Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI815

Ұлы даланың жеті қырымен танысу - рухани жаңғырудың бастамасы болмақ

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

Нұрсұлтан Назарбаев


Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шыққан болатын. Аталған мақала қазақ халқының төл мәдениетін біраз тарамдап, тарих беттерін парақтады. Еліміздің сан ғасырлық тарихына көз жүгіртті. Өткенін білмей болашаққа бағдар жасау әсте мүмкін емес. Алдымен елбасымыз кеңістік пен уақытқа тоқталып, біршама өзгерісті атап өткен болатын. Содан бері мәдениетімізде, әдебиетімізде жанданды. Бұл мақала жарық көрмей тұрып, бір жыл бұрын Елбасымыздың «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар» атты мақаласы жарық көрген болатын. Ол мақалада алдымен ұлт пен адамзаттың рухани құндылығы басты назарға алынады. Алға қойылған нақты мақсат ретінде қоғам мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмірін түбегейлі өзгертуге арналған мүмдіктер қарастырылады.

Білімнің салтанат құруы және ұлттық құндылығымыздың жоғары деңгейде қалыптасуы еліміз үшін бірден-бір жарқын болашақтың кепілі. Әрбір қазақстандықтың сауатты және білімге құштар болуы  еліміздің ертеңі.Сонымен қатар, жас ұрпаққа саналы жол мен еліне деген шексіз сүйіспеншілігін арттыру қазіргі таңның негізгі мақсаты. Патриотизм – өлшем бірлігі жоқ тұлғаның ішкі жан дүниесінде қалыптасқан жігері мен қайраты.

Туған жерге, елге, халыққа құрмет көрсету халқымыздың байырдан келе жатқан бай мұрасы. Сол арқылы келешек ұрпаққа жол сілтеу қоғамның алғышарты. Елбасының мақалада тілге тиек етіп алатын тағы бір ерекшелігі- ата – бабамыздан келе жатқан,   салт-дәстүрді жаңғырту. Дәстүрсіз қалыптасқан елдің жойылып кету қауіпі саналы түрде. Ұлттық құндылық пен салт – дәстүрімізді сақтап келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.

Әрбір қазақстандықтың білімге құштар болған сайын, іргелі елдердің жастарымен теңесіп, бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Нақты міндеті-қоғам үшін пайдалы  өнім ұсыну. Білімге құштар азаматтардың көп болуы, саналы тұрғыда халықтың да бәсекеге қабілетті болуы.

Туған жер - адам үшін мәңгі есте сақталатын, балалық шағының бір-белесі. Ауылдық елді - мекендердің жағдайын жақсарту және жастарды ауылға тарту мәселесі де назардан тыс қалмады. Туған жер - халқымыз үшін салт-дәстүрге бай орта. Сондықтан аталмыш жаңғырудың бір бөлігі де осы.

Елбасының  жария еткен әрбір бағыты - қоғам үшін, адамзат үшін кемелденудің жарқын жолы және экономика мен барлық саланың дамуына ықпал ететін үлкен бір фактор.

Еліміз қалыптасқан уақыттан бері теңдессіз ауыр кезеңдерді басынан кешірді. Тәуелсіздікке қол жеткізген халқымыз, болашақ ұрпақтан білім мен мәдениет жолына түсуіне үлкен мүмкіндік берді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалана білу тек өзіміздің қолымызда.  Білімнің негізі әрбір елдің дамуға жол көрсететін сарқылмас қайнар көзі.

Халқымыз сан ғасырлық тарихи даму кезеңінде  басынан қиян-кескі, зұлмат оқиғаларды бастан кешірді. Осының өзі біздің елімізді алға жетелейтін күш. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу арқылы біз өзімізге деген  құрметімізді одан әрі жетілдіре түсеміз.

Қазіргі біздің басты мақсатымыз - әрбір қазақстандықтың бойына рухани адамгершілік пен кемелдену жолын ұсыну. Еліне деген әрбір адамның сүйіспеншілігі бізді ұлттық болмысымыздың мызғымас берік болмысы.

Дәстүр мен жаңашылдық сипатын бірге қалыптастыру жарқын болашаққа есік ашатын кілт. Еліміздің іргесін мығым етіп қалыптастыру  жастарға берілген үлкен бір міндет. Рухани тұтастық пен өткеннің тәжиірбесін бойға сіңіру патриотизмнің алғышарты. Елбасының көрегенді саясатына арқау болған бұл мақала еліміздің даму кезеңін, сындарлы саясатын арқау ететін еліміздің даму тарихы.

Еліміздің алдына қойған таяу жылдардағы мақсаты 2025 жылға дейін латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиін қолданысқа енгізу. Әліпбиге көшудегі негізгі мақсат - қазақ тілінің өзіңе тән үндесім заңдылығын сақтау. Тіліміздің тазалығын, көркемдігін одан әрі кеңейту.

Қоғамдық сананы жаңғырту мен кемелденуіне арналған жобаның бірі елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жобасы. Бұл іргелі жоба сана мен ұлттық мүдденің қалыптасуына арналған  идея. Рухани жаңғыру дәуірі мақсат пен мүдденің, сана мен   қазақилықтың  жоғары деңгейге көтерілудегі сарқылмас күші. Жаңғыру кезеңі - еліміздің бүгіні мен болашағы. Жас ұрпақтың бойына  патриотизм мен рух беру жаңғырудың үлкен бір процесі. Мақаланың бірден көзге - бір мақсаты қазіргі жаһандану заманында қоғамға түзу жол көрсетіп, адами құндылықтадан айырылып қалмауына үлкен септігін тигізу. Расында, өткенді саралай келе біз алдағы уақытқа үңілеміз. Келешек ұрпақтың тәрбиесі жаңашылдықпен қатар, тарих қойнауында ұмыт болып келе жатқан өткен естеліктерді жаңғыртып еселендіруге баулыйды. Мәдениеті мен әдебиеті қатар дамып келе жатқан еліміздің болашағын жарқын ететін осы келер ұрпақ. Сол себепті олардың тәрбиесіне бүгіннен мән берсек, елдігіміз мәңгілік болмақ. 

197 0
Амиркулова Гульмира Рамазановна, 4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қарағанды облысы, Балқаш қаласы Ұлы дала ұстазы № 001095
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: