Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген даналық бар. Өмірге бағдар беру, болашаққа нық сенімді азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.Осындай ұлағатты ұстаздың тәрбиесін менде алып келе жатырмын.
Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Гульжан» бөбекжай балабақшасының құрылтайшысы Ускенова Камила Мельдеханқызының педагогтық қызмет атқарғанына отыз екі жыл болыпты.
Ол кісі ұжымның педагогтік жұмыстарды ұйымдастырып жүргізу қабілетіне, жеке тәрбиешілердің ізденісіне, білімділік, тәрбиелік деңгейіне аса мән береді.
Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санайды. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай әр педагогтың болашағы үшін алаңдайтын апайымыздың еңбегі еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсе де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтпайды. Ол кісі үнемі ізденіс үстінде жүреді. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады. Ұстазымыздың «Еңбек озаты» «Білім ісінің үздігі» «Ыбырай алтынсарин төсбелгісі» «Білімге зор үлес қосқаны үшін» деген төсбелгілері бар. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» десе, мен абырай мен даңққа кенелуміне ұстазым Ускенова Камила Мельдеханқызына қарыздармын деп айтар едім. Өйткені жас ұрпаққа терең білім беруге ұстазым бар мүмкіншілікті жасап беруде.
Барлық топта жаңа ақпараттық технологиялармен толық қамтылған.
Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет. Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын. Менің алдыма қойған мақсатым; Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру. Мақсатым орындалу жолында ізденудемін. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.
Жаңа педагогикалық технология кәсіби шеберлікті арттырудың негізі болып табылады.
"Жаңадан бастау" "жаңарту", "өзгерту" деген мағынаны білдіретін педагогикалық технологияның басты белгілерін былай тұжырымдауға болады:
-Оқыту үрдісінде жүзеге асатын келелі де маңызды педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;
-Педагогикалық жаңаландыру мәселелердің жаңа шешімін ұстанады;
-Педагогикалық жаңаландыру жаңа педагогикалық үрдісінің жаңғыруына қол жеткізеді;
Білім беруді ақпараттандыру технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыратын жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.
Педагогикалық технологиядағы басты міндет-баланың танымдық әрекетін жандандыра отырып,педагогтың кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады.
Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық
жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, білім құштарлығын таныту. Әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын, ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру әрбір педагогтың абыройлы борышы.Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын (ынта,ұмтылыс)тудыру; ақпараттық-коммуникативттік технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; топтағы әр деңгейлі балалар ескерілуі керек; өзіндік пікір,идеялар,тұжырым,түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; балалардың өзінің үйренгені мен өз түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио,видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта,интернеть, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпарат банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс -әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалануға болады.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды көрнекіліктер, электронды ойыншықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.
Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.Өйткені , балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге , ойыншықтарға ,әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық құрал электронды оқулықтар бала үшінде, тәрбиеші үшінде күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын
қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімнің сапалы болуына жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген,әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік,ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жеке жұмыстар әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде, тәрбие сағаттарында жүргізіледі.Ән,би үйрету арқылы,әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы,білуге қызығушылғын оятуға болады. Сондай-ақ баланың танымы тек таным қызметінде ғана емес,сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде де орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс-тәсілдері баланың қабілетін арттырып,танымдық қызығуын оятады.
Қазіргі таңда оқу тәрбие үрдісінде, балалардың оқу танымдық іс-әрекетін белсенділігінің тиімді жолдары мыналар:
-танымдық дидактикалық ойындар;
-әңгімелеу,қызықты математика
Мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып еңгізілуде.
-Ынтымақтастық педагогикасы;
-білім беруді ізгілендіру;
-ойын арқылы оқыту;
-проблемалық оқыту;
-модульдік оқыту;
-тірек сигналдары арқылы оқыту
-дамыта оқыту;
-оқытудың компьютерлік технологиясы;
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ.
М\ы: Мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктері қамтамасыз ету.Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесін терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазақстан республикасының мектепке дейінгі жалпыға міндетті білім беру стандары бойынша базалық білімін бекітіп,әрі қарай жетілдіріп,олардың танымдық дамуын арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіншілік тудырады. Өз тобымда топ балаларына арналған мультимедиялық орталық жалпы ақпарат бұрышы жұмыс істейді. Балалар аталған орталықта компьютерді қолдану,компьтер арқылы тапсырмаларды орындау, кеңістікті бағдарлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, мозайкамен жұмыс жасай отырып,ойлау қабілеттерін жетілдіру, сурет салу, қуыршақты киіндіру,әсемдеу,боямақпен жұмыс істеу, гүлдерді күтіп баптау,қоршаған ортамен танысу.Осы аталған жұмыстардың бәрі ақпараттық құрал компьютер арқылы жүргізілуде.Мысалы заманау электронды ойыншықтардың ішінен атап айтсақ,өлең айтатын қуыршақ, компьютер,электронды әліппе, электронды кітап, электронды карточкаларды т.б. айтуға болады.Осы электронды ойыншықтарды үнемі оқу –іс әрекетінде пайдаланып келемін. Бұл электронды ойыншықтар балалардың есту,сезу,ойлай қабілеттерін,психологиясын,көру,ой-өрісін дамытады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа,өз тәжірибемде мынандай бағыттарын ұсынар едім:
-Илюстративті (насихаттық) көрнекіліктер
-Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету
-Слайд шоу,ертегілер
-Электронды ойындар
-Электронды логикалық тапсырмалар
-Ғажайыпстанға саяхат.
-Электронды слайд шоу
-Электронды дыбыстар
Қазіргі таңда мақсатым анық.Шәкірттерге сапалы білім беру жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отыру, бойымызға сіңіру.Шәкірт тәрбиелеген ұстаз атына кір келтірмеу!
«Гульжан» бөбекжай балабақшасының директоры К.М.Ускеноваға арнау:
Сиқырлы қалам жазды күз туралы,
Өзім жайлы болады бір шумағы.
Күрең күз жақсылығын сыйлап келе жатыр,
Мына алуан өмірге біз туғалы.
Тайталасқан өмір ғой күресі мың,
Қалай естен шығарам жақсы есімін.
Күз айында келіп ем бұл бақшаға,
Ақтасам деп ұжымның бар сенімін.
Бір жылға толып қаптау мен келгелі,
Бөліп-жарып көрмеді шын керегі.
Төртеуінде түгелдеп төбедегі,
Әрине басшымыздың бұл еңбегі.
Көкейімді кейде толы шер қысқанда,
Арманым жапырақтай жерге ұшқанда.
Үрледі сөніп қалған бір сәулені,
Алға қарай жету үшін бір мақсатқа.
Баубақша тамаша ғой өз гүлімен,
Әр бір жан жүрсе екен өз ізімен.
Адамдардың аңсаған дүниесі,
Дәл осылай жетсе екен мезгілімен.
Әкем асыл жан еді, шешем мықты,
Мен солардан алып ем тектілікті.
Сүрінгенде демеген, жылу берген,
Сыйлаймын, сыйлап өтем бұл кісіні.
Ия, өмірде бұл күнде бәрі шалғай,
Заманның байқаймын ғой зары сондай.
Үйірінен адасқан бір құлынды,
Топқа қосқан айналайын апайым ай!