Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1002

Физика құбылысы Шәкәрім шығармаларында

 

Жалпы физика дегенде біз күнделікті өмірден аулақ ең күрделі ғылым саласында елестетеміз. Оны қиын нәрсе санаймыз. Өйткені, көпшілігіміз физиканы дұрыс түсіне білмейміз. Ал шын мәнінде біз күнделікті өмірде физикалық құбылыстарды көріп, онымен араласып жүрміз. Мысалы, ондай құбылыстарға шәйнектегі судың қайнауы, көкпардағы аттың шабысы, аспандағы ай мен күннің шығуы мен батуы т.б. жатады. Тереңдей берсек физиканың қызықты да, қызғылықты жақтары көп. 

Мысалы, әдебиет пен физика пәндерін алайық. Физика - адамның табиғат заңдарын танып білуге деген табиғат ұмтылысын түсіндіретін табиғат жайлы ғылым. Ал әдебиет сол апйда болған құбылыстарды әсерлеп, суреттеп жеткізеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының кез-келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ.

Осы орайда көп жылдар бойы ескерусіз қалған Шәкәрім атамыздың өлеңдері бойынша өлеңнің физикалық тұрғысынан шешімін табуға тырыстық.

Жалпы алғанда нәрсенің бәрін екіге бөліп қарастырамыз: табиғи нәрсе және жасанды нәрсе. Табиғи нәрсенің бар болу белгісі қозғалыс болып табылады. Ал қозғалыс деп кез-келген табиғи нәрсенің түрленуін, өзгеруін, орын ауыстыруын айтамыз. Оны Абайдың төл шәкірті, тікелей ізбасары және туыс інісі. Шәкәрім дүниетану жайындағы толғаныстық өлеңдерінде қозғалыс және оның әлемтанудағы алатын орны туралы өз ойын «Тау басындағы ой» өлеңінде былай тұжырымдайды:

Аспандағы ай, жұлдыз бәрі - айланды,

Жалғыз-ақ Темірқазық тапжылмайды-ау.

Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы,

Шынында дөңгеленген жер жүрісі-ау.

(Шәкәрім. Шығармалары, Алматы, «Жазушы» - 1988, 199 бет)

Шәкәрім осы өлең жолдарымен жұлдыздардың, планеталардың және басқа аспан денелерінің қозғалысын да, ондағы өзгерістер мен процестерді бір өлең жолдарына сыйғызған...

Шәкәрімнің тағы бір өлеңінен үзінді келтірейік:

Жаралыс басы - қозғалыс,

Қозғауға керек - қолғабыс.

Жан да мейлің бір мән де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемді сол мән жаратқан.

(Шәкәрім. Шығармалары, Алматы, «Жазушы» - 1988, 230 бет)

Осы өлең шумағындағы: «Жаралыс», «қозғалыс», «қолғабыс», «жан», «мән», «қуат», «әлем» ұғымдарының біліми мағыналарын, олардың қолданыстарын физика пәнінен терең түсіне бастадық.  Әлемдегі барлық нәрсе мен құбылыс тек қозғалыстан туады және қозғалыстан тұрады деген ғылыми тұжырымдық ой расталды. Бұл біліми ойды Шәкәрім: «Жаралыс басы - қозғалыс» деп анықтаған. Физика пәнінің кинематика және динамика саласы қоғалысты тудыратын және сақтайтын бас себепші ол - күш деп оқытады. Мұны Шәкәрім Құдайбердіұлының тілінде айтсақ қозғалысқа қолғабыс жасаушы басты себепші жанның немесе басқа бір мәннің қуаты болып саналады. 

Шәкәрім өзінің «Үш анық» атты дүниетанымдық шығармасында: «Нұр дегеніміз жарық» деп анықтаған. «Нұр - жарық» деп анықтағаннан кейін, Шәкәрім, өз ойын былайша өрістетеді. «Нұр Күннен не оттан шықса да, жан-жағының бәріне күлтеленіп шығады. Нұр бір секундта 300 мың шақырым жүреді. Күннің нұры жерге 8 минут 17 секундта келіп жетеді. Күннен де алыс кейбір планета - жұлдыздың нұры жерге 300 жылда жететіні бар деп келтірсе. 

