Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1008

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану

«Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе»

М.Жұмабаев

 

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру. Осы мәселені шешу білім беру мазмұнын жаңашыландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығушылығын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде, демек бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениет аралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін, сабақ барысына жаңалық енгізу қажет. Сол арқылы біз оқушылардың бойында ізденімпаз, шығармашыл, ойлау, ізденіс қабілеттерін қалыптастырамыз. Бастауыш сыныпта ол үшін ойын технологиясын қолданған жөн. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек, себебі санына емес сапасына назар аударған жөн.

Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтының түснікті

Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғарылды. Бірақ қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді?

Оқу барысындағы ойындық технологияның орны мен ролі, ойын және оқу элементтерінің үйлесімі көп ретте мұғалімнің педагогикалық қызметімен топтастыруын түсінуіне байланысты.

Бірінші кезекте әрекет ету барысына қарай ойындарды физикалық (қимылдық), интеллектуалдық (ақыл-ой), еңбек әлеуметтік және психологиялық деп бөлу қажет.

Педагогикалық барысының сипатына қарай ойын мынадай топтарға бөлінеді:

а) оқытып-үйрететін, жаттықтыратын, бақылайтын және жинақтайтын;

ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

б) өнімді, шығармашылық;

в) коммуникативті, кеңес беруші, кәсіби бағдарлы, психо-техникалық және т.б.

Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады: лексикалық;

фонетикалық; грамматикалық; орфографиялық .

Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей алады, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады:

Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

Уақытты үнемдеуге үйретеді.

Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

Оқушылар үшін қауіпсіз.Сонымен қатар ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға .

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданған тиімді. Мысалы: «доппен ойыны» балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташыдағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташы көрсетіп «What color is it?» балалар It's red деп жауап береді. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.

Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: “colours”, “friends”, “ school”, “family” .

Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындардың да маңызы зор. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

1.Рөлдік ойындар.

2.Іскерлік ойындар.

Рөлдік ойындар интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.

Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

Әрбір оқушы рөлде ойнайды.

Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.

Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады. Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б. Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады» деген тақырыптарда. .

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?» немесе «Мынау не?» деп сұрақ қою. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған. Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады .

 Бастауыш сыныптың оқушылары барлығын тез қабылдап алатындықтан, оларға ойын түрінде сабақ өткізу өте тиімді әдіс болып табылады. Себебі, осы жаста балалардың негізгі әрекеті ойын екені мәлім. Ойын арқылы балаларды тез ойлауға,еркін сөйлеуге, жылдам әрекет жасауға, есте сақтауға үйретеміз. Жалпы сабақты қызықты етіп өткізу мұғалімге байланысты, сондықтан ұстаздар үшін ағылшын тілі сабағында ойынның бірнеше түрлерін қолданған жөн. Тілді үйрену үшін ойындар көптеген септігін тигізеді. Ойын барысында бала өзін еркін сезініп, барлықтары тең болып тілді үйренуге талпынады. Болашақта өздеріне қандай мамандық таңдаса да,шет елдеріне ойланбастан барып, олармен тәжірибе алмасуларына жағдай дайын болады. Негізінен барлық білім базасы бастауыш сыныпта қаланады. Сол себептен, ағылшын тілін де үйрену осы кезден басталады. Сабаққа кедергі келтірмейтіндей етіп, ойын сабақтарын араластырып отыру қажет. 21 ғасырдың тілі ағылшын тілі екені бәріне аян. «Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе» деп М. Жұмабаев айтып өткендей, өмірге деген дайындығы осы жолдан бастау алады.

 

209 0
Салтанат Базарбаева, «Озерный жалпы орта білім беру мектебі» КММ – нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001501
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: