Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1009

Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің пайда болу тарихы

 

  Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестеріжұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер»,  «варваризмдер»«калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі.

Сленг-тілдің қызықты және күрделі құбылыстарының бірі. Көптеген зерттеушілер сленгті әлеуметтік диалектілерге жатқызады. Диалект осы контексте бұл тілдің аймақтық, уақытша немесе әлеуметтік түрі, көп немесе аз шектеулі адамдар санымен қолданылатын және тілдік стандарттан (фонетика, грамматика, лексемалық құрам немесе семантика болсын) өзгеше. Ағылшын лексикографиясында "сленг" термині өткен ғасырдың басында кеңінен таралған. Әдебиетте осы терминнің пайда болу датасы үлкен Оксфорд сөздігі бойынша белгіленеді, онда алғаш рет "language of a low or vulgar type" мағынасымен "сленг" термині 1756 жылы куәландырылған.

Англицизм - ағылшын тілінен енген және шет тілдік элемент ретінде қабылданатын сөзсөз тіркестері не синтаксистік құрылым (авторагчи, сервис, просперити, продюсер).

Англицизм дегеніміз-тілдің лексикалық жүйесінің ерекше саласын құрайтын, өздерінің шетелдік бейнесін сақтаған, сондықтан да сол тілді қолданушыларға ағылшындық қасиеті көрініп тұратын,тілдік санада бөтен сөз ретінде қабылданатын сөздер. Олардың ғылыми стильділігі,олардың халықаралық дәрежесі, ішкі формаларының түсініксіздігі, формальды белгілері және тағы да басқа олардың қолданыс ерекшеліктерін танытады.

Қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде соңғы жылдары жарық көрген ағылшын тіліндегі лексикаларға талдау барысында, ағылшын тіліндегі кейбір сөздер секілді екенін байқадық. Лингвистикада шет тілдерінен енген кірме  сөздер бірнеше классификацияға бөлінеді, олардың неғұрлым белсенді топтары варваризмдер, калькалар және ассимиляцияланған лексикалар.

Қазақ терминологиясындағы шет тілінен енген сөздердің келесі түрлері ажыратылады:

  1. Материалдық кірмелер;
  2. Калькалар;
  3. Аралас кірмелер (полилексемдік терминдер мен күрделі сөздердегі).

Материалдық кірмелер бір тілден екінші тілге ену барысында ешбір өзгеріссіз ұғыммен бірге атау да енеді. Мысалы: bit-бит, file -файл, frame-фрэйм, coder - кодер, processor - процессор, т.б. Жоғарыда атап өткендей, шет тілінен енген сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың құрылысының көшірмесі болып табылатын сөздер мен сөз тіркестерін калька деп атаймыз. Ондай калькалар қатарына языкознание-тіл білімі, естествознание-жаратылыс білімі, предисловие-алғы сөз, т.б.жатады. Теориялық және лексикографиялық деректерге сүйене отырып, калькалардың төрт түрін ажыратуға болады. 

  1. Құрылымдық калька;
  2. Семантикалық калька;
  3. Сөзжасамдық калька;
  4. Жартылай калька.

Құрылымдық калькалар-сөздің дыбысталуы емес, сөздің морфемалық құрылымы мен морфемалардың мағынасы бойынша енген кірме сөздер болып табылады: adder -сумматор, programmability,-программалану,coding -кодтану, т.б. 

Семантикалық калькалар- басқа тілдегі сөздің ауыспалы мағынасын қабылдап алу. Мысалы: blank - бос жер, break-үзіліс, т.б.

Сөзжасамдық калькалауда шетел тілі мен қазақ тілінің ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Мәселен, қазақ тілінде префистік тәсіл болмағандықтан, мұндайда шет тілінен енген сөздің баламасы ретінде қазақ тіліндегі белгілі сөздер не солардан жасалған туындылар қолданылады. Мысалы, мировозрение-дүниетаным, синтетикалық тәсілмен: аптек-дәріхана т.б.

Жартылай калька-сөзжасамдық кальканың бір түрі: мұнда кальканың бір бөлігі ғана аударылады. Мысалы: фр.антисорs, қазақша антидене, орысша антитело.

Аралас кірмелерде-англицизмдердің лексикалық және семантикалық типтері бар, мысалы:application program-қолданбалы программа, buffer memory-буферлі еске сақтау(жад), macrodefinition-макроанықтама, macrocell-макроұя, т.б.

Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді.Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

Соңғы 20-30 жыл бедерінде англицизмдер қазақ тіліне қарқынды əрі үлкен көлемде енгені соншалық, лингвистер оларды ағылшын – қазақ билингвизм құбылысы деп атап жүр. Бұл мəселені біріншіден, қоғамдағы ашық халықаралық қарым-қатынас пен, ағылшын тілінің халықаралық тіл ретіндегі мəртебесінің өсуімен байланыстыра қараған жөн. Тіл өзі қызмет атқаратын қоғаммен бірге өмір сүріп, сол қоғаммен бірге өзгеріп отырады, əрі оның ішкі заңдылықтарына сəйкес дамиды.

Ағылшын түбірі бар жаңа ұғымдар мен құбылыстар аясы шектеулі. Сондықтан кірген ұғымдары мен нысаны бар қолданыстағы номинацияны алу тиімді болып саналады.

Шет тілдерінен кірген сөздердің келесі тобын атап көрсетуге болады:

Тікелей кірген.
Түпнұсқадағы сөздер тілімізде тура мағынасында қолданылады. Мысалы: weekend – (уик-энд) - демалыс күндер, black – (блэк) – қара, money – (мани) – ақша, party – (парти) – сауық кеші, girl – (гирл) – қыз, boy – (бой) – бала, friend – (френд) – дос, sponsor – (спонсор) – демеуші, price – (прайс) – баға, т.б.

 

Гибридтер.
Бұл шет тіліндегі сөзге қазақ тілінің жұрнағын, қосымша, жалғауын жалғау арқылы пайда болған сөздер. Бұл жағдайда шет тіліндегі сөздің мәні өзгереді. Мысалы: «ask» - аскать – өтіну, «busy» - бузить - мазасыздану мағынасында, «copy» - копилаймын – көшірме жасаймын, т.б.

Калька (көшірме).
Фонетикалық дыбысталуы жалпы формасы сақтай отырып қолданылатын, шет ел сөздері. Мысалы: menu - меню, the disk - диск, the virus - вирус, the club - клуб, password - пароль, cooler - кулер, mixer - миксер, toaster - тостер, blender - блэндер, antifreeze - антифриз, bulet – булет, device - девайс, hacker - хакер, obgreyd - обгрейд, click - кликать, blog - блог, smile – смайлик және т.б.

Экзотизмдер (Ерекше сөздер).
Басқа халықтың ерекше ұлттық дәстүрін сипаттайтын, біздің табиғатымызға жат өз мағынасында сақталатын сөздер. Бұл сөздердің ерекшелігі, қазақ тіліндегі синонимдерінің болмауы. Мысалы: chips - чипсы, hot dog - хот-дог, cheeseburger - чизбургер, football boots - бутсы, fishburger -фишбургер,  pudding - пудинг, yogurt – йогурт, barbecue – барбекю, бифштекс – beefsteak,cocktail - коктейль, jacuzzi - джакузи және т.б.

Колориттер
Бұл сөздердің лексикалық баламалары болады, бірақ олардан стилистикалық ерекшелігі бар және қандай да бір қарым-қатынас саласында сөзге ерекше мәнер беретін мәнерлік құралы ретінде бекітіледі. Мысалы: ОК - О
׳кей, wow - вау, ура-horrow..

Композиттер.
Екі ағылшын тілінен тұратын сөздер. Мысалы, second hand - (секонд-хенд) - қолданылған заттарды сататын дүкен, Video Salon - (видео-салон) - фильм көретін зал, time-out - (тайм-аут) - уақыт бітті, fast food - (фаст фуд) - тез әрі жеңіл тағам, News maker - (ньюс-мейкер) - жаңалық жасаушы, Price List - (прайс-лист) тауарлар мен сорттары, қызметтер бойынша бағалар анықтамалығы, және т.б.

 

747 0
Айдана Дауренбекова, № 143 мектебінің ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-сарапшы Ұлы Дала Ұстазы № 001502
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: