылына дайындықты тексеру

т.б.);

- Ағымдық (тақырыппен танысқан соң, оқу орнын жарты жылдық бойынша

бақылау нәтижелері);

- Аралық (оқу жылының соңында ауысушы топтарды аттестаттау);

- Қорытынды (бітіруші топтардағы емтихандар, колледждің бір жылдық

жұмыс нәтижелері).

Тексеруден өтетін объектілерді бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша оқу

орындарында 6 түрлі бақылау ннысаны қолданылады:

- Дербес;

- Топтық – жалпылаушы;

- Пәндік – жалпылаушы;

- Тақырыптық – жалпылаушы;

- Шолу;

- Кешенді жалпылаушы.

Бақылау нысандарының мазмұнын былай бөлуге болады:

 

 

 

Дербес бақылау:

- Бір педагог жұмысын білім беру қызметінің барлық тараптарынан тексеру

(аттестаттау кезінде өткізіледі);

- Белгілі тақырып бойынша бір педагогтың (оқытушы, топ жетекшісі,

өндірістік оқыту шебері) оқыту қызметінің өнімділігі, жалпы педагогтың

әдістемелік деңгейі немесе оның қызметінің қандай да бір жағы, мысалы

студенттің біліміне қойылатын немес нақты бір студенттің жұмысын

бақылау.

Топтық – жалпылаушы бақылау

- Бір топта жұмыс жасайтын педагогтардың, топ жетекшілердің қызметін,

білім, білік, дағды деңгейін (бақылау тесті), осы топтағы түрлі қызметтің

жұмысын бақылау және т.б.

- Белгілі тақырып бойынша бүкіл топ студенттерін бақылау немесе нақты

мәселені зерттеу (мысалы, бір топтағы үй тапсырмасы көлемімен танысу

бойынша оқытушылардың тобын бақылау).

Пәндік – жалпылаушы бақылау

- Студенттердің нақты пән бойынша, білім, машық, дағдысының

қалыптасуын бақылау, оқу реттілігі мәселесін зерттеу және т.б.;

Тақырыптық – жалпылаушы бақылау

- Әрбір оқу кезеңінде оқытушы жүмысын бақылау (мысалы, танымдық

дербестікті дамыту немесе жалпы студент тұлғасын қалыптастыру

мәселесі бойынша).

Шолушы бақылау:

- Жалпы білім беру қызметінің жекелеген мәселелерін бақылау (колледж

құжаттамасының жай – күйі, еңбек тәртібінің жай – күйі, материалды –

техникалық база, студенттердің білімі мен тәрбиелік деңгейі, топ

жетекшілерінің жұмыс сапасы және т.б.)

Кешенді – жалпылаушы бақылау:

- Топтардағы кешенді мәселелердің жай – күйін бақылау.

Жоғарыда аталған бақылау нысанының бәрі бақылау әдістерінде

практикалық қолданысқа ие болады.

Бақылау әдісі – бұл белгіленген мақсатқа жету үшін бақылауды практикалық

тұрғыдан іске асыру тәсілі. Білім беру қызметінің жай – күйін зерттеу үшін

бақылаудың барынша тиімді әдістері:

- Бақылау (әлденені мұқият қадағалау, танысу, зерттеу); себебін анықтау

арқылы талдау, саралау, даму қарқынын анықтау;

- Тыңдаушылардың қатысуымен қандай да бір тақырыпқа әңгімелесу,

іскерлік сұхбат, пікір алмасу;

- Құжаттамамен танысу, әлденемен танысу, анықтау мақсатында мұқият

зерттеу;

- Сауалнама алу, сауал қою арқылы зерттеу тәсілі;

- Хронометраж, қайталанатын операцияларды орындауға кеткен жұмыс

уақытын есептеу;

- Білімді ауызша не жазбаша тексеру, оқу деңгейін анықтау үшін тексеру.

Барлық бақылау түрі анықталған кемшіліктерді жоюдың ұсынымдарын

әзірлеумен аяқталады. 

 

 

 

 

 

 

 

ҚорытындыКолледжішілік бақылаудың түрі мен әдістерін таңдау оның мақсаты, міндеттері, тексеру нысаны, уақыт жағдайына тікелей байланысты. Ал бақылаудың түрлері мен әдістерін тиімді етіп қолдану жоспарлауға және тексеруге әкімшілік, педагогтар, білім беруді басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарта отырып іске асырғанда нәтижелі болмақ. 

 

402 0
Айнур Жумырбаева, №10 Шу колледжінің директорының ОІЖ орынбасары Ұлы Дала Ұстазы № 001503
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: