Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1003

Мақтанышым – ҚазҰУ-ым

     Әрбір жанның бала кезінен армандаған мамандығы болады. Бірі – дәрігер болсам дейді, енді бірі – заңгер болсам дейді. Сол секілді менің де армандаған мамандыық иесі атануыма,  яғни аудитор болуыма білім ошағы үлкен үлес қосуда. Ол – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Бұл университетті таңдауыма себеп : Бұл университеттен рухани тұрғыдан да эксперт өте мықты тұлғаны қалыптастырып шығатынына нық сеніммен айта аламын. Және оқып шығуы және де өзімнің туған аға-әпкелерімде осы ҚазҰУ университетінде «Есеп және аудит»; «Қаржы», «Менеджмент»  мамандықтарында оқып қызыл дипломға бітіргені мен үшін алға қойылған мақсат, сол балалық арманның жетегінде кеткен ой қазіргі күні ҚазҰУ «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультеті «Есеп және аудит» мамандығының 1-ші курс студенті қылып бірақ шығарды. Қазіргі таңда елдегі жағдайға байланысты барлық 1-ші курс студенттерін бәрімізді онлайн оқу жүйесіне көшірілген болатынбыз. Онлайн оқу жүйесінің тиімді тұстары да,тиімсіз тұстары да бар. Уақыт үнемділігі роль ойнағанымен, оффлайн форматтың артықшылығы студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы барлығы керек екенін түсіндім.

    ҚазҰУ-да еліміздің түкпір-түкпірінен сонымен қатар алыс, жақын шет елдерден жиырма мыңнан астам студент білім алады.   Оқытушы-профессорлар құрамы – 2500 адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар. ҚазҰУ-да 7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғылыми-технологиялық парк, 5 институт, 30 әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми орталық, 14 факультет, 62 кафедра және 7 департамент жұмыс істеуде. Бакалавриат бойынша 81 мамандық, магистратурада 84 және PhD бойынша 64 мамандық бойынша мамандар дайындалуда.

    Іргетасы 1934 жылы қаланған Әл Фараби атындағы  ҚазҰУ баршаның көзайымына айналып үлгерді. Оған дәлел – көз тартар әсем табиғатымен, жанға жайлы жатақханасымен, жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жасақтандырылған оқу ғимараттарымен, демалыс саябақтарымен айрықша көзге түсетін – ҚазҰУ қалашығы. Сонымен қатар, мұнда студенттерге қызмет көрсететiн «Интернет орталығы», «Тамақтандыру комбинаты», «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан. Расымен де, осындай жан-жақты ресурстармен қамтамасыз етілген қалашықты елемей өтуге болмайды. Оған қоса, барша студенттің талантын, өнерін ортаға салуға мүмкіндік беретін киелі сахна төрі орналасқан Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы алыстан мен мұндалайды. Мұның бәрі - ерен еңбектің жемісі, жетістіктің айғағы, бірліктің көрінісі. Қалашықтың тамаша табиғатын сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес.

    Университет жанында сонымен қатар колледж, біліктілікті көтеру институты және түлектері қосымша әскери мамандық алып шығып, ҚР Қарулы күштері қатарында, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет етуге мүмкіндік беретін әскери кафедра жұмыс істейді.

    Мен – « Экономика және бизнес жоғары мектебі » факультеті, соның ішінде « Қаржы және есеп » кафедрасында мамандық бойынша білім алудамын. Біздің факультет ең алғаш құрылған факуьтеттердің бірі. Қазіргі уақытта « Экономика және бизнес жоғары мектебі » факультетінде 500  - дан астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады. Қаржыгер, есеп және аудит, менеджмент және өзін-өзі басқару мамандарын дайындауға жоғары маманданған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер ұжымы қатысады. 

    Балалық шақтан болашаққа жетелеп, жүректерімізге партиоттық сезім мен ақыл-білімін ұялатқан, білімге деген құлшынысым мен талпынысымды оятып, сапалы білім мен айнымас тәрбие алуыма барлық мүмкіндікті жасап жатқан Қаржы және есеп кафедрасының мұғалімдеріне айтар алғысым шексіз. Осы орайда факультеттің  деканы: Бимендиева Лейла Абдрашевна, э.ғ.д, профессор. «Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің » аға оқытушылары, доценттер: Тлеугалбылова.З.А; Инкарбаев.Е.Т; Арын.Д.А; Майлыкутова.М.Д; Әзизова.А.О; Аяззбаева.Г.Б; Бейсенбаев.Ж.Т; секілді өз ісінің нағыз шеберлерінен білім алып жатқанымды расында да мақтан тұтамын. Осындай ұстаздардың арқасында бүгінде кафедрамыздың жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері аз емес.  

    Осы мақаламды жазудағы менің негізгі мақсатым ҚазҰУ университетін, ондағы жайсаң ұлағатты ұстаздарды, қазіргі студенттерге заманауи жағдай жасалғандығын, ұлағатты ұстаздардың сабақ өту методикасын және де ең негізгі тақырып ол ешқандай Қазақ тарихында, Қазақстанның ешқандай мақаласында жарық көрмеген, талқыланбаған «Король Артур» фильмін сіздерге мағынасын ашып талқылағым келіп тұр. Жалпы бұл ағылшын фильмі болғанымен бір қызығы біздің еш жерде айтылмаған яғни бұрынғы  ата –бабаларымыз сарматтар жайлы фильм. Қазіргі күннің жастарына көруге кеңес беремін. Б.з.б 452 жылы «Каталония шайқасында» Римдіктер сарматтарға таң қалады. «Король Артур» фильмінен көшпенділер атойлап шыға келді. Рим империясы мен Сарматтар талай тайталасып, итжығыс соғыс болыпты дейді көне тарих. Содан бітімге келіп, Сармат ханы Римге өз баласы бастаған жасөспірім жеті жігітін сарбаздарымен берген. Кигіз үйден жылап шығарып салады аналары. Он бес жылға аманатқа. Бертіндегі Абылай хан тұсында да Жоңғармен бітімге келгенде, қазақ пен қалмақ өзегін жарып шыққан баласын, болмаса ет бауыр інісін аманатқа берген. Жоңғардың Әмірсанасын Абылайдың Қытайға да, Ресейге де ұстап бермеуі содан болар. Әлқисса, Рим империясының ең шалғай колониясы Британ аралдары екен. Содан Артур бастаған Сармат атты әскері Рим Папасының, императорының әмірімен Англияға кемемен түседі. Екі арада құрлық жоқ, көпір жоқ, бүгінгідей тоннель жоқ. Биттің қабығындай Британияңызға бәрі қызығыпты. Саксондар, шотландтар. Әйтеуір ағылшындар бүгін варварлар дейтін жабайылар. Ең тәуірі – бәрі жаяу-жалпылы екен. Сарматтың атты әскері соғысқа кіргенде жолындағының бәрін жайпап, ту-талақайын шығарып, тапап өтеді екен. Атқа мінгендері, найза ұстағандары, әсіресе садақ тартқандағы мергендіктері тура өзіміздің көшпенділердікі, қазақтікі. Қыл қысқасы, Рим империя­сының колониясын, сол жерге Папаның мұрагері болатын жас жеткіншекті қан кешіп жүріп қорғап қалған Артур Англияның тұңғыш королі болыпты дейді. Бүгінгі Ұлыбританияңызды Сармат бабаларымыздың асыл қанынан, текті тұяғынан жаралған Артур аман алып қалған. Бәлкім Артұр шығар (Арын, антын сатпайтын деген мағына бере ме?). Сарматтар (Ғұн дәуірінде) осы өзіміздің Арал мен Каспий теңіздерінің арасын мекендеген. Қымыз ішкен, жылқы етін жеген, тұлпарына үзеңгі таққан, шалбар киген, былғарыдан сауыт киген, садақ тартқан, жебесін жауына жеткізіп атқан, қайқы қылыш, көк сүңгі ұстаған, атойлап шапқан, антын, халқын сатпаған. Ата-бабаларымыздың өте текті халық болғаны айдан анық. Бұл фильмде жалпы оқиғаның қалай басталғаны барлығы анық көрсетілген. Бұнымен біз қазақ халқының, арғы тегіміздің текті екенін, намысшыл екенін тағыда көріп бойымдағы патриотизм, отаныма деген махаббат одан сайын арта түседі.

    Және де әлемдегі жаһандық пандемияға байланысты, жаһандану заманындағы озық технологиялар көмегімен біздің студенттік өміріміздің алғашқы парағы онлайн түрінде өтіп жатыр. Дәріс пен тәжірбилелік сабақтарды   Zoom және Teams платформаларында белсенді түрде жүзеге асып жатыр. Алғашқыда қалай болады екен деген күдік болғанын жасырмаймын. Уақыт өте келе бұл біз үшін, біздің денсаулығымыз үшін өте маңызды екенін түсіндім. Онлайн түрінде өткен сабақтарымыз түсінікті әрі қызықты. Оқытушыларымыз дәрістерді  кереметтей етіп озық технологиялардың көмегімен түсіндіруде. Елбасының «Рухани жаңғыру» аясында құндылықтарымыз бен тарихымызды тереңдей білу деп топшыладым. Одан бөлек ағылшынша сөйлеудегі кейбір ақаулықтарды жеңуде оқытушы берген фильмдер және деректі фильмдер көп әсер тигізді. Оқытушыларымызбен онлайн форматында өтіп жатқанымызға қарамастан камера арқасындда дос болып кеттік және әрқашан кері байланыс ұстаздар тарапынан бар. Онлайн оқудың тағы бір басым ерекшелігі – уақыттың басым бөлігін ұтымды пайдалану. Ал, онлайн оқудың бізге берілген ең ұтымды әрі құндысы алыс жақын шетелдермен байланыстың еркін орнауы. Соның бірі және бірігейі Қазақстан Республикасындағы әлі ешқандай жоғары оқу орындарында болмаған Ұлыбритания мектептеріндегі ағылшын «Future lean» платформасындағы онлайн курсы. Университет басшыларының студенттерге сыйлаған керемет мүмкіндігі деп білемін. Себебі, бұл курсттың құны, білімі өте мықты. Дәл сол білімді бізге білім орданымыз тегін әрі қолжетімді түрде бере алды.

   Белгілі бір мамандық иесі атанып, өмір жолына енді ғана қадам басқалы отырған біздер осы уақытқа дейінгі білім беріп, тәрбиелеген ұстаздарымыздың сенімін ақтаймыз деген үміттемін. Барлығымыз сіздер сияқты білікті маман болатындығымызға біз сенеміз.

     Осындай сан мүмкіндіктерге толы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті атану - асқақ арман, үлкен бақыт, зор мәртебе. Сондықтан біз үшін осы оқу орынында білім алу - үлкен абырой, үлкен мақтаныш!         

          Мәңгілікке жасай бер, өркендей бер, гүлдене бер ҚазҰУ-ым.

 

216 0
Бекасыл Маден, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультеті «Қаржы және есеп» кафедрасы «Есеп және аудит» мамандығының 1-курс студенті Жетекшісі: Зейнегуль Тлеугабылова, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» Гумантарлық факультеттердің шет тілі кафедрасының аға оқытушысы Ұлы Дала Ұстазы № 000396
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: