Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу, ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, ата - аналар мен бала арасында жақындық қалыптастыру, қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Күтілетін нәтиже: сабақ барысында ата - аналар баланы түсініп, кез келген жағдайда қарым - қатынаста бір - бірін түсіне білу.
Сабақ ережесі:
Сөзді бөлмеу
Бір-біріне кедергі жасамау
Бірігіп жұмыс жасау
Күлімсіреу
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе
2. «Таныстыру» тренингі
3. «Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?» жаттығуы.
4. «Біз бақытты жанұямыз!»
5. «Қолынан танып біл!», «Менің анамның үні» жаттығуы
6. "Ой толғау"
7. «Мен түсінемін» тренингі
8. Қорытынды
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе.
Көрініс көрсетіледі
Оқушылар ортаға шығып тақпақтарын айтады
1-оқушы
Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мерейі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
2-оқушы
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.
Не десеңде әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
2 оқушы
Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
4-оқушы
«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,
Қуат алдың, анажан, өзің неден?!
Адамдардан жақсылық күте алмаймын
Ана жүрек мейірін түсінбеген
5-оқушы
Әжемнің саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен
6- оқушы
Дүниенің жарық күні-анамыз
Жарық күннен қуат алған санамыз.
Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,
Дана болсақ-анамене данамыз.
Өмірге мына бізді ала келген,
Дүние қымбат екен анаменен
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі сабағымыздың маңызы орасан зор.Ендеше бүгінгі сабағымызғы қатысатын отбасылармен танысайық.
1. Абжалиевтер отбасы
2.Нурмахановатар отбасы
3. Жолмаханов отбасы
2. «Танысу» тенингі (жіппен)
Қатысушылар шеңбер бойымен бір-бірін таныстырып шығады.
3. «Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?» жаттығуы.
Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал анасы мен әкесі баласы туралы жауап береді. Содан соң баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, ата-анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
Сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Бүгін сабактан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Жақсы көретін мұғалімі
11.Сүйікті әншісі кім?
4.«Біз бақытты жанұямыз!» («Ана мен бала» әні жүріп тұрады)
Отбасылар бірігіп бір бүйым жасап шығарады.Және жасаған бұйымын талқылап өтеді.
Көрермендермен жұмыс
(видео роликтер көрсетіледі)Көрермендер өз ойларын айтып өтеді.
5. «Қолынан танып біл!».
Көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
«Менің анамның үні».
Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.
6. «Әкем-менің асқар тау»
«Балабақшаға жиналдық». Ереже: Екі қатарға он баладан тұрғызылып, киімдері дайындалады. Әкелер 2 минут ішінде неғұрлым көп баланың киімдерін кигізіп балабақшаға дайындағаны есептеледі.
7. «Мен түсінемін» бұл бөлімде анасы мен әкесі ыммен түсіндіру арқылы сөздерді табады.
8. Қорытынды.
( қатысқан отбасыларға алғыс хат тапсырады).
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
- Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Ән: «Ата-анамды тыңдаймын» әнін хормен орындайды.
- Қызықты сурақтар:
- Балаңыздың туған күні?
- Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
- Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
- Балаңыздың парталас көршісі кім?
- Бүгін сабактан қандай баға алды?
- Балаңыздың сүйікті асы қандай?
- Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
- Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
- Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды,.?
- Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
- Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
- «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?