Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI947

Гимнастикалық орындық үстінен екпетінен жатып тартылу, баскетбол сеткасына допты далдеп лақтыру

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Гимнастикалық орындық үстінен  екпетінен жатып тартылу, баскетбол сеткасына допты далдеп лақтыру.

Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салты туралы түсінігін кеңейту. Балаларға түрлі қалыпта жүру және жүгіру түрлерін үйретуді жалғастыру

Дамыту: Ойын ойнау және жаттығуларды орындау барысында ұжымдық қимыл әрекеттердің үйлесімділігін және қол аяқ бұлшықеттерін дамыту.

Үйрету:  Секірудің түрлерін, гимнастикалық орындықта түрлі тәсілдермен тартылуды, допты дәлдеп  лақтыруды үйрету

Тәрбиелеу: Балаларды ұжым болып әрекет етуге, ұйымшылдыққа, бір –біріне көмектесуге және достық сезімге тәрбиелеу

Колданылатын көрнекілік құралдар:Гимнастикалық орындық, секіруге арналған құралдар , доптар, баскетбол сеткасы, орындықтар

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,ттүсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау,қортындылау

ОҰҚ кезеңдері

 

 

Жоспарланған оқу қызметінің кезеңдері

І Кіріспе бөлім

 

 

 

Амандасу.

Жүру,аяқтың ұшымен,өкшемен,аяқтың сырт қырымен,жартылай отырып жөрелей жүру.

Жәй жүгіру, жүгіру, жыланша ирелендеп жүгіру, бір бұйірмен қол белде алға,артқа карап жүгіру. Демді қалыпқа келтіріп  орындықты алу үш қатар сапқа тұру

ІІ.Негізгі бөлім

 

2-бөлім. Орындықпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

1.Б.қ .- орындықта отыру,1-қолды алға , 2- жоғары созу қолдың ұшына қарау, 3- кол алға созу, 4- қолды төмен түсіру бастапқы қалыпқа келу. (4-5 рет). 

2.Б.қ.-орындықта отыру екі қолымыз  орындық арқасынан ұстау, 1-иықты оңға бұру, 2- бастапқы қалыпқа келеміз, 3- сол бұрамыз , 4- б.қ келу. (4-5 рет) 

3.Б.қ.-орындықта отыру қол төменде,1- қолды жоғары созу, 2-қолды төмен түсіріп артқа созу орындық арқасынан ұстау, 3-қолды жоғары созу, 4- қол төменге түсіру артқа созу.Осылайша 4-5 реттен орындаймыз.

4.Б.қ.- орындықта отыру. 1-қол белде кеудені оңға бұрамыз орындық арқасын екі колды тигіземіз, 2- бастапқы қалыпка келеміз, 3- солға бұрамыз қолды орындық арқасына тигіземіз,4- б.қ. келу. (4-5) рет

5.Б.қ.- орындыққа отыру аяқтарымыз арасын ашамыз қолымызды жанымызға созамыз, 1-төмен еңкейіп колымызды аяқ ұшына тигіземіз, 2-тік отырамыз, 3-төмен еңкейіп қолымызды аяқ ұшына тигіземіз, 4- б.қ. келу. Осылайша( 4-5) реттене орындау

6.Б.қ.-орындықта отыру екі қолымыз орындыққа тиреулі,1- аяқты көтеру кеуде тұсына әкелу , 2- төмен түсіру, 3- аяқты көтереміз кеудеге тигізу, 4-б.қ. (4-5) рет

7.Б.қ.-аяқ  еденде қолды орындық екі шетіне тирейміз көпір болып тұрамыз.1-дегенде аяқты созып кеудені орындық тұсына әкелеміз; 2- б.қ. 3- кеудені орындық тұсына әкелу; 4-б.қ. келу. (4-5) рет. 

8. Б.қ.- орындыққа оң қолды тіреп оң аяқты көтеріп түсіру. Осылайша сол аяқпен орындау(4-5 рет).

9.Б.қ- орындықта отыру, 1-орнымыздан тұрамыз қолымызды жоғары созып қолды шапалақтаймыз, 2- жартылай отырамыз қолды төмен түсіреміз, 3- тұрамыз, 4- отыру. Осылайша 4-5 рет

10.Б.қ. – Бір орында тұрып жүру, жүгіру және секіру

 

Негізгі қимыл-қозғалысжаттығулары.

Массаж кілемшелерден жүріп барып негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.

1. Секіру түрлері

2. Гимнастикалы орындық үстінен екпетінен жатып тартыла жылжу. Секіру түрлері

3. Баскетбол сеткасына допты дәлдеп лақтырып түсіру.

 

«Құрты-құрастыр» қимыл-қозғалыс ойыны.

Шарты: Балалар екі командаға бөлініп бастарына құрт бетперделерін кійіп құрт бөлшектерін құрастыру керек.

ІІІ.Қорытынды бөлім

«Төрт құбылыс» жай қимыл қозғалыс ойыны

Шарты: Балалар шеңберге тұрады . Жетекшінің бұйрығын орындайды: «жер» дегенде қолды төмен түсіреді, «су» дегенде қолды алға соза отырып жүзеді, «ауа» дегенде құс секілді ұшады, «от» деггенде қолдарын айналдырады. Ойын осылай жалғасады

Жүру, жүгіру, тыныс алу жаттығулары орындалады.

Қортындылау, сұрақ жауап. 

Балаларды мақтап-мадақтау.

 

 

225 0
Көркембаева Клара, №11 «Теңге» бөбекжайының дене шынықтыру пәні жетекшісі Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,Теңге ауылы Ұлы дала Ұстазы № 000421
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: