Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI85

География пәнін оқытуда Қазақстанның су айдындарының маңызы

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің басты табиғи компоненті болып табылады. Су ресурстары қоғам дамуының лимиттеуші факторларының бірі.Қазақстанның су ресурстары ғаламдық мәселелеге айналып,қазіргі таңда көптеген ғалымдардың  қызығушылығын туындатып отыр.География  пәні оқушылардың Жер асты суларымен таныса отырып,оның өте бағалы, пайдалы қазба екенін толық  ұғынады.Экономика салаларын сумен қамтамасыз  ету, әсіресе адам баласын сапалы ауыз сумен жабдықтауда жер асты суының маңызы зор екендігі айтпаса да түсінікті жәйт!

Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы.Ауыз су-тіршілік көзі, ол Жер шарының 3/4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұратындығын білеміз.Жер беті де ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су-бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.

Сусыз тіршілік жоқ! Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге бола тұрғанымен , сусыз ұзақ  мерзімде өмір сүру мүмкін емес екендігі бүгінгі ғалымдардың дәлелі.

Ғаламның,жаңа технологияның тым дамып,іргелі жылдамдықпен алда келе жатқандығыөз  кезегінде химиялық заттардың зиянды  қосылыстары  азық –түлікпен  адам организміне кері  әсерін  тигізуде. Судың ластануы әуелі су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіменбайланысты болады.Кейіннен, ластану бірінші ретті ластаушылардың  әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Судың ластануы ақырында су экожүйесін бүлдіруімен тынады.

Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктерінің жойылуына  әкеп соғады.Химиялық  қосылыстардың су айдындарына келтіретін залалы адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді. 

Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе.Оның зардаптары тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін естіп,көріп отырмыз. Бұл зкологиялық жәйт  бүгін ғана қозғалып отырған мәселе емес.Дүниежүзілік ғалымдардың басты назары да осында болып тұр.Суды  тазалаушы, ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын.Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.

Өз өлкеміздің табиғатынан сыр шерттетін Балқаш,Іле,Қаспий,Арал сынды бар байлығымызды   қори  білу, оны сақтау,жолдарын жасөспірімнің санасына жеткізу қоғамдағы әрбірімізге міндет саналады.

    Балқаш-Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.Каспий,Арал  теңіздерінен кейінгі үшінші орында.Алакөл ойысында,теңіз деңгейінен 340м биіктікте жатыр.

   Іле-Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы жерімен ағады.Су ресурстарының шамамен 30%-ы  Қазақстан, 70% -ы Қытай аумағында қалыптасады.

Қазақстанда атап айтып,түспен сипаттап көрсетерлік  географиялық табиғи орындары  көп-ақ.Әрқайсысының орналасқан орнына байланысты аңыздарға сүйеніп қастерлейтін халқы да бар.

    Қорытындылай келе,нағыз педагогтың мақсаты: адам бойына ең жақсы қасиеттерді сіңіріп, алдында отырған оқушының болашақта елжанды,табиғаттың жанашыры, патриот азамат болуға баулу.Қызыл  кітапқа енген жан-жануар,өсімдіктердің санының көбеюіне атсалысып,өздерінен кейінгі ұрпаққа да мирас  етіп табыстай алатын ұлт тәрбиелеу.

198 0
Асылбаева Гульшат Далигуловна, Қарағаш орта мектебінің география пәні мұғалімі. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Миялы ауылы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 00021
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: