Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI856

Ыбырай Алтынсариннің тәрбие институты

         Қазақтың даласындағы балаға тәлім беруге, сусындатып, ілім менен білімнің нұрын шашуға жаны құмар жандардың бірі болған Ыбырай Алтынсарин атамыздың келешектің кереметін тұрғыза алатын өскелең ұрпақ өкілдеріне қалдырған еңбектерінің мағынасы ұшан-теңіз екеніне бар қазақтың күмәні жоқ екені айқын да анық шындық. Осы еңбектің бірден-бір төрін атамыздың жазып кеткен «әңгімелері» алып отыр.

         «Тәкәппәршілік», «Түлкі мен ешкі», «Қанағат», «Алтын шеттеуік» секілді қысқа әңгімелерден біраз тәлім аламыз. Ал енді ата мен бала арасындағы диалогты мықты суреттеген сәт әрқашан есіңде жаңғырып жүреді. «Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» - деп сұрады баласы. Осы сұраққа атасы қисынды мағынамен келтіріп жауап берген екен. Бағусыз өссең қисық ағаштан айнымай өсесің, ал тәрбие көріп өссең тіп-тік боласың. Міне осы әңгімеде айтылған сөздердің атаның балаға деген ерекше мейірімін көрсетпек жайы бар.

         Себебі, тәрбие институты аса қатты дамыған даламызда отбасының әр мүшесі өскелең ұрпаққа өмірдегі маңызы басқа заттардан аса қатты көбірек бағаланатын, және де биік тұратын отбасылық құндылықтарды үгіттей отыра, күнделікті тұрмыста кездесетін заттардың кескінін мысал ете отыра насихаттаған. Егер де Ыбырай Алтынсариннің болашаққа үндеу ретінде жазылып, бүгінге жеткен әр әңгімесін талдасаң белгілі бір философиялық ойы бар, тәлімге және тәрбиеге толған тармағы көп ұзын дастан секілді сөз қатарлары бар ғаламат дүниені  оқығандай сезімде болатының тағы бар.

         Бұл ретте Ыбырай Алтынсаринның әңгімелерін оқитын, не оқыған тәлімгердің сезімін талдадауға тырыстық. Атаның бақшадағы ағаштарға тамсанған немересіне сол бұтақтардың бейнесін бөлек қырынан танытып, адам тәрбиесін саралаған кезін ұғына отырып, талдадық. Сөз соңында, Ыбырай атамыздың әңгімелеріндегі тәрбиені қорытындылай келе, ұлы ағартушының мұрасын келешекке мирас етуін – Ыбырай Алтынсариннің «Тәрбие институты» деуге әбден болатындығын айтқым  келеді. 

 

 

163 0
Мейрамкул Булебаева, «№37 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алматы қаласы, Бостандық ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000511
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: