Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1000

Робототехника: заманауи білім

Соңғы жылдары елімізде робототехника курсы танымал болып келеді. Республикамыздың мыңдаған білім мекемелері робототехника элективті курс ретінде мектеп бағдарламасында қолданылады.   Дәл осы курстың өзге шығармашылық үйірмелер мен техникалық курстарға ұқсамайтын өзіндік тұлғаны қалыптастырушы ерекшелігі бар.

Сол себепті, біздің білім ордамызда оқушылардың ғылыми – техникалық бағытта сапалы білім алуына үлкен көңіл бөлінеді.

Робототехника – роботтардың құрылысы, жұмыс істеу принципі және қолданылуын, олардың басқару, сезіну мен мәліметті өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен ақпараттық технология ғылымдарының біріккен саласы. 

Робототехника оқушыларға не үшін қажет?

Біріншіден, бұл оқушыларды жоғары технологияларға толы болашақ өмірге әзірлеудің бірден – бір тәсілі. Роботтар - өндірістік технологиялар ретінде,  біз тұтынатын теледидар немесе телефон сияқты қалыптасқан затқа айналды. Болашақ заманауи өмірде роботтар адамның бірқатар қауіпті және ауыр жұмыстарын өз мойындарына алатын көмекшілеріне айналмақ.

Екіншіден, білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін робототехника курстарын жүргізу. Мектеп бағдарламасында роботы құрастыру– берілген тапсырмалардың жауаптары жоқ шығармашылық жұмыс. Сондықтан да оқушы жаңаны құру үшін, өзінде бар білімін пайдаланады.

Үшіншіден – оқушының өзіндік дара тұлға болып дамуына негізделген шығармашылық – техникалық іс-әрекеттік тәсіл. Ақпараттық технологиялар заманында еркін өмір сүретін жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі күні  робототехника курсы информатика, физика, технология, химия, биология және т.б пәндер бойынша білім алуда жоғары көрсеткіштерге жетуге, сонымен қатар, инженерлік – техникалық сала бойынша мамандық таңдауда танымал және нәтижелі құрал болып табылады. 
         Физика пәнінде робототехниканы қалай қолдана аламын?

Күнделікті өмірде, мектепте,  қоғамдық орындарда  біздің айналамызды түрлі планшет, смартфон, телевизор, автоматты кір жуу машинасы тәріздес техникалық құралдарды кездестіруге болады. Әрине  оқушы оны іске қосуды және қолдануды біледі. Бірақ көпшілігі ол құрылғының жұмыс істеу приципін түсіндіре алмайды. Осы жерден «робототехниканың күнделікті өмірімізбен қандай байланысы бар?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап алу үшін, роботтың не екенін түсіну керек. Робот – белгілі бір функцияны орындау үшін  бағдарламаланған автоматтандырылған механизм. Яғни, үйіміздегі автоматтандырылған кір жуу машинамыз киімді таңдалған тәртіппен жуу үшін бағдарламаланған робот. Сонымен, мектептегі робототехника бағдарламасы осындай техникалық құралдардың жұмыс істеу приципімен жақын танысуға  және оқушылардың техникалық бағытта білімді,   мобильді болуына мүмкіндік береді. 

Физика сабағында робототехника мүмкіндіктерін пайдалануда келесі педагогикалық мақсаттарға жетуге болады: 

  1. Робототехниканың  демонстация көрсете алу мүмкіндігі ғылыми – техникалық прогресстің негізгі бағытына айналады.
  2. Физика сабағында жоба жұмыстарын үйымдастыруда немесе пайдалануда заманауи техникалардың көмегімен демонстрациялар көрсетіледі.

Білім сапасын көтерудегі робототехниканың рөлі: 

  1. пәндік білімнің кеңейуі және тереңдетілуі;
  2. эксперименттік қабілеттерінің дамуы;
  3. қолданбалы физика саласында білімнің шексіз дамуы;
  4. техникалық құрастыру, жобалау, модельдеуде қабілеттің пайда болуы;
  5. оқушылардың пәнге деген талпынысы мен қызығушылығының артуы;
  6. инженерлік – техникалық сала мамандықтары бойынша бағыт – бағдар алуы.

Білім беру саласында жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына байланысты роботтарды оқу үрдісінде келесі жұмыс түрлері үшін пайдалануға болады:

  1. Сабақта орындалатын жұмыстар: өлшеу, жобалық жұмыс, демонстрациялық эксперимент, зертханалық жұмыстар, практикалық жұмыстар.
  2. Элективті курстар, үйірмелер. 
  3. Зерттеулер, ғылыми жоба жұмыстары, онлайн және оффлайн конкурстар.

Қазіргі заманда технологиялар бір орында тұрмайды. Болашақта сіздің балаңыз немесе оқушыңыз ең қатерлі ауруды емдей алатын нанороботты құрастырып шығуы мүмкін. Сондықтан, мектептегі робототехника курсы -   болашақта заманауи технологиялардың    қарқынды дамуына әкелетін ең үлкен қадамы.

288 0
Жұлдыз Бейсебаева, «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000393
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: