Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1006

Қазіргі білім берудегі трендтер

 

             Қоғамның назарын педагогикалық білім берудің заманауи трендтеріне аудару, республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші халықаралық инновациялық технологияларды таратуға аударуды мақсат еткен .     

          Заманауи білім беру мәселелерін бірлесіп талқылауға әлемдік зерттеу орталықтарын тартуды, Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуға жәрдемдесуді, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерімен тәжірибе алмасу және танысуды, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың жаңа түрлерін дамытуды және де республикада педагогикалық білім беру трендтерін дамыту бойынша тиімді шешімдер іздеу және ұсыныстар әзірлеу мен инновациялық білім беру технологиялары және оқыту әдістері болып табылады.   Заманауи білім беру трендтеріне инновациялық білім беру мен цифрлы Қазақстан жатады.

          Елбасымыздың Жолдауында : «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын оқытушы жауапкершілігінің өсуі, танымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

     «Бaлa oқытудың жұмыcы шиpaқ, жiгepлi, қызу бoлғaны дұpыc» Ж.Aймaуытoв.

      Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін қарқынды түрде технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Ол үшін ең бірінші мұғалімнің ұстанымы мықты болу керек, оқыту үдерісінде қалыптасқан дағды мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалім өз жұмысында арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, тәрбие салаларының қазіргі заманғы жаңашылдықтарын да қамтуы тиіс болғандықтан онан үлкен дайындық (педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық)  талап етіледі.

           Инновация – ол құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды, ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан, ол басқаруды қажет етеді, ал процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар − озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Озық педагогикалық тәжірбиенің негізі болып есептелетін жаңашылдықты зерделеу − педагогикалық тәжірибелерді теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты.

           Инновациялық үдеріске жаңалықты жинақтау мен тарату ғана емес, ойлау және осы жаңалыққа қатысты өзгерістер мен қайта құру  да жатады. Демек, бұл прогрессивті, озық, заманауи, оң  үдеріс. Алайда, білім беру ісіне жаңалықты ендіру үдерісі –  мұғалімнің әлеуетіне тікелей байланысты.

        Қазіргі білім беру, қоғамдық даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығына қажеттілік бірқатар жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, білім беру мазмұнына талаптың күшеюі, қоғамда жүріп жатқан өзгерістер білім беру жүйесін, оның әдістемесін,  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Бұл жерде педагогикалық білімнің рөлі мен белсенділігі басымдықта болып отыр.

          Екіншіден, ұстаздардың өз қызметінде жаңалықты игеру және қолдануға деген көзқарасының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта барынша зерттеушілік, ізденгіштік сипат ала бастады. Сондықтан да білім беру ұйымы басшыларының маңызды шараларының  бірі – мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.

Үшіншіден, білім беру ұйымдарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.

  Педагогтың инновациялық қызметке дайындығын қалай анықтауға болады? Бұл жағдайда педагог әлеуеті мына парметрлермен байланысты:

  1. жаңа көзқарастар мен идеяларды елестете алу және генерациялау, оларды іс жүзінде жобалау және моделдеуге шығармашылық қабілеттілігінің болуы;
  2. ойлаудың понарамалық және икемді болуы, сондай-ақ қолжетімді білігінен межеленген жаңалыққа жетуге дайын болу;
  3. өз қызметін жетілдіруге деген ниеттің болуы мен оны қамтамасыз ететін ішкі әдістер мен құралдардың болуы.

         Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу 4 кезеңнен тұрады:  жаңа идеяны, жаңалықтарды іздестіру, зерделеу; жаңалықтарды ұйымдастыру; жаңалықтарды енгізу (оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану); қорытындылау.

        Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды.
 Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

• проблемалық оқыту;

• дамыта оқыту;

• деңгейлеп оқыту;

• дәстүрлі оқыту;

• модульдік оқыту

• сұрақ-жауап ойындары;

• цифрлық білім беру ресурстары.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: -балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі; -баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Н.Ә.Назарбаев., Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.
  2. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015
  3. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2013ж;

 

 

 

 

11 470 0
Назира Тандырбаева, Малдыбай орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзі-өзі тану пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 00399
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: