Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI993

Үш жастағы балалардың даму ерекшеліктері

Үш жас ерекшелігі-бұл, ең алдымен, баланың жеке басы мен оның айналасындағы адамдар арасында болатын қарым-қатынастарға  шақырулар болып табылады. Бұл кезең ересектер   баланың дербес болуға деген ұмтылысын елегісі  немесе байқағысы келмей, баланың белсенділігін, бастамасын тежеп, қарым-қатынастың авторитарлық түрін жөн көрген кезде ғана ауыр болады.

Өмірінің үшінші жылының соңында бала өзін жеке адам ретінде ашып,  басқа адамдардан бөлек өзінің әртүрлі тілектер мен әрекеттерін сезініп, өзі пайдалана алатын ерікке ие екенін түсіне бастайды. Осы кезеңде онда ерік білдіруге деген ұмтылыс пайда болып,  өз қалауын ересектердің қалауына қарсы қоя қойып, талап етуге тырысатын болады. Сонымен бірге ол заттар мен адами қатынастар әлемін өзгерте алатынын және өзінің іс-әрекеті мен қиялын басқарып, өз күшінің, тәуелсіздігінің  артып келе жатқанын сезініп, үлкендердің шектеулеріне тікелей қарсылық білдіре бастайды және және барлық жерде өзінің пікірін қалыптастыруға тырысады. Үш жасқа таман бала "Мен өзім" деген сана қалыптасады. Екі жарым-үш жарым жас аралығындағы балаларға кейде "негативизм сатысы "немесе"алғашқы ересектену" деп аталатын белгілер тән болады.

3 жастағы баланың мінез-құлқына тән негізгі белгілер:

Негативизм баланы өз қалауына қарсы әрекет етуге мәжбүр етеді. Бала өзінен өтініш етіп сұрағанды жасағысы келмегеннен емес,  өзінен осы туралы сұралғаны үшін жасаудан бас тартатын болады. Бұндағы баланы қозғап отырған басты уәж –  сұрағандай емес, оған керісінше жасау болып табылады.

Тіл алмаушылық. Негативизм тіл алмаушылықтан өзгеше болады. Бағынбау кезінде бала өтініштің мазмұнына қарсы  болып, ересек адамның нұсқауларын орындамайды, себебі, ол өзі үшін ол уақытта  сіз тапсырғаннан да қызық нәрсені тапқандай болып көрінеді. Тіл алмау кезінде бала ересек адамның қалауына қарсы қарсы жүрсе, негативизм кезінде бала өз қалауына қарсы жүреді. Негативизм әлеуметтік сипатқа ие және бұл өтініштің мазмұнына емес, адамға бағытталған болады. Негативизм кейде таңдамалы болады: бала қолайсыз мінез-құлықтарын барлық адамға емес, белгілі бір адамдарға көрсетіп, олардың өтініштерін орындаудан бас тартады, мысалы, тек анасының немесе әкесінің айтқандарын орындамайтын болады.

Ал басқа адамдармен ол өзін көнгіш  және тілалғыш секілді ұстайды.

Қыңырлық - бұл баланың қалағанынан емес, талап еткенінен туындайтын дегеніне көндіргісі келетін реакциясы болып табылады. Көбіне ата-аналар  "кім кімді" деген позицияда тұрып алып, жағдайда одан сайын ушықтырып, бала қыңырлығының көріністерін бекітіп, туындаған жанжалды жағдайдан абыроймен шығуға мүмкіндік бермей, баланы баланы тығып тастайды. 

Асаулық - негативизмнен қандай да бір адамға қарсы емес, өмір салтына қарсы, бұған дейін оны мінез-құлқын анықтаған бір жаққа емес, ережелерге қарсы бағытталғандығымен ерекшеленеді. Бұл баланың бұрын ісі болған нәрселерге қарсы жасағысы келетін жасырын бүлігі.

Өз бетімен болу (қасарысу) – бала қолынан келмесе де барлығын өзі жасағасы келгенде көрінедіжәне оның  тәуелсіздікке бейімділігі осымен ерекшеленеді.

Наразылық - бала басқалармен соғысып жүргендей  барлық мінез-құлқы наразылық сипатқа ие болумен ерекшеленеді. Бүлікті наразылық- көбіне ата-аналармен жиі болатын   жанжалдарға әкеледі.

Заттарға, адамдарға, мінез-құлық ережелеріне деген бұрынғы ынтықтығының құнсыздануы. Бала осы уақытқа дейін үйде айтылмай жүрген балағат сөздерді қолдана бастауы мүмкін. Сөйлеулерінде тек барлық жаман мен теріс мағынаны білдіретін сөздер пайда болады. Жақында ғана сүйікті болған  ойыншықтары мен кітаптары құндылығын жоғалтып,  бала оларды лақтырып, жыртып, оларға қолайсыз теріс атауларды беруі мүмкін.

Деспотизм - бұндай қолайсыз жағдайлар көбіне жалғыз баласы бар отбасыда көрініс алып жатады. Ол  қоршаған ортаны билеп-төстеуге тырысып, барлық тілектері орындалған сәби күндердегі бар дегендері «ләпбай» болып орындалатын  күндерді қайтарып алуға тырысатынболады және бала  үйдегі ахуалдың «патшасы» болғысы келеді.

Қызғаныш. Егер отбасында бірнеше бала болатын болса, бұл симптомды қызғаныш деп атауға болады. Бала әлі де билікке ұмтыла отырып,  билікпен бөлісуге мәжбүр болған бауырластарынан қызғанышын  жасырмайтын болады.

Ата-аналарға ұсыныстар

Балада болып жатқан өзгерістерге тиісінше мән беруге тырысыңыз:

  1. баламен болған авторитарлық қарым-қатынас стилін гипер-қамқорлыққа,  серіктестік қарым - қатынасқа ауыстырыңыз;
  2. балаға дербестікті (ақылға қонымды шектерде) беріңіз;
  3. эмоциялар мен агрессивтіліктің өршуіне қатысты ақыл танытыңыз;
  4. бала агрессиясын ол қажет етпегендей етіп кейінге қалдыруға немесе елемей, жалған жасыруғанемесе бір нәрсеге ауыстыруға тырыспаңыз және оны талқылап көріңіз

Балалар агрессивті сезімдерді қалай жеңеді?

  1. Дұшпандық басқа адамдардан немесе заттардан тысқары бағытталады. Мысалы, бала кубиктерден көпір салуға тырысып, бірақ ол  сәтсіз шықанн кезде ол барлық конструкцияны негізіне  дейін қиратып тастайды немесе  бала осы жағдайға кінәліге «Сен, сен кінәлісің  Мұны сіз жасадың " деп кінә артады немесе
  2. Агрессия үшін жауапкершілікті өзіне жүктеп, ашу танытып, өзін-өзі сынап, өзін-өзі айыптап, өз-өзін жеп жазалайтын болады. Бұл бала басын түсіріп, «бұл менің кінәм, осының барлығы менің кесірімнен болды» деген секілді солғын болып, жаза күтіп,  басынан уайымды өткереді. 
  3. Агрессивті аспект басылып тасталады. Бұл әдіс агрессияны тудыратын жанжалдың құнсыздануын қамтиды. Мысалы, бала құлап құлап, соққы алса  "Ауырған жоқ", "Ештеңе етпейді, жазылып кетеді" дейтін болса, немесе ойыншығынан айрылған  бала  "менде тағы да ойыншық бар"  немесе  ойынға қабылданбаған бала: "онда мен басқа ойынды ойнаймын  "дейтін болса жанжалды ситуация құнсызданып кетеді.

Жоғарыда сипатталған агрессивті сезімдерге сәйкес келетін әдістердің әрқайсысы белгілі бір жағдайларда орынды болуы мүмкін. Ата-ананың рөлі-балаға  кейде басқалардың кінәлі болатынын, кейде оның кінәлі болатынын, ал кейде баланың асыра көрсетіп жіберген сезімдерінің кінәлі болып жататынын түсіндіру болып табылады. Сол кезде  бала өзінің агрессиясын немесе ашуын қажетті арнаға бағыттауға және кейінгі өмірде өзінің агрессивті тенденцияларын қолайлы түрде реттеуге мүмкіндік алады.

376 0
Даманбаева Гүлжан Русланқызы Алматы қаласы Әуезов ауданы Ар-Дана балабақшасы. Ұлы дала ұстазы № 001401
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: