Мұғалімдердің нәтижелілігін бақылау мен бағалау; коучинг пен тәлімгерлікті басқару мен жүргізу; мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау; командалық жұмысты және бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы білім сапасының артуына ықпал ете алатынымыз айқын. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» (Strong,Ward & Grant,2011) Яғни мұғалімнің құзырлы қасиеттері мен біліктілігін, икемдіктерін әділетті бағалау, оны бағалаушының да құзыретті болуын талап етеді. Тренерге (немесе әкімшілік мүшесіне) мұғалім жұмысының сапасын арттыруға ықпал ету үшін төмендегідей қағидаларды ұстанғаны абзал: әріптестерінің сабақ жоспарлары мен оқытуын бақылап, бағалау сәтінде тәлімгерлік қағидаттарына сүйену; кәсіби мүддеге, яғни мұғалімдер арасында кәсіби өзара құрмет таныту; бірге жұмыс істейтін мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыруға ұмтылу; жақсы жұмысты мойындаумен қатар жеке-дара стиль мен абыройды дамытуды қолдау; мұғалімдерге өз әлеуетін толық жүзеге асыруға көмектесу үшін мұғалімдердің қажеттіліктерін білу; әділ, шыншыл және тура болу, мұғалімдер үшін уайымдаудың маңыздылығын сезіну. «Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында, мектебіміздің көшбасшылары «Тиімді басқару және білім сапасы » атты командалық білім жетілдіру курсынан өтті. Курс мақсатына сай, жобалық жұмыс жасау үшін мектептің білім сапасына мониторинг жасалу нәтижесінде, 7-«А», «В» сыныптарындағы оқушылардың математика сабақтарында есеп шығару дағдыларының төмендігі өзекті проблема етіп алынды.
Жоба тақырыбы: 7-«А», «В» сыныптарына математика сабақтарында саралауды енгізу
Жоба мақсаты: 7-«А», «В» сынып оқушыларының математика сабақтарында есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
Жоба негізі: Математика сабақтарында есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру үшін, балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруда саралау тапсырмалары жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Саралау тапсырмаларын орыандау барысында оқушылар деңгейлеріне сәйкес есептерді шығара алады. Сондықтан, 7-«А», «В» сыныптарын математика пәні бойынша сабақ беретін пән мұғалімдерінің тәжірибелеріне білім алушыға бағдарланған білім беру трендінің саралап оқыту механизмін енгізу жоспарланды. Осыған орай өткізген «Саралау тапсырмаларын тиімді қолдану- табысты оқыту нәтижесі » тақырыбында өткізілген коучинг жоспарымды ұсынамын.
Тақырыбы | Оқу үрдісіндегі саралап оқытудың әдіс- тәсілдері | 10.11.2021ж. | ||||
Мақсаты | Математика пәнін оқытуда саралау әдістерін тиімді қолдану арқылы білім мазмұнын меңгерту. | |||||
Күтілетін нәтиже |
| |||||
Ресурстар, қолданылатын материалдар | Түрлі түсті қағаздар, смайликтер, постер, маркерлер | |||||
Әдіс-тәсілдер | Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, «Миға шабуыл»
| |||||
Коучингтің жүру-барысы | ||||||
Жұмыс түрі | уақыты | Коучтің іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | Кері байланыс | ||
Психологиялық дайындық «Ай. Ақ түсті келбет. Қара түсті келбет». | 2 мин | Топта ынтымақтастық орнату мақсатында ұйымдастырылады. «Ай. Ақ түсті келбет. Қара түсті келбет». Сүретте не көріп тұрсыздар? Өзіңізді сипаттаңыз.
| АЙ
| Көңіл күйлерің қалай? Смайлик арқылы көрсету. | ||
Топқа бөлу «Мозаика» | 2 мин | Түрлі түсті қағаздарға жазылған бағдарламалар ұсынылады, түстерді таңдап, 4 топқа бөлінеді | Қызыл, көк, сары және жасыл түстер бойынша бөлініп отырады. | «Жарайсыңдар!» | ||
Шындық па әле жалған ба? | 5мин | 1.Саралау – бұл философия және модель, тиімді оқыту мен үйрету стратегиялары. 2.Саралау – бұл ең алдымен оқуға деген көзқарасы басқаша оқушылардың белгілі бір топтары, жеке білім беру бағдарламасы 3. Саралау – бұл оқушылардың берген жауаптарына, оқуына тұрақты талдау. Саралау оқушы қажеттілігіне сәйкес жасалатын түзетулерді талап етеді. 4. Саралау оқушылардың дайындығы, оқуға деген қызығушылығы секілді міндеттерді талап етеді. 5. Саралау кейбір оқушыларға стандарттан тыс болуға мүмкіндік береді. 6. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы. 7. Саралау оқушыларды қабілеттілік бойынша топтастыруға сүйенеді 8. Саралау – бұл стратегиялардың, құралдардың немесе оқытудың жиынтығы | Шындық болса жасыл түс, жалған болса қызыл түс көтереді | |||
«Постер» қорғау Топтық жұмыс
| Топта талдау -5 мин Қорғау-2/8 мин
| 1 топ- Саралап оқыту дегеніміз не? Оқытуды саралау «жеке оқушылардың арнайы оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әдеттегі оқу бағдарламаларын бейімдеуді» көздейді. Бұл үдеріске «білім беру бағдарламарының мақсаттары, оқыту әдістері, ресурстар мен оқу жаттығулары жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп жоспарланатын үдеріс» деген анықтама берілген. 2 топ- Саралап оқытудың тәсілдері қандай? Тапсырма. Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі. Нәтиже. Нәтиже дегеніміз – сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Жұмыс қарқыны. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қорытынды: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетінін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Қолдау. Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Ресурстар. (дереккөздер) Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әртүрлі ресурстар ұсынылады. Топтау. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған Рөлдер. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады. Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Диалог\Сұрақтарды пайдалану. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің қоятын сұрақтарын және оқушылардың берген жауаптарын саралайды. Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді.. 3топ- Оқытуды саралауда мұғалімдер алдында қандай кедергілер кездеседі?
4 топ- Оқытуда саралап әдістерін қолдану нәтижесі қандай? Оқушы не үйренеді? (мазмұн)
Оқушы оны қалай меңгереді? (үдеріс)
Оқушылардың меңгергенін қалай көреміз? (өнім)
| «Бас бармақ» әдісі | |||
«Ойлан-жұптас-бөліс»
| Ойлануға- 3 мин. Қорғау -3 /3 мин
| 1 топ- Сабақтардан қандай саралау әдістерін байқадыңыздар? 2 топ- Саралап оқытудың тәсілдері қандай? Сабақтағы көрініс тапқан саралау әдістерін дәлелдеңіздер! 3топ- Сабақтағы қолданылған саралау әдістерінің пайдасы қандай болды? | Өз ойларымен бөліседі. | «Қол шапалақ-тау» әдісі | ||
Іс-тәжірибеден... «Саралау менің тәжірибемде...» | 10 мин | Коуч өз сабақтарындағы саралау әдістерін анықтап, дәлелдеп баяндайды. | Схема арқылы, фотосурет-тер арқылы түсінеді. | |||
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» | 2 мин | Коуч мұғалімдерге кері байланыс ұсынады.
| Мұғалімдер істеген жұмыстар нәтижесінде пікірлерін білдіреді. |
| ||
Әр басшының мақсаты, кемшіліктерді ғана көріп қоймай, мұғалімнің кәсіби дамуына неғұрлым ұтымды жолмен ықпал ету керектігін түсіну және біліктілікті арттыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды жиі өткізіп, біріккен талқылау жасағанда ғана мұғалімнің кәсіби дамуы арқылы мәртебесінің де көтерілетіні ақиқат.