Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI863

Интерактивті тақтамен жұмыс істеуде пайдаланылатын жаттығулар жүйесі

      Бастауыш сыныпта практикалық әдістер тобының жиі пайдаланылатыны - әр түрлі жаттығулар. Өйткені бастауыш сыныптарда тілден берілетін білім негізінен практикалық тұрғыда болып келеді, яғни жаттығулар негізгі қызмет атқарады. Сондықтан грамматикалық  орфографиялық ережелерді оқушыға түсіндіру үшін әдетте, жаттығу материалдарын жетекшілікке   аламыз.

       Жаттығулар – білімді бекітудің, іскерлік пен дағдыны игерудің және оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі әдісі. Бұл әдісті жаттығу жұмысында тиімді қолдану үшін біріншіден, жаңа материалды (әсіресе, ережелерді, анықтамаларды) саналықпен меңгеру, есте сақтау, екіншіден, алған білімдеріне сүйеніп, тапсырмаларды орындау, жаңа мысалдар іздестіру, дәлелдеу қажет. Сондықтан грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалдарды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан мұғалім оқушыларға граммтикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жатттығу дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да кездескен құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуі тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез, әрі дәл қолдана алу дағдысына ие болады.

       Қазақ тілінен жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, сол берілген білімді оқушының санасына бекіту үшін жаттығудың бірнеше түрін: ауызша, жазбаша, сондай-ақ тақтаға шығарып, кітаппен жұмыс істеу, сурет, карточкалар, техникалық құралдарды пайдалану т.б. бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланаа отырып, жаттықтырудың тиімді әдісін іздестіру қажет.

      Білімді бекіту үшін жүргізілетін жаттығудың бірнеше дұрыс та, қызықты ұйымдастырылса, оқушы білімді соғұрлым берік, және есте қалып нығая береді.Осылайша түрлендіріп оқытудың әдістері оқушыларға сапалы білім беруге қол жеткізеді.

       Ауызша жаттығу қазақ тілі материалдарын тікелей көрсету негізінде орындалады. Сондықтан дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын түсіндіру де мына секілді көрсету аппаратына назар аударылад:

-дыбыстың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы көрсету;

Дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін эксперименттік фонетиканың материалдары негізінде тәжірибелеу.

          Сабақты   осы әдіспен өткізуде оған қойылатын мына сияқты талаптарды ескерген жөн: қазақ тілі материалдарының мақсты, тақырып айқындылығы, көрнекі құралдардың күні бұрын дайын болуы, материалды қалай түсіндірудің жұмыс барысы және керекті сөйлемдер мен мәтіндердің тақтаға жазылуы. Сондықтан да тәжірибе әдісінде оқушы мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынасы тікелей сезіледі. Мәелен, а-о дыбыстарының айтылу ерекшелігін түсіндіргенде, о дыбысы еріннің алға қарай сүйірленіп, созылуынан пайда болатынын айтады т.б. Мұнан кейін мұғалім осы дыбыстардың жасалуын оқушылардың өздеріне айтқызып, тәжірибе жасатады. Оқушылардың көздерін жеткізіп, саналы меңгеру мақсатында бұл дыбыстардың сөз ішінде буынға бөліп талдау арқылы сөйлеу мүшелерінің әрекетін ұқтырады.

        Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағды көп уақыт өтпей-ақ ұмтылады.

        Жаттығу тек оқулықта берілген жаттығу түрлерімен шектелмейді.Сонымен бірге жаттығу мына сияқты жұмыс түрлері бойынша да жүзеге асады:

  1. мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша;
  2. мұғалімнің арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде;
  3. картинка және сурет негізінде;
  4. сызбалар мен кестелер бойынша;
  5. арнайы дайындалған мәтіндер бойынша;
  6. дидактикалық материалдар негізінде.

    Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С.Рахметова былай деді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында  мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерін ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс»   53 . 

       Интерактивті тақтамен жаттығулар орындау барысында оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жатттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жатттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізінде анықтау қажет.

     Оқушылардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс.

        «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетілген.

       Қазіргі таңда электрондық-есептеу техникаларын кеңінен пайдалану сол немесе өзге елдің экономикасы мен технологиясын дамыту көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Компьютерлік техниканың үдемелі, қарқынды дамуына байланысты қоғамның ақпараттану процесі дамудың материалдық, энергетикалық көздеріне қарағанда маңызды факторға айналуда. Сондықтан, мектеп алдында оқытудың дәстүрлі әдістемелелерінің қайта қаралуына талап ететін жаңа міндеттер қойылады: ол өсер ұрпақты қоғамның толық компьютеризациялау шартындағы  жұмысқа, өмірге дайындау. 

      Бастауыш мектептің білім саласындағы компьютеризация мәселесі біріншіден, компьютерлік оқудың тиісті материалдық базасын, яғни техникалық күрделіліктерден хабары жоқ пайдаланушыға  қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін  сенімді, кеңінен таалған компьютерлерді жасау, екіншіден, оқушыларды информатика мен есептеу техникалары негіздерімен таныстыру, үшіншіден, компьютерді оқу процесінде қолданудың бағдарламалық, оқу-әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етілуін әзірлеу және пайдалану болып табылады.

        Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

        Ұлы Абай: «Адам баласы ... көзбен көріп, құлақпен естіп,қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ  халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин шәкіртттердің барлық сезім мүшелері – көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейіді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттығулар арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді.

      Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтері, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылардың өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білім игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді. 

     Сабақта   интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.            Сонымен, оқу интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. 

     Сонымен қатар интерактивтивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

  1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушыларлдың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болу жөн.
  2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.
  3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы қажет. 
  4. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.

Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.

    Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой оперциясының күрделенуіне байланысты болады.

  Дамыта оқыту жүйесіндегі  қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу  логикасы мынандай қадамдардан тұрады:

  1. Оқушы өзі танып – білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажыратып алады;
  2. Оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілермен саналы түрде танысады;
  3. Оқушы нақты қандай заңдылықты  «ашу» қажеттігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.

Оқу тапсырмаларының негізінде, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

Грамматикалық –тілдік, сөйлеу, рефлексиялық жаттығуларды орындау барысында мұғалім мынандай дидактикалық-әдістемелік міндеттерді шешеді.

  1. сөз құрамының сөйлем және мәтін құру қызметін біледі;
  2. сөз мағыналарын меңгереді;
  3. шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жаттығулар орындайды.
282 0
Роза Сейдалиева, «№37 жалп білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алматы қаласы, Бостандық ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000517
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: