Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1005

Таяқтың екі ұшы болады

Адам өміріндегі тағы бір жаңа баспалдақ – студент атану. «Студент» сөзі латын тілінен аударғанда «ынтамен оқушы», «ізденуші» деген мағынаны білдіреді. Бұл  кез адам өмірінде үлкен сапарға аттанумен пара- пар. Алғаш рет біз өзіміз үшін шешім қабылдауды, қоғамның жалпы бір бөлігіне айналуды ең бастысы тұлға болып қалыптасатын кезеңді айтамыз. Студент болу екінің бірінің басына қонбайтын бақ. Студент атану үшін белгілі бір жоғары оқу орнына қабылдану керек.  Қазақ халқында «дүниеде екі нәрсе таңдаудан жаңылыс па. Бірі жар таңдау болса, бірі мамандық таңдаудан» ,- деген болатын. Менде осы жылы өзімнің өмір жолымдағы мамандығымды және жоғары оқу орнымды таңдап студент атандым. Менің оқуға түскен оқу ордам Қазақстан Республикасы бойынша үздік 5 –ке кіреді. Одан бөлек  QS World University Rankings Results және Top Universities сайттарының келтірген мәліметтері бойынша әлемнің 165 университеттерінің қатарына қосылған Алматы төрінде орналасқан, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Қазіргі кезде университеттің 87 жылдық тарихы бар. Бүгінгі таңда жоғары оқу орны 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 философия докторы бар. 

Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде   Экономика және бизнес жоғары мектебінде білім алып жатырмын. Біздің факултетте 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты мен 10 Ph.D. докторын қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық кұрам білім береді.

Әлемдегі жаһандық пандемияға байланысты, жаһандану заманындағы озық технологиялар көмегімен біздің студенттік өміріміздің алғашқы парағы онлайн түрінде өтіп жатыр. Дәріс пен тәжірбилелік сабақтарды  Zoom және Teams платформаларында белсенді түрде жүзеге асып жатыр. Алғашқыда қалай болады екен деген күдік болғанын жасырмаймын. Уақыт өте келе бұл біз үшін, біздің денсаулығымыз үшін өте маңызды екенін түсіндім. Онлайн түрінде өткен сабақтарымыз түсінікті әрі қызықты. Оқытушыларымыз дәрістерді  кереметтей етіп озық технологиялардың көмегімен түсіндіруде. Біз де тақырыпты түсінуде жаңа методикалар мен шетелдік үздік деп таңдалған әдістер арқылы жүзеге асады. Мысал ретінде ағылшын пәнінен «Король Артур» атты фильмді көру арқылы тақырыптың не туралы болатынын анықтадық және жаңа сөздерді үйреніп ағылшынша сөзідік қорымызды толықтырып жүрміз. Бұл фильмді неге бізге көруге тапсырма ретінде берді деп ойладым. Ал, енді фильмнің ең қызық бөлігі не екенін білесіз бе? Король Артурдың Рим империясына қарсы соғыста қолдаған ежелгі сармат тайпасы. Ал, сарматтар тайпасын Орталық Азияны мекен еткен. Яғни қазақ даласы да бұл тізімге жатады. Оқытушымыздың бұл фильмді бізге тапсырма ретінде беруі Елбасының «Рухани жаңғыру» аясында құндылықтарымыз бен тарихымызды тереңдей білу деп топшыладым. Одан бөлек ағылшынша сөйлеудегі кейбір ақаулықтарды жеңуде оқытушы берген фильмдер және деректі фильмдер көп әсер тигізді. Оқытушыларымызбен онлайн форматында өтіп жатқанымызға қарамастан камера арқасындда дос болып кеттік және әрқашан кері байланыс ұстаздар тарапынан бар. Онлайн оқудың тағы бір басым ерекшелігі – уақыттың басым бөлігін ұтымды пайдалану. Ал, онлайн оқудың бізге берілген ең ұтымды әрі құндысы алыс жақын шетелдермен байланыстың еркін орнауы. Соның бірі және бірігейі Қазақстан Республикасындағы әлі ешқандай жоғары оқу орындарында болмаған Ұлыбритания мектептеріндегі ағылшын «Future lean» платформасындағы онлайн курсы. Университет басшыларының студенттерге сыйлаған керемет мүмкіндігі деп білемін. Себебі, бұл курсттың құны, білімі өте мықты. Дәл сол білімді бізге білім орданымыз тегін әрі қолжетімді түрде бере алды.

«Таяқтың екі ұшы болады» дейді халық даналығы. Кез – келген заттың бір пайдасы мен қатар зияны болады. Онлайн оқудың ең үлкен кемшілігі бұл – ноутбук, смартфон, планшет тағы басқада гаджет құралдарында көп отыру. Бұл адам денесіне ең алдымен көзге аса зиянын тигізеді. Сол себепті деп онлайн білім алудың белгі бір мөлшерде, немесе жаһандық аурулар туа қалған жағдайда тиімді екенін жоққа шығара алмаймыз. Оны өмір бойына пайдалану немесе болашаққа барлығы онлайн болу бұл менің ойымша дұрыс емес. Кез- келген адам өмірінде берілетін төрт жылдық студенттік кезді, нағыз студент

211 0
Мұсабек Сулеймен, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультеті «Қаржы және есеп» кафедрасы «Есеп және аудит» мамандығының 1-курс студенті Жетекшісі: Зейнегуль Тлеугабылова, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» Гумантарлық факультеттердің шет тілі кафедрасының аға оқытушысы Ұлы Дала Ұстазы № 000398
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: