Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI857

Оқыту үрдiсiнде тарихи бiлiмдi қалыптастыру сатылары

Тарихи білім берудің мазмұнының басты элементі –білім. Себебі тарихи білім – дүниетанымды қалыптастырудың басты құралы. Тарихты оқи отырып оқушы әртүрлі даму кезеңдеріндегі адамдармен, заттармен, оқиғалармен танысады. Қоғамдық- тарихи процесс кеңістік пен уақыт аралығында жүзеге асатын болғандықтан, уақыт бойынша фактілерді анықтау – хронология білімін, ал кеңістік арқылы анықтау – тарихи география   білімін талап етеді. 

Тарихи бiлiмдi қалыптастыру аса маңызды. Тарихи бiлiм мынадай құрамдас бөлiмдерден тұрады: тарихи фактiлер, тарихи даталар мен хронологиялар; тарихи фактiлердiң кеңiстiкпен, уақытпен байланыстылығы; тарихи түсiнiктер; тарихи ұғымдар; тарихи заңдылықтар. Олар -тарих бiлiмдер төмендегiдей үш категорияға бөлiнедi: тарихи уақыт; тарихи кеңiстiк; тарихи қозғалыс. [1].

Тарихты тану процесі, тарихи түсінікті қалыптастыру фактіні игеруден басталады. Фактінің ерекшелігі ол қайталанбайды, айтылмайды, бақыланбайды. Тарихи факт 2 түрлі болады. Олар: 1. Жеке оқиғаларды бейнелейтін фактілер. Бұл бір кездерде белгілі жағдайда, қатаң тҥрде шектеулі адамдар тобы шектеулі уақыт пен кеңістікте болған оқиға. Олар қайталанбайды. Мысалы, 1242 ж. 5 сәуірдегі Чуд көліндегі мұз қырғыны. 2. тарихи құбылыстар, бұл белгілі тарихи кезеңге тән белгілерді сипаттайды. Мысалы, барщина мен оброк – феодалдық құрылыс кезіндегі тәуелді шаруаларды міндеткерліктері. Бұл фактілер тек феодалдық қоғамға ғана тән тарихи фактілер. Белгілі Ресей әдіскері Донской тарихи фактілердің 3 тобын былайша көрсеткен: 

1. оқиға – жеке, қайталанбайтын факт; 

2. құбылыс – бірнеше рет қайталанатын, аналогиялық факт;

3. процесс – себептері мен нәтижелерінің уақытына сай өзара байланысты фактілердің тізбегі. Фактілерді іріктеудегі негізгі критерийлер: 1. маңызды, түсінікті болуы; 2. нақты және бейнелілігі; 3. эмоциональды ықпалының жоғарылылығы; 

4. оқушылардың жас ерекшелігінің ескерілуі. Тарихи фактілердің мазмұнын оқушы көру және есту сезімдері арқылы қабылдайды. Тарихты оқыту процесінде тарихи түсініктердің 3 тұрі қалыптасады. [2].

1. Қоғамның барлық жағын қамтитын өткен фактілер: а)материалдық өмір туралы (еңбек құралы, шаруашылық салалары т.б.); б) әлеуметтік-саяси өмір (әртүрлі топтар, мемлекеттік құрылыс); в) тарихи қайраткерлер (қолбасшы, мемлекет билеушілері т.б.); г) тарихи-мәдени (халық тұрмысы, өнер т.б.).

 2. Тарихи уақыт туралы (белгілі бір кезеңдегі тарихи факт, оның ұзақтығы т.б.) 3. Тарихи кеңістік туралы тҥсінік, яғни нақты жерде жүзеге асқан тарихи оқиға. Фактілер туралы түсінік ең алдымен бірінші сигнал жҥйесі арқылы берілетін болғандықтан оқытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Иллюстрация, схема, картиналарды көрсету мұғалімнің әңгімесімен қатар жүруі тиіс және ол цифрлық материалды қолданумен толықтырылғаны жөн. Мысалы, Петербургтегі Исааков соборы 104м, Петропавл қамалы 122,5 м. дегенде оқушының көз алдына алып сәулет келіп,олардың сезіміне әсер етіп, есте қалады. Адамзат қоғамының дамуы уақыт бойынша жүретіні белгілі, сондықтан тарихи уақытқа мән беріледі. Фактілерді оқу барысында оқушылардың санасында тарихи ұғымдардың белгілі бір жүйесі қалыптасады. Ұғым тарихи материал мазмұнына сәйкес классификацияланады. Олар: 

1. экономикалық ұғым - әртүрлі тарихи кезеңдегі еңбек құралы мен шаруашылық Өмір туралы түсініктер, экономикалық процестер. Мысалы, жалпыресейлік рынок, феодалдық- крепостниктік жүйе, ғылыми-техникалық революция тағы басқалар.

 2. әлеуметтік-саяси ұғым. Олар мемлекеттің саяси құрылымы мен әлеуметтік қатынастар, таптар, мемлекет формалары т.б. 

3. қоғамдағы тап күресінің дамуы мен оның қалыптасу жағдайларын ашатын ұғымдар. Мысалы, шаруалар соғысы, пролетариат т.б. 

 4. тарихи-мәдени ұғым. өркендеу мәдениеті, материалдық және рухани мәдениет. 

5. идеологиялық ұғым. Мысалы, дін, утопия, фашизм т.б. ұғымдарды қамту деңгейіне қарай үш топқа бөлуге болады:

 1. жеке тарихи ұғымдар. Ол жеке елдердің белгілі бір кезеңіне тән фактілерді бейнелейді. Мысалы, бояр, смерд, т.б. Ресей мемлекетінің орта ғасырлық кезеңіне тән ұғымдар болып табылады. 

2. Жалпы тарихи ұғым. Бұл бір қоғамдық-экономикалық формацияға тән және бір немесе бірнеше елге тән болып келетін факт не құбылыс. Мысалы, капитализм, буржуазиялық революция, рента, қосымша құн т.б. Бұл ұғымдардың белгілері бір курстың бірқатар сабақтарында немесе тарихтың бірнеше курсында ашылады. [3].

3. Әлеуметттік ұғым. Ол бірнеше немесе барлық формацияларға тән тарихи процестердің заңдылығы мен жалпы байланысын бейнелейтін ұғымдар. Олар: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, тап күресі т.б. Қалыптасқан ұғымдар терминдерде бейнеленеді. ұғымды игеру үшін осы терминнің ұғым белгісін қаншалықты ашып тұрғанын анықтау қажет. Мысалы, триер – ежелгі гректердің әскери кемесі. ұғымдарды тиімді қалыптастыру үшін мынадай методологиялық талаптарды сақтау қажет: 

1. ұғымды қалыптастыру процесінде нақты түсініктер мен образдардың ролін ескеру керек. Мысалы, «Құл сату» картинасын көрсету отырып мұғалім оқушыға құлдыққа түсу жолын, оның еңбегінің қайда қолданылғанын айту арқылы «құл», «құл иеленушілік мемлекет» ұғымын қалыптастырады. 

2. Терминді алдын ала енгізу мүмкіндігі мен оны кейін жүйелі түрде ашу белгілерін ойластыру керек. Мысалы, «тап» терминін құл→ құл иелеріне түсінік беру арқылы ашамыз. 

3. фактілерді жүйелі және өзара байланыста игеру, оны теориялық тұрғыда қорыту. Мысалы, ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуын Европа мен Ресей арқылы салыстыра отырып капитализм ұғымын тереңдетеміз. 

4. теориялық ұғымдар жекелей емес бұрыннан бар белгілермен байланыста оқытылуы керек.

Фактiлердi–оқиғаларды оқытқанда алдымен олардың жоғарыдағыдай ерекшелiктерiн ескеру керек. Ал, оқушылар фактiлердi берiк меңгермесе оларда тарихи бiлiм жүйелi қалыптаспайды. Демек оларды оқытуға ерекше мән берiлуi керек.

Фактiлердi оқыту, қалыптастыру олардың үлкен-кiшiлiгiне байланысты. Олардың бәрi бiрi мен бiрi байланысты. Оқытқан кезде фактiлердiң себептерi мен салдары мiндеттi түрде ашылып көрсетiлуi тиiс, сонда ғана олардың өзара байланысы бiрден байқалады.. Сондықтан да әрбiр сабаққа дайындалғанда фактiлердi таңдауға, iрiктеуге ерекше мән берiледi. Алдымен ал фактi бүгiнгi сабақтың негiзгi мақсатын, бiлiм мазмұнын ашуға көмектесуi тиiс. Сонымен қатар оның ғылымилығы, анық-дұрыстығы, нақтылығы, бейнелiлiгi, эмоциялылығы, бiлiктердi қалыптастыруы мен оқушылардың таным қызметiн дамытуы т.б. мүмкiндiгi ескерiлуi керек. Оқушылардың дайындық дәрежесiне баса назар аударылады. 5-7 сыныптарда бейнелеп айтуға мүмкiндiгi мол, ал 8-11 сыныптарда оқушылардың сенiмiн қалыптастыра түсетiн, қорытып-жинақтауға көбiрек көмек беретiн фактiлер алынады. Әрбiр фактi бойынша ғылыми кейде теориялық қорытынды жасалып, бiлiм жинақталады. Өйтпесе фактологияға ұрынамыз. [4].

Фактiлердiң даталарын, хронологиясын оқытып, үйретуге ерекше назар аудару қажет. Адамзат қоғамының дамуы уақыт бойынша анықталады. Сондықтан оқушыларға тарихи уақытты қолдана бiлудi үйрету ерекше маңызды. Алдымен олардың уақыт категориясын – жыл, ғасыр, мың жыл, дәуiр, кезең, заманды жақсы бiлуi керек. Бұлардың алғашқы үшеуiн 5 сыныпта қалғандарын 6 сыныпта толық үйретуге болады. Солар арқылы шәкiрттер оқиғалардың қашан болғанын, ұзақтықын, ретiн т.б. түсiне алады. Тарихтағы уақытты хронологиялық даталар деп атайды.

Хронологиялық даталар үшке бөлiнедi: Негiзгi даталар: Ұлы қазан социалистiк революциясы, Ұлы Отан соғысы, КСРО-ның ыдырауы т.б.) және тiрек даталар – белгiлi бiр тарихи дәуiрдi оқығанда үнемi ескерiлетiн, айталанатын дата –екiншi дүние жүзiлiк соғыстың аяқталуы 1945 ж. негiзгi даталар бiлiм ретiнде өмiр бойы керек (қазақ халықының қалыптасуы, олардың мемлекет болып құрылған уақыты т.б), ал кейбiр тiрек даталар тарих курстарын  бүкiл мектептiк тарих пәнiн оқып бiтiргенше керек болады. Сондықтан да хронологиялық даталарды есте сақтаудың әдiстемелiк жолдары да көп (карта, дәптер, қашан, ұзақтығы, неше жыл өттi, неше жыл iлгерi кейiн, хронологиялық тағы басқа да таблицалар, карточкалар, картаға аппликациялар шаншу, - стрелка, жылы).

Тарихи түсiнiктердi қалыптастыру. Тарих пәнiнiң көптеген пәндерден ерекшелiгi – негiзiнен өте ертедегi фактiлердi, оқиғаларды баяндайтындығында. Оларды құр атап айта салсақ оқушыда ешқандай бiлiм қалыптаспайды. Бiлiмдi қалыптастыру үшiн өткен оқиғаның, фактiнiң бейнесiн оқушының көз алдына келтiре отырып, оларда сол оқиға туралы түсiнiк қалыптастыруымыз керек. Ал, түсiнiктер сезу, сезiну арқылы қалыптасады, ол екi тәсiлдiң көмегiмен жүзеге асады: көру арқылы –демек көрнекi, техникалық т.б.   көрiнетiн құралдар көмегiмен және мұғалiмнiң тарихи фактiнi суреттей, сипаттай айтуымен. Бұл мiндеттi жүзеге асыру үшiн қандай фактi, оқиға туралы тарихи түсiнiк қалыптастыратынымызды бiлуiмiз керек. Тарихи түсiнiктер үш түрлi обьектiлер туралы қалыптасуы тиiс.

а) қоғамның өткендегi  барлық тарихын, фактiлердi қамтитын: материалдық өмiр-тұрмыс (еңбек құралдары, адамдар кәсiбi, шаруашылықтың түрлi салалары т.б.), әлеуметтiк-саяси өмiр (әртүрлi таптардың өкiлдерi: құл, феодал, капиталист, жұмысшы, мемлекеттiк құрылыс т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс тарихының оқиғалары (қару-жарақ, шайқас алаңын әскерлердiң орналасуы), тарихи-мәдени өмiр (халық тұрмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсiнiктер.

ј) тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғаның белгiлi бiр уақытта болуы, оқиғалардың ретi, ұзақтығы) түсiнiк қалыптастыру қоғамның пәрмендi дамуын түсiнуге мүмкiндiк бередi.

б) тарихи кеңiстiк туралы (тарихи оқиғаны сол әрекет -қимыл болған жермен байланыстыру, тарихи оқиғаны локализациялау - жергiлiктендiру…) тарихи география –географиялық ортаның оқиғаның, қоғамның, мемлекеттiң т.б. дамуына қалай әсер ететiнi туралы түсiнiк қалыптастырады.

в) тарихи қозғалыс.

Сөйтiп тарихты оқыту барысында үш түрлi түсiнiк қалыптастырылады екен

Тарихи ұғымдарды қалыптастыру. Кез келген пәндi, ғылымды бiлу, меңгеру деген, оның ұғымдар жүйесiн меңгеру деген сөз. Мектеп қабырғасында оқушылар тарих пәнiн жетi жыл оқығанда оларда 300-дей ұғым қалыптасады. Әрине олар тек тарих пәнiнiң ұғымдары емес. Тарихи бiлiмдi меңгеруде ұғымдарды қалыптастыру маңызды орын алады.

Оқыту барысында тарихи түсiнiк те, ұғым да қатар қалыптаса бередi. Бiрақ айырмашылығы мынада. Тарихи түсiнiк әр оқушы да түрлiше қалыптасуы мүмкiн, ал ұғым бәрiнде бiрдей қалыптасады немесе қалыптасуы тиiс. 

Тарихи материалдың мазмұнына қарай ұғымдар сұрыпталады, оның да ұстанымдарын жақсы бiлу керек. Өйткенi оқулықтарда кездесетiн бiрқатар ұғымдар басқа пәндермен байланысты. Мысалы, экономикамен: инвестиция, нарықтық экономика, дағдарыс сияқтылар, әлеуметтiк құбылыс, мемлекет, қоғамның саяси жағдайы, әлеуметтiк-саяси мәселемен байланысты ұғымдарға жатады, тарихи-мәдени рухани және материалдық мәдениет ал дiн, ғылыми коммунизм, утопиялық социализм т.б. идеологиямен байланысты. [5].

    Сөйтiп, оқушыларда тарихи бiлiмдi толық әрi берiк қалыптастыру үшiн тарихты  оқыту үрдiсiнiң  негiзгi сатыларын тарихи түсiнiктердi, ұғымдарды, заңдылықтарды тиiстi дәрежеде оқыту қажет екен.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Сембаев А.И. (1962) История развития советской школы в Казахстане. Алма-Ата: Казучпедгиз - 344 с. 
  2.  Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) (1982) Бес томдық. ІІІ том. Алматы: Қазақ ССР-нің  «Ғылым» баспасы - 560 б.                                                                                
  3.  Смайылова М., Қаратаева С. (1995) Қазақ кашаннан хат таныған? / / Қазақ тарихы. 1995. № 3. 37-38 6. 
  4.  Қайырханова Ф.К. (2010) Шоқан Уалиханов қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті туралы.
  5. Нәбиев Е.А. цифрлық мектеп // Қазақстан мектебінің директоры. – Астана, 2010. – № 1. – С. 6-9.
786 0
Гүлбаршын Қырғызхан, «№37 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі, «6D011400- Тарих» мамандығының докторанты Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Алматы қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000512
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: