Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI879

Мақтақыз бен мысық

     Мақсаты:

    Дыбыстарды  түрлі   екпінде  аңыз  және  дұрыс айту, сыбырлап  және    қатты  айту,  интонацияларды    ажырата   алу және айту.  

    Басқа   кейіпкерлермен  рольдік   қарым- қатынасқа түсу.

   Ым-ишара,  дауыс  ырғағы, ойын   атрибуттарын  қолданып,  таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің  бейнелерін  жасау.

 

     Күтілетін нәтиже:

     Дыбыстарды түрлі екпінде   анық  және  дұрыс айту, сыбырлап  және қатты  айта  алады.   

     Интонацияны  ажыратады   және   дауыс   мәнерін  келтіре алады, басқа   кейіпкерлермен  рольдік  қарым- қатынасқа  түсе алады .   

     Ым –ишара, дауыс  ырғағы, ойын  атрибуттарын    қолданып таныс   әдеби шығармалар  кезінде  кейіпкерлердің   бейнесін   келтіреді.

 

      Тілдік  мақсат:

     Сабақта алған   білімдерін    пайдаланып   толық   жауап   беруге    үйрету.   Мәнерлеп сөйлеу   дағдыларын   қалыптастыру. Сөздік   қорын дамыту.  

     Көрнекілік  құралдар: Ертегінің мазмұнын  туралы   үнтаспа, атрибуттар, слайдтар,тақпақтар,әліппе-дәптері.

Жоспарланған

іс-әрекет

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Тәрбиеленушілердің

іс-әрекеті

Ұйымдастырылған  оқу қызметінің   әрекеті     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

Тәрбиеші   тәрбиеленушілерге  шаттық  шеңберге  тұрып   бірге  айтуын     ұсынады.

 

Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Армысың асыл жер!

Армысың жан досым!

Жылуыма –жылу қос!

Міне менің қолым!

-Балалар сендер ертегіні жаксы коресіндер ме?

-Ендеше біз сендермен бірге Ертегілер еліне

саяхатқа барамыз.Саяхат деген алыс жолға

шығу,жан-жақты, үлкен қалалармен

ормандарға саяхатқа шығу.

-Саяхатқа бару үшін біз жолға шығуымыз

керек.

-Саяхатқа бару үшін бізге көліктер керек.

Слайд көліктер.

-Саяхатқа бара жатқан адамдарға қандай

тілек айтуға болады?

-Тәрбиеленушілердің жауаптарын тыңдап,

«Жолың болсын»,»Ақ жол» деген сөздерді бірге айтуларын ұсынамын.

-Сапарға немен баруға болады?

-Ендеше бүгінгі сапарымызға пойызбен

барамыз.

«Пойыз» ойыны.

Ойынның шарты:

Бір тәрбиеленуші паровоз,қалған

тәрбиеленушілер вагондары болады.

Шеңбер бойымен жүріп, әуенді айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Пойыз: Қиындықтан қашпайық,

                 Пойыз ойынын бастайық.

                 Бип-бип,бип-бип!

                 Мен паровоз от алам,

                 Ертегі еліне бет алам.

                 Бип –бип,бип-пыш

                 Бірте-бірте тездейміз,

                 Тез жетуді көздейміз: У-у-у

Слайд: Пойыздың суреті

Ойынды бірінші қатардың тәрбиеленушілері бастайды.Бірінші аялдамамызға жеттік.Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Мақтақыз бен мысық»ертегісі.

Бұл ертегіні біздің қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы,жазушы,этнограф,                фольклоршы Ыбырай Алтынсарин атамыздың сендерге,кішкентай балаларға арналғанертегісін үнтаспадан көрейік.

Слайд: үнтаспа

Тәрбиеленушілерге ертегінің мазмұнын түсіндіріп беремін.Ертегінің мазмұны жайлы сүрақ қоямын.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегідегі басты кейіпкер кім  деп ойлайсыңдар? 

-Не себептен Мақтақыз мысығының құйрығын жұлып алды?

- Мысық қатықты Мақтақызға қайтару үшін қандай іс- әрекетке барды?

-Кім-кімдерге барды рет-ретімен айтайықшы.

-Қалай ойлайсыңдар,мысық істеген ісіне өкінді ме?

Енді келесі аялдамаға бару үшін екінші қатардың тәрбиеленушілерін ортаға шақырып, ойынды жалғастырады.Ойынды жалғастырмас бұрын шартын түсіндіремін.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Слайд: 1-тапсырма

 

1-тапсырма.Суреттегі кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі.Тәрбиеленушілердің жауабын тыңдап,

толықтырамын.Ертөстік ертегісіндегі батыр Ертөстік,Алдаркөсе ертегісі бай,мыстан кемпір және Алдар, Қожанасыр.

Осы кейіпкерлердің ұнамды және ұнамсыз бейнесін анықтау.

Слайд: 2-тапсырма

 

2-тапсырма.Суреттегі кейіпкердің диалог арқылы өзара сөйлесу.

1.Мысық көңілді дауыспен айтады.

2.Мақтақыз ашулы  дауыспен айтады.

3.Сиыр жалынышты дауыспен айтады.

4.Су тасушы қыз көтеріңкі дауыспен айтады.

Тәрбиеші соңғы аялдамаға бару үшін тағы да пойыз ойынын үшінші қатардың тәрбиеленушілері шығып, пойыз ойынның өлең жолдарын айтып ойнайды.

Слайд: 3-тапсырма

 

3-тапсырма.Суретте не жетіспейді? Аяқтап сал.

Мысықка кұйрық,ағашқа жапырақ,қыздарға шелек ,тауыққа жұмыртқа жетіспейді.

Сонымен біз бүгінгі оқу іс әрекетінде паровозбен саяхатқа шықтық. Саяхат деген сөздің мағынасын білдік пе?орыс тілінде- путешествие,ағылшынша- travel.

Слайд: 

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

                      Алақанды  ұрайық.

                      Бір отырып,бір тұрып.

                      Біз демалып алайық.

Ойын –жаттығу: Ертегі кейіпкерлерінің дыбысын сал.Мысық –мияу-мияу,тауық –ко-ко-ко,сиыр –мө-ө,тышқан –шиқ-шиқ.

 

Тәрбиеленушілерге «Мақтақыз бен мысық»ертегісін рөлдерге бөліп ойнауды ұсынамын.Тәрбиеленушілерді  санамақ арқылы бөлемін.Санамақтан ойынға шыққан тәрбиеленушілерді ұнаған образдың атрибутын алады.

Слайд:

 

 

Санамақ.

Алма кетті домалап,

Өзен бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

Ертегіінің мазмұны

ойналып,тәрбиеленушілерге 

Өз жұмыстарын бағалау арқылы бетпердені суретін бояу ұсынылады.

1.Өз жұмысына көңілі толса,көңілді бетперденің

суретін бояйды.

2.Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әуе көлігі, жер үсті көлігі,су асты көлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын шартын орындау

 

 

 

 

 

 Мақтақыз

 

 

 

Кейіпкерлерді рет-ретімен айтып берді.

 

 

Ойын ойналды.

 

Тапсырма орындалды.

 

 

 

 

 

 

Анықтады

 

Диалог арқылы сөйлесті

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттін жетіспейтін бөліктерін салды

 

 

Бірнеше рет қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рөлге бөліп ойнады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бетпердені бояды

 

 

207 0
Меруерт Бозымбаева, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің дайындық сыныбы мұғалімі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000530
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: