Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI820

Сапалы білім беру-жүйелі ұйымдастыруда

        Сапалы білім беру- оқыту мен мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі.Қазіргі кезде білім берудегі мақсаттың бірі жан-ақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой – пікірі бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығы қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау жүргізу. 

          Балалардың  білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

         Қазіргі заманға сай сапалы білім беруге ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану өте  тиімді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді  және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.  АКТ құралдарына :

  1. Теледидар бағдарламалары
  2. Сандық теледидар
  3. Интернет
  4. Ұтқыр қондырғылар
  5. Компьтер/ ноутбуктар

Сандық бейнені қолдану.  Түсірілген бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін және жеңіл қолданыста болатын бағдарламалық жасақтама. Бұл  бағдарламалық жасақтама оқушылардың ұшқыр қиялдарының  шарықтауына мүмкіндік берді.

Аудио және подкастинг. Подкастинг балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте  үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Ол радиоқойылымға ұқсас, бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы тыңдай алады. Подкаст жасаудың  балалар үшін берері мол:

  1. Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын аудиторияны құрайды
  2. Сауатты дағдыларын дамытуға көмектеседі ( сценарий, сұхбат жазу) әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ  АКТ-ні қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді
  3. Подкасттар интерактивті бола алатындықтан аудитория өз пікірлерін білдіре алады, бұл балаларға  өз жұмыстары туралы бағалы кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

Подкастқа мектеп жаңалықтарын, балалар жұмыстарын, өлеңдерін, сұхбат, музыкаларын қосуға болады.

             Активстудио бағдарламасы.  Интерактивті  тақтада активстудио бағдарламасы  арқылы  өткен әрбір  сабақ  қызықты да тиімді болып өтеді. Ол оқушылардың қызығушылығын ғана оятып қоймай, сондай- ақ ойлау қабілеттерін шындай түседі. Сергіту сәтінде интерактивті тақтада көрнекі жазылған ребус, жұмбақ, басқатырғыштарды шешу арқылы, ақыл- ойын, ынтасын, зейінін дамытуға болады. Тақырыпты пысықтау үшін оқушыларға  әр түрлі тапсырмалар,  тақырыптық тесттерді қолданамын. Бұдан шығатын нәтиже: сөздік қорын толықтырылады, жүйелі ойлау дағдысы дамиды.

           Презентация жасау бағдарламасыMicrosoft  Power Point бағдарламасы арқылы оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарына презентация жасап, оны көпшілік аудиторияда қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Презентацияны  оқушы өз шығармашылық деңгелеріне қарай жасайды: суреттер қойып, музыкамен сүйемелдеуге де болады. Бұл бағдарлама арқылы оқушы өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асыра алады. Шығармашылық — өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың  таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

           Мұғалімдердің тағы бір және де өте маңызды міндеті- дарынды балалармен жұмыс істей білу. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Олар сондай- ақ бір салада қабілетті болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін.Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттерін, біліктілігін мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай туғызу мұғалімнің, ата-ананың міндеттері болып табылады. Мұндай талантты балаларды түрлі сайыстарға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға  қатыстырып өздерінің қабілеттерін шындата түсіреді.

           Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады. Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды. Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптары орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында  бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып қарастырдық да, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым:

  1. оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
  2. қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
  3. қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
  4. оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
  5. қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. 

 

          Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Мектепте қазақ әдебиетін оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар, оқушылар өздері ізденеді, тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні ашылып, талданады, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырылып, сыйластыққа үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары да арта түседі деп ойлаймын

284 0
Индира Нурбергенова,Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№22 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000500
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: