Еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар кез - келген ұстаз қауымының білім беруде ерекшеленуіне алып келуде, өткені жаңа заман педагогы бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына тура келеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.
Жаһандану заманында ғалымдардың зерттеулері бойынша құзыреттілікті қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн, «құзыреттiлiк» деген ұғым ғана тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк – жеке тұлғаның кәсi биiс - әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгінiң бiрлiгi. Яғни құзыреттілік – жеке тұлғаның бiлiмi мен тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлуi скерлiгi мен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретi нұғым. Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын құзыреттiлiк ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiм мен iскерлiкке қоса, топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдалану т.б. iскерлiктер жатады.
Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi мына үш аспектiлiк пен сипатталады:
- Мәндiк аспект - ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым - қатынас, теориялық негiзiн, маңызды мәселелердi ұғыну;
- Проблемалық - практикалық аспект – оқушының алдына мақсат, мiндет нормаларын қойып және орындау жолдарына нықтау;
- Коммуникативтi аспект - оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.
Жоғарыда көрсетілген аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз, яғни жаттанды бiлiм түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде танымға, ойлауға қатысын, әрекетке, белгiлi бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды түрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.
Құзыреттiлiк – оқу нәтижесiнде өзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiрибеден қолданаалу. Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтатын жаңа сапа.
Сонымен орта бiлiм беру тұжырымдамасында оқушыдан орта бiлiм берудiң негiзгi күтiлетiн нәтижелерi ретiнде мектеп түлегiнiң негiзгi құндылылығы төмендегiше анықталады:
1. Құндылықты – бағдарлы құзiреттiлiк – жасампаз қоғам өмiрiнде өз ролiн таба бiлу бiлiктiлiгi, азамматық белсендiлiк, саяси жүйенi түсiну, ең бастысы – өз Отанының патриоты болу.
2. Мәдениет танымдылық құзыреттiлiк – рухани келiсiм мен толераттық идеяларына бейiм болу. Өз халқының мәдениетi мен әлемнiң мәдени көптүрлiлiгiн түсiну, бағалау: жалпы азаматтық мәдениет жетiстiктерi мен этномәдниеттiк құбылыстарды тани бiлу.
3. Оқу – танымдылық құзыреттiлiгi – оқушының зерттеу әрекетi мен өзiндiк оқу – танымдылық процесiн қамтамасыз ететiн кешендi құзырлық. Әлемнiң ғылыми бағытын iзденушiлiк – зерттеушiлiк әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативтiқұзыреттiлiк - адамдармен өзара әрекет пен қарым – қатынас тәсiлдерiн бiлу, түрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс iстеу.
5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік – өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу, ақпараттық технологияны игеру, интерпретациялау.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі - отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді қоғамдық азаматтық тәрбие мен білімгеие болу. Әлеуметтік – қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.
7. Тұлғалық өзін өзі дамыту құзыреттілігі – қызметін өзіндік қадір қасиет сезімі мен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау, өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарламен салыстыра білу, сонда осында мектеп түлегі бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Ол:
1. Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызмет пен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
2. Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану/ топпен/ қабілеті, қызмет ету, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдану.
3. Білім алу құзыреттілігі – білім алу қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге қызығушылығы және білім беру қызметінде субъектілік және креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
Қазіргі кезде тарих пәнін мектепте оқытудың мақсатымен міндеттері заман талабына қарай өзгерді. Мен бұл пәнді оқыту барысында мақсаттарым:
• Оқушыны тарих пәні арқылы мамандыққа баулу.
• Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
• Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу.
• Білім алуға деген ынтасын арттыру.
• Тарих тіліндегі теориялық білімді практика мен ұштастыру.
• Мамандығына байланысты тарихи үрдістерді түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың білім берудің қолданбалы, практикалық сипатын күшейту болыпта былады. Бұл бағыт оқушы мектепте алған білімдерінің қандай нәтижелерінің мектептен тыс жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні мектепте оқылғанның бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда. Мәселен, оқушылардан тарихи құжаттарды білуді, сондай – ақ осы құжаттарды қолданып, өмірге икемделуді талап етуге болады. Білім беру мазмұнын осы тұрғыдан қайта қарау өте пайдалы болар еді. Нәтиже бағдарланған оқыту, яғни құзыреттілік тәсіл, ең алдымен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамытуды талап етеді. Құзыреттілік тәсіл тұлғасынан қарайтын болсақ, онда мұғалімнің тілдік құзыреттілігінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Тарих пәнін меңгертуде тарихи жылдардың маңызызор, сондықтан сабақ барысында әр жылдардағы болған қызықты оқиғалардың да оқушы қиялын ұштап отыруда алатын орны ерекше. Сонымен қатар оқушыларға әртүрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін. Осындай әдіс – тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері терең дейді, есте сақтау, тарих тілі мен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді. Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе тарих білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағдымен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Пән мұғалімі ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушылардың ғылыми ізденісін шыңдап, қабілетін арттыруда ғылыми ізденіс жұмыстарында үлкен шығармашылық еңбек, тарихи тың деректерді пайдалану қажет. Ескі мен жаңаны сабақтастырып, тарихын білетін, және тарих сабағын күнделікті өмірде қолдана алатын, келер өскелең ұрпаққа өзінің алған білімін жеткізе білетін жастарды тәрбиелеу әрбір педагогтың парызы.