Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеумет»
Бөлімдері:ҚМҰҚ,Сауат ашу, Сөйлеуді дамыту,Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Табиғат ғажайыптары»
Мақсаты:Балаларға жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.
Міндеті:Жыл бойы алған білімдерін пысықтау.
Міндеті:Балалардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру.
Үйрету:Балалардың айнала қоршаған орта туралы білімдерін бекіте отырып, дыбыстық талдау жасау, дыбыстардан буын,буыннан сөз құрастыруға үйрету,білімдерін толықтыру.
Дамыту:Балалардың жан-жақты ойлауын, ізденуін дамытып, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелеу: Табиғатты қорғай білуге оның әсемдігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері:Қөрсету, сұрақ-жауап, мадақтау,қорытындылау.
Қолданылатын көрнекілік құралдар: Слайд,суреттер,сандар, әріптер.
ҰОҚ кезеңдері | Жоспарланған оқу қызметінің әрекеті |
I Кіріспе бөлім | Екі тілде амандасады. -Балалар қараңдаршы, бүгін бізғе көптеген қонақтар келіпті,қане екі тілде амандасайық. Теңге бөбекжайының Тәрбиелі баласы. Алдыменен қонақпен, Амандасып алады. Сәлеметсіздерме қонақтар! -Доброе утро, всем нам, Доброе утро,всем гостям Енді осы көтеріңкі қөңіл күймен шаттық шеңберін құрайық. Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Таза ауаны жұтайық Жүрекке жылу сыйлайық Жиналған жылу шуақтарын Достарыма сыйлайын.
Балалардан жыл мезгілін, ай аттарын,апта күндерін,көктем мезгілінің ерекшеліктерін сұрау. Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма? Олай болса біз қазір сендермен табиғат аясына саяхатқа барамыз. |
II Негізгі бөлім | Табиғат аясына келеді. Тыныштық сәті:Балалар көздерімізді жұмып,бойымызды тік ұстап отырайық. (табиғаттың,құстардың сайрағаны,судың сылдырлап аққаны дыбысы естіледі) -Балалар не сезіндіңдер? Балалар әрбір күніміз таңнан басталатынын білеміз.Ал әрбір таң тамаша болуы үшін оны күліп қарсы алуымыз керек. Міне біздің алтын күніміз өз шұғыласын шашып,бізді қоршаған ортаны жарқыратып тұр. Балалар бізді қоршаған ортаны қалай атаймыз? Табиғат нешеге бөлінеді? -Кім атап береді? -Жансыз табиғатқа нелер жатады? -Жанды табиғатқа нелер жатады? -Ал неге жансыз табиғат дейміз? -Жансыз табиғтқа нелер жатады? -Бір жылда неше мезгіл бар? -Жыл мезгілдерін кім атап береді? Балалар табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. -Мысалы қыста не болады? -Көктемде не болады? -Ал жазда ше? -Күзде не болады? Йя ,дұрыс айтасыңдар.Балалар осы жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтар кім біледі? Мнемокестелер арқылы тапқақтар айтады. -Балалар біз осы жыл мезгілі жайлы айтып жатырмыз,ал қазір жылдың қай мезгілі? - Ал осы көктем сөзінде неше буын бар? Неге екі буын бар?. Сендердің алдарыңда жыл мезгілерінің суретері бар сол сөздерге дыбысық талдау жасайықшы. Енді буындарды қосып оқып шығайықшы. Көктемде далада нелер өседі? Біз қандай гүлдерді білеміз? Гүлдер Цветы Кәне осы гүлдерді қазақ және орыс тілінде санайықшы. Балалар санайды Ойын: «Көршісін тап» Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып жайқалған.
Есептер шығару. Сандар құрамын табу.
Жұмбақ жасыру: Көктемде келіп,күзде кетеді, Жаздай бауда әндетеді. Ол не екен балалар? Дұрыс айтасыңдар жауабы құстар .Құстар тірі табиғатымыздың бірі.Олар өседі,көбейеді. Құстар нешеге бөлінеді? Олар қандай? Дала құстарына нелер жатады? Біз осы құстарға байланысты тыйым сөздер білемізба?
Құсқа тас лақтырма. Құстардың жұмыртқасын жарма. Аққуды атуға болмайды, досыңды сатуға болмайды. Құстың ұясын бұзба,қарғысқа қаларсың.
Құстар табиғат байлыгың ағаштарды, өсімдіктерді зиянкестерден қорғайды осының арқасында өсімдіктеріміз,ағатарымыз жайқалып өседі.Ағаштар,өсімдіктер өз бойынан таза ауаны шығарады,сол таза ауамен біз дем аламыз.Сондықтан құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: «Жақсы,жаман» деп аталады. Мен сөйлемнің басын айтам,ал сендер жақсы немесе жаман деп жауап бересіңдер. Гүлді жұлған........ Жаман Құстарға қамқорлық жасаған.......... Жақсы. Құстардың жұмыртқасын жарған ......... Жаман Ағаштарды сындырған....... Жаман Ағаш отырғызған...... Жақсы Жарайсыңдар балалар сендер жақсы мен жаманды ажырата алады екенсіңдер. |
III Қорытынды бөлім
| -Саяхат сендерге ұнады ма? Олай болса «Адасқан»әріптер арқылы сөздер жазайықшы.
Жарайсыңдар балалар сендер бүгін көптеген сұрақтарға жауап бердіңдер.Бүгінгі оқу қызметі сендерғе ұнадыма?Барлықтарыңыз бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.Бүгінгі соңғы сөзімізді табиғатқа арнаймыз. Біз адамдар табиғатты сүйеміз Табиғатпен ажырамас іргеміз. Қоштастаймыз табиғатпен біз бүгін Өйткені біз табиғатпен мәңгі біргеміз Жарайсыңдар балалар! Енді біздің топқа оралатын уақытымыз болды.Барлықтарыңыз бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Келген қонақтармен қоштасамыз. Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық. Сау болыңыздар! |