І Кіріспе бөлім | Шаттық шеңбері Төкті оған нұрын дала Астана сұлу қала Біз оны анамыздай Сүйеміз шынында да. Жүректе сақтап атын Жүретін салтанатым. Астана биігіміз. Биіктер күнге жақын Қуан, шаттан, алақай! Қуанышты күн келді. Күліп шықты күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн Балақай. Жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге қайталайды. Қимыл арқылы жасайды. - Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда төрт жыл мезгілі бар олар: Жаз, күз, қыс, көктем
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың жаз мезгілі
- Жаз мезгілінің ерешелігі қандай?
- Жаз мезгілінде күн ыссы болады.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада жеті күн бар олар: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
- Жарайсыңдар балалар
- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке «Конституция күні» деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендер де, балалар да – мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу – өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау! - Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз? Балалар: - Қазақстан Республикасында тұрамыз. - Қазақстанның елордасы қай қала? Балалар: - Астана. - Балалар тұңғыш елбасымыз кім? - Нұрсұлтан назарбаев Әбішұлы.
- Қазіргі таңдағы президентіміз кім? - Қасым – Жомарт Тоқаев Кемелұлы - Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе? - Иә,Әнұран, Ту, Елтаңба. Кәне, балалар, тақтаға қарап еліміздің рәміздерін атайықшы! (Слайдпен жұмыс) Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біздің еліміз тәуелсіз мемлекет! Өз Ата заңымыз, өз рәміздеріміз, өз салт - дәстүріміз бар! Бәріміздің өз құқықтарымыз бар! Енді әр бала бақытты өмір сүруде өз құқықтарын білуге міндетті. Олай болса тамашалап көрейік!!! (Музыка ойнап тұрады, балалар қолдарына құқықтары жазылған плакаттарды ұстап ортаға шығып теңселіп би билеп, кезек - кезегімен өз құқықтарын айтады!
|
ІІ Негізгі бөлім | 1 - Бала: Мен баламын... Өмір сүруге құқым бар! 2 - Бала: Ерікті, тәуелсіз болуға құқылымын! 3 - Бала: Отбасында тәрбиеленуге құқым бар! 4 - Бала: Демалуға құқылымын! 5 - Бала: Азаматтық алуға құқылымын! 6 - Бала: Емделіп, ем қабылдауға құқылымын! 7 - Бала: Өз - өзімді қорғауға құқылымын! 8 - Бала: Білім алуға, оқуға құқылымын! Аяжан:Отан туы желбіреп, Көз тартады құбыла. Біз қараймыз елжіреп, Туған жердің туына. Олжас:Кең жазық Отан мекенім, Сен де өсіп көктедім Сені қорғау парызым, Мұны біліп өтемін. Ақблта:Ұлан байтақ жері бар, Пайдалы қазба кені бар. Тәуелсіз ел - Қазақстан Көркіне көркі жарасқан. Халид:Тәуелсіз азат елім, Туып өскен- байтақ жерім. Мәңгі жайнап тура бер Қазақстаным менің! Нафиса:Күлімдеп жүрем бақ табам. Азат:Отаным менің Қазақстан Қарызбын саған әрқашан Азаматтық борышты Өтеуге мәңгі талпынам. Алихан:Отаным менің Қазақстан Атыңнан сенің айналам Бас иіп саған өтемін Жасай бер жаса Қазақстан
|
ІІІ Қорытынды бөлім | Тәрбиеші: Өркендеп өз қолына алған ісі, Биікке қазағымның самға құсы, Халық боп қадір тұтып қастерлеген, Ата заң – Азат елдің ар - намысы! Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін! Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін!!! Сау болыңыздар!!! |