Ал, жерлесіміз Шәкәрім Құдайбердіұлы жарықтың таралуы туралы өз ойын Тау басындағы ой өлеңінде данышпандылықпен жеткізе білген.

Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,

Сегіз минут, шерікте жерге барып.

Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,

Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып. 

Осы өлең жолдарын физикалық тұрғыдан дәлелдеу үшін Рымкеевич есептер жинағындағы №1005 есепке тоқталайық. *Жарық күннен жерге дейін қанша уақытта жетеді? Есептің шарты бойынша уақытты табу үшін Күн мен Жердің арақашықтығын жарық жылдамдығына бөлеміз яғни, t=l/c, мұндағы жарық жылдамдығы c=3·108 м/с, Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық - 1,496·1011 м. Сан мәндерін формулаға қойып есептейміз. Физиканың заңдары ашылмай тұрып жарық күннен сегіз минут, жиырма секундта түскенін өз заманында ойшыл ақын Шәкәрім өз өлең жолдары арқылы дәлелдеген.

Шәкәрімнің мына бір өлең жолдарын қарастырсақ,

Шымды жерде көресіз қара топырақ.

Шіріген шөп, тозаңнан болған құрғақ.

Егер оған дым тиіп, күн жылытса,

Жан кіріп, шөп шығады гүл - жапырақ.

Өлген шөптің күлі еді тозған тозаң,

Онан тағы не шықты, байқа, бірақ.

Әлемде жоғалатын ешбір зат жоқ,

Өзгеріп, түрленеді, ойла, шырақ.

(Тау басындағы ой. 200 бет)

Бұл өлең жолдарында энергияның сақталу және айналу заңын Шәкәрім өз тілінде көркемдеп айнытпай дәл жеткізген. 1847 ж. Неміс ғалымы Г.Гельмгельц белгілі ғылыми мәліметтердің негізінде, көптеген механикалық, жылулық, электр, жарық құбылыстарындағы және химиялық процестердегі энергияның айналуын теория жолымен зерттеп және табиғаттың жалпыға ортақ заңы ретінде энергияның сақталу және айналу заңын тұжырымдады. Ол былай айтылады: Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады. Осы Шәкәрім деректерінің баршасы бізге, физика пәнінен танымал шындықтар.

Біз Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын сүйіп оқимыз. Шәкәрімнің кез-келген өлеңдер шумағын алып қарасаңда физикалық құбылыстарға толы. Мақаламызды «Шәкәрім және физика» - деп алу себебіміз Шәкәрім шығармаларындағы табиғаттың кескін-келбеті оның ішінде әсіресе физикалық құбылыстардың жанды бейнеленуі. Ол физикалық құбылыстарды әсерлеп, суреттеп жеткізеді.

Өз заманында Шәкәрім Құдайбердіұлы ақын, ойшыл, композитор, аудармашы, ғұлама ғалым ретінде танылса, оның еңбектерін физикалық тұрғыдан терең ұғына келе Шәкәрім философ ғалым дер едік.

Сөзімізді қорыта келе Шәкәрім ХІХ ғасырда өмір сүрсе де ғылымның терең сырын оқып, біліп оны өз өлеңдерінде шеберлікпен жеткізе білген дей келе «Шәкәрім - физик» дер едік.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ш.Құдайбердіұлы. Шығармалары, Алматы, «Жазушы» - 1988, 199 бет.

2. Ш.Құдайбердіұлы. Шығармалары, Алматы, «Жазушы» - 1988, 230 бет.

3. Ш.Құдайбердіұлы. Үш анық, Алматы, «Қазақстан» - 1991, 9-10 беттер.

4. Шәкәрім. Аталмыш шығармалары, 227 бет.

5. Ш.Құдайбердіұлы. Шығармалары, Алматы, «Жазушы» - 1988, 265 бет.

271 0
Куралай Акманова, Маншук Есимжанова, №181 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімдері Ұлы Дала Ұстазы № 000395
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: