Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI992

Тәрбиеші болу бір – бақыт

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегеніме еш өкінбеймін. Балаға бағыт- бағдар, тәлім тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Балалармен жұмыс жасау –үлкен бақыт.Себебі,тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш , шаттық сыйлайды. Қуаныш демекші таңертең әрқайсысы келіп сәлемдесіп ,қайырлы таң апай деп еркелеп ,бір бала құшақтап еркелегенде сондай өзіңді бақытты сезінесің.Мен сізді жақсы көремін апай немесе сағындым деген сөздерін естігенде бойым бір серпіліп қалады. Себебі менің бұл да болса балаға деген құрметімнің арқасы деп ойлаймын. Балабақшадан балалардың алатын тәрбиесі көп деп ойлаймын. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бірі жылдам болса бірі баяу, бір бала өзімен- өзі отырғанды жақсы көреді. Балаларға  бір нәрсе болса да үйрете алсақ,соның өзі бізге және ата-аналарға үлкен қуаныш. «Адамды тәрбиелеу демек оның екінші қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» А.С Макаренко. Біз балаларымыздың болашағына жауапты жандармыз. Балабақшадан балалардың алатын тәрбиесі көп. Бұл жолда үлкен ізденіс,парасат қажет. Ендеше тәрбиеші әр күнді ізденіспен өткізуі қажет.Ертеңгі балаларымыздың болашағын ойлауымыз керек. «Ұстаз-бағбан,бала –гүл» деген  қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы.Осы қағиданы ата-ана мен тәрбиеші бірігіп пайдалансақ , балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. «Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға»деп ұлы Абай атамыз айтқандай ,менің де осы мамандық  иесі атанғаныма тоғыз жыл толыпты. Осы жылдардың ішінде қызығы мен қиындығы қатар жүрді. Шын жүректен қалаған мамандығың әр кезде жақсы жетістікке апарары сөзсіз. Ал, тәрбиеші болу –айтуға оңай болғанмен , осы салада еңбек етіп жүргендер жандар түсінеді деп ойлаймын.тәрбиешілер елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші.
 Бүлдіршіндерім балабақшаға бар ынтасымен ,қуанышты көңілмен келсе , мақсатым орындалды деп , өзімді бақытты ұстаз, бақытты тәрбиешімін деп сезінемін.Өз мамандығымызды сүйейік!

Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз,4 жылдан аса тәрбиешілік еңбекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен барлық ақ ниетіммен бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын

202 0
Минтай Айгерим Сарсенғалиқызы Ар-Дана балабақшасының тәрбиешісі Алматы қаласы М. Әуезов ауданы Ұлы дала ұстазы № 001400
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: