Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI777

Бармағынан бал тамған Ақнұр

Баланың аты-жөні: Сақтаған Ақнұр

Баланың жасы: 3 жас

 

  Сақтаған   Ақнұр «Ұлан» бөбекжайының «Қыран» кіші тобының табалдырығын  3 жасында аттаған болатын. Ақнұр пысықтығымен, алғырлығымен, көшбасшылығымен ерекшеленетін. Оның ерекшелігін  күнделікті іс-әрекетінен, сөздік қоры дамыған, жан-жақтылығын, өзін ересек адам секілді ұстайтындығын байқадым. Бір күні күннің екінші жартысында ойын, дербес әрекетінде Ақнұр «Асхана» заттық- дамытушы орталығынан ыдыстарды алдына жинап алып, дайындалып жүрді. Одан әрі  не істейтінін  сырттай құрылымдалмаған бақылауға алдым.  Ол алдындағы қуыршаққа ыдыстарды таныстырып ойнап отырды.Бір кезде қасына досы Гүлсезім келді 

-Гүлсезім, мен шәйді қалай құюды білемін, деді Ақнұр

-Маған  шәй құйып берші, деді Гүлсезім күлімсіреп

-Бірінші сүт,одан кейін  қара шәй, сосын ыстық су құямыз деп ойыншық ыдысты Гүлсезімге ұсынды.

-Сен бауырсақты қалай дайындайтынын білесің бе?деді Ақнұр

-Жоқ, бірақ бауырсақ жегенді жақсы көремін.Ал сен ше? деді Гүлсезім

-Менде білмеймін, бірақ анамнан үйреніп алғым келеді,деді Ақнұр

 

       Екеуінің диологын аяқталғанын   күтіп, содан соң Ақнұрдың  жанына барып:

 -Ақнұр, саған ас дайындау ұнай ма? дедім

-Иә, бірақ мен әлі кішкентаймын ғой деді Ақнұр

 Оның бұл жауабынан қызығушылығы болғанымен анасының айтқан ескертпесін түсінгенін байқадым. Бірақ ас дайындауға, аспазшы мамандығына қызығушылығын ары қарай дамытқым келді. 

  Келесі күні «Мамандықтың бәрі жақсы» апталық тақырыбыма сәйкес ҰОҚ «Қатынас» білім беру саласында «Мамандықтар» туралы мәлімет бердім. Мамандықтың түрлерін, атқаратын қызметін  слайд арқылы, видеоролик арқылы таныстырдым. Әр адам өзі жақсы көретін мамандық иесі болу керектігін айтқанда Ақнұрда өз ойын айтқысы келіп отырғанын білдім.

 Балаларға тікелей «Өскенде кім болғың келеді?Ата-анаң кім болып жұмыс жасайды?» деген сұрақтар қойдым. Осы кезде Ақнұрдың «Өскенде аспазшы боламын» деген даусы жарқын шықты. Балалар кезекпен өздері білетін, танысқан мамандықтарын айтып отырды. Онан соң  педагог жетекшілігімен жүргізілетін дидактикалық ойын «Кімнің құралы?»

Смарт мақсат: Мамандық түрлерін, құралдарын ажырата алады және біледі.

Ойын шарты: Көрнекілік суреттері бар мамандық түрлерінің суреті әр балаға таратылып берілді.Мамандыққа сәйкес келетін керекті құралды тауып орналастыру керек. Балалар мамандық түрлерімен қоса оларға керекті құралдарды да ажырата білді.

  Осы кезде Ақнұр өзінің  аспазшы мамандығына қызығушылығын тағы да  байқатты. Ас дайындау үшін керекті құралдардың атын, ыдыстарды не үшін пайдаланатынын айтып отырды. Мен қасына барып  атаған үй ыдыстарын неге  керектігін күрделі сұрақ қою арқылы  сұрадым. Ол суреттегі оқтау қамырды жаю үшін, тақтай көкөністерді турау үшін, мына табаға анам жұмыртқа қуырады деп жауап берді.Аспазшы мамандығына тағы не керектігін сұрадым.Торт пісіру үшін миксер керек, ол араластырады сосын пешке салып пісіресің дегенде барлық баламен қоса оның жауабына менде таң қалдым.Себебі оның жасындағы және жанындағы балалардың көпшілігі   алдарына берілген көрнекіліктегі суреттердегі мамандыққа керекті құралдарды ғана   атын айтып отырды.Мен балаларды мақтап, мадақтап отырдым.

   Анасы қызының үйде ас дайындағанда жанында жүретінін бірақ кішкентай болғасын рұқсат бермейтінін айтты. Анасы Ақнұрдың бұл қызығушылығына таңданып, бір жағынан мақтана айтты. 

   Наурыз мерекесі де жетті, Ақнұрға анасымен   «Жұлдыз болғым келеді» сайысына қатысуға ұсыныс жасадым.Себебі бұл сайыста анасымен бірге ас әзірлеп, қыздарымыз өзінің жан-жақтылығын көрсетеді. Ақнұр қуана анасымен бірге қатысып, тәтті печеньенің жасалу әдісін ретімен айта отырып, жасап көрсетті. Сайыста  жүлделі орынға ие болды.


 

  Ақнұр бүгінде 5 жаста, ол анасымен дәмді тоқаштар, құймақ,салаттар, торттар дайындай алады.Ол сонымен қоса өз қатарластарына арнап блогерлік мақсатта қауіпсіздік ережелерін сақтай отыра анасымен бірге көптеген видеолар түсіріп әлеуметтік желісіне жариялап жүр. Баланың бойынан жұлдызды қабілетін тауып, жарқырауына септігім тигеніне өте қуаныштымын. Ақнұрдың бойында басқа балаларға қарағанда  шығармашылықпен қатар  өз-өзіне сенімділік басым бола бастады.

Бұл нені білдіреді?

Ақнұрдың   кішкентайынан ерекше қабілетінің болуы болашағына айқын мақсат қоя отырып, соған жету үшін көп ізденетінін, қызығушылығын арттыра отырып аспазшы болуына мүмкіндігі мол екендігін білдіреді.

Мүмкіндіктері:

 Пысық, ашық ,көпшіл Ақнұрды отбасы да жостарында өте қатты жақсы көріп, жақын тартады. Ақнұрды ата-анасы қызығушылығын арттырса бас аспаз болатынына сенемін!

Ата-анаға арналған сұрақтар:

-Балаңыздың   ас дайындауға икемін, қызығушылығын байқадыңыз ба?

-Ақнұрды сайыстарға қатыстырғыңыз келеді ме?

 

Баланың осы бір ерекше қабілетін ашу мақсатында бақылауға алдым.Танымдық оқиға арқылы   баланың дамуын бақылап, қажетті ресурстар жинақтап одан әрі өзгерістер енгіздім. Жаңартылған бағдарламаның   түйінді идеяларын пайдалана отырып бала үнін, 4К моделі,ойын барысында бақылауға ала отырып тұтас бала бейнесі қалыптасты. Бала үні баланы өзіне керекті дербестігі заттық-дамытушы ортада өзін еркін сезініп, ас дайындауға қызығушылығы, оның тағы да басқа дәмді тағамдар дайындауға қажеттілігі артты. Жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы Ақнұрдың   қызығушылығын дамыта отырып, алға қойған мақсатын жетілдіріп, баланың дамуына ықпал етуді мақсат етіп алдым. Баланың   шығармашыл ерекше ас дайындауға деген қызығушылық танытқан күшті тұстарын бақылау арқылы бағалау жүргіздім. Баланы күнделікті бақылау жазбаша түрде жүргізе бастадым. Оның не жасай алатынын, ҰОҚнен,  педагог жетекшілігімен жүргізілген дидактикалық ойын кезіндегі іс-әрекеттері оның жеке қасиеттерінің, командамен жұмыс жасаудағы белсенділігін мұқият анықтап жазып отырдым. Ақнұрдың педагог жетекшілігімен жүргізілген ойын барысында креативтілігі, сыни ойлауы, сөздік қоры, командамен жұмысы балалармен қарым-қатынасы,білік-білім дағдылары қалыптасты.Ақнұрды бақылаудың нәтижесінде оған оқытудың идеясы  жақын арада даму аймағы  технологиясын пайдаландым. ЖАДА баланы жан-жақты дамытатын дағды мен қабілеттерін,өз бетінше орындай алмайтын тапсырмаларды ересектердің көмегімен және қолдауымен іске асырылады. Л.С. Выготский бұл жағдайда «қарым-қатынасты оқытудың негізгі құралы» деп есептейді. Саралап оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдаландым.Үдеріс арқылы саралау-жуан, жіңішке сұрақтар қойдым, өнім арқылы, оқу ортасы арқылы саралау – қажетті материалдарды  пайдалана отырып дағдыларын дамыттым. Ақнұр анасынан және құрбы-достарынан  басқарушылық сезімі мен өз қабілетіне деген қолдау көргеннен кейін сенімділігі дами түсті.Ол қателесе отырып үйренді, қиын деген тағамдарын дайындай алатынын білгенде өзін керемет сезінді. Ақнұр бүгінде 5 жаста болғандықтан анасына ұсыныс жасадым. Қызыңыздың  жасаймын деген  тағамдарын өз бетінше  орындауға қабілетті бола бастағанда немесе  өзін-өзі реттей отырып жауапкершілікті алғанда көмек қолын созбай өзі барлығын жасауға мүмкіндік беріңіз дедім. Нәтижесіне жоғарыдағы фотолар дәлел.  Бағдарламаның түйінді идеяларының формалары мен әдіс – тәсілдерін, білік – дағдыларын жүйелі түрде жоспарлап, таңдалған тәсілдердің тиімді тұстары арқылы бала бойындағы процессті дамыту болып табылды.

 

 

 

285 0
Сұлушаш Қабиева, «Ұлан» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК-нің тәрбиешісі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000919
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: