Білім беру саласы: Таным.Қатынас.Әлеумет.
Оқу қызметінің түрі:Қ.М.Ұ.Қ, Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Жыл бойы не үйрендік?»
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін пысысықтау.«Дидактикалық ойындар» арқылы ой-өрістерін,танымдық қабілеттерін кеңейту.
Білімділік: Балалардың айнала қоршаған орта туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды табиғатқа оның әсемдігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,қамқор болуға тәрбиелеу.
Жаңа технлогия: «Асық технологиясы»
Көрнекіліктер:Слайд
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті |
I.Кіріспе бөлім | Шаттық шеңбері: Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Жақсы – жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық! Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. -Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Балалардан жыл мезгілін және оның ерекшеліктерін сұрау.
Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл? Маша: Саламатсыздар ма балалар -Саламатсызба Маша! Маша:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме» Тәрбиеші: Жоқ Маша, бұл жер балабақша. Маша: Балалар мен досым аюды жоғалтып алдым. Маған көмектесіңдерші.Досымды іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, досыңды «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлемін» таба алмай адасып, осы жерге кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме? Тәрбиеші: Еш уайымдама, Маша Қане балалар Машаға көмектесеміз бе? Тәрбиеші: Олай болса балалар Машаны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба? Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. |
II.Негізгі бөлім | Тыныштық сәті: Балалар бойымызды тік ұстап,қолдарымыздан ұстап,көздерімізді жұмайық. (табиғаттың, кұстардың сайрағаны, судың сылдырап аққаны дыбысы естіледі) -Балалар не естідіңдер? -Демек біз табиғат аялдамасына келдік. -Балалар бізді қоршаған орта қалай аталады? -Табиғат нешеге бөлінеді? -Кім атап береді? -Не үшін жанды табиғат деп аталады? -Жанды табиғатқа нелер жатады? -Ал неге жансыз табиғат дейміз? -Жансыз табиғатқа нелер жатады? Осы табиғат туралы кім таппақ айтады?
Балалар арі қарай бойымызды тік ұстап,қолдарымыздан ұстап,көздерімізді жұмып,келесі аялдамаға барайық. 2. «Математика» аялдамасына келіп қалыппыз. -Балалар мана біз жыл мезгілдері туралы айтып кеттік, қазір жылдың қай мезгілі дедік? -Көктемде далада нелер өседі? Біз қандай гүлдерді білеміз? -Гүлдердің түстері қандай? Қәне осы гүлдерді тура және кері санайықшы. Ал енді орыс тілінде санайықшы. Балалар осы математика аялдамасында менің ойыма қызықты ойын түсті,ойнап көремізбе? Ойын: «Асық терапиясы» деп аталады. Шарты:Түрлі асықтарды түсіне қарай жіпке тізбектеп,оны санау. Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып шайқалған. Қазым,қазым қаңқылда Көлде жүзіп салқында, Жем шашайын жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе? -Жоқ!жоқ! Кәмпит тәтті,болмас ас Арпа менен бидай шаш.
Балалар арі қарай көздерімізді жұмып, бойымызды тік ұстап,келесі аялдамаға барайық. 3. «Жұмбақтар»аялдамасы екен. Жұмбақ шешуге дайынбыз ба? Көктемде келіп, күзде кетеді, Жаздай бауда әндетеді. Ол не екен балалар? Дұрыс айтасыңдар, жауабы құстар. Құстар сөзін екі тілде айтайықшы? Құстар нешеге бөлінеді? Олар қандай? Үй құстарына қандай құстар жатады?
Дала құстарына қандай құстар жатады? Құстар тірі табиғатымыздың бірі. Олар өседі, көбейеді.Құстар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкестерден қорғайды осының арқасында өсімдіктеріміз, ағаштарымыз жайқалып өседі. Сондықтан құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Құстар туралы мақал-мәтел кім айтады? Маша біздің балалар досыңды табуға жақындаған сияқты.Қазір досыңмен қауышатын боласың.
4-ші аялдама «Дидактикалық ойын:» аялдамасы. Ойын ойнаймызба? 1.Ойын: «Артығын тап» Шарты:Берілген заттардың ішінен артық затты тауып атау. 2.Ойын:«Мозайка» Шарты:мозайка қиындыларын біріктіру арқылы белгілі затты құрастыру. Маша : Алақай, алақай менің досым табылды. Балалар қараңдаршы біз Машаның досы аюды таптық. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық. Маша: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп,досымды табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Мен осындай тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Сау болыңыздар! |
III.Қорытынды бөлім | Жарайсыңдар балалар! -Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? -Бізге көмек сұрап кім келді? -Біз Машаға кімді табуға көмектестік? -Біз аюды іздеп қайда бардық? -Cендерге тапсырмалар,ойындар ұнады ма? Жарайсыңдар! Бүгінгі оқу қызметіне барлықтарыңызда жақсы қатыстыңыздар.Сендере көп рахмет. Ендеше келген қонақтармен қоштасамыз. |