Мақсаты: Тапсырыс пен сөздік мағынасы бойынша, заттар түсіне бағыттала заттарды іріктеп таңдауды үйрету; балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту; балаларды əртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып, қоршаған ортада бағдарлау тəжірибесін кеңейту.
Білімділік: Балаларға таныс геометриялық фигуралар (шеңбер, үшбұрыш, шаршы) туралы білімді бекіту.
Дамытушылық: Қабылдауды, есте сақтауды, көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту.
Тəрбиелік: Талпынушылық пен білуге деген құмарлыққа тəрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Құрсау, геометриялық фигураларға ұқсас заттардың суреті; геометриялық фигуралар (шеңбер, үшбұрыш, шаршы) бейнеленген карточкалар; геометриялық фигуралар салынған қапшық.
Сөздік жұмыс: дөңгелек.
Оқу қызметінің кезеңдері
Тəрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық –Қозғаушылық
Ойындық жағдаят.
Тəрбиеші балалардың дөңгелек сызық бойына тұруын сұрайды.
Сөздік жұмыс: дөңгелек.
- Балалар, қараңдаршы, біздің дөңгелек қандай үлкен.
Ол күнге ұқсайма?
- Кəнеки, біздің күнімізге сəулелер жасайық. Оң қолдарың мен құрсауды ұстаңдар, ал сол қолдарыңды сыртқақарай созыңдар. Міне, біз сəулелер сияқтымыз!
Балалар əткенше койнау ұсынылады.
- Күн, құрсау қандай пішінге ұқсайды?
Қостілділік компонент: дөңгелек-круг.
Балалар дөңгелек сызық бойына тұрады.
«Дөңгелек» сөзін қайталайды.
- Иə, күнге ұқсайды.
Тəрбиешінің айтқанын орындайды.
- Дөңгелекке.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Үстелде геометриялық пішіндерге ұқсасзаттардың суреттері қойылған. Балалардан сұрайды:
-Заттар қандай пішіндерге ұқсайды?
Əр балаға кез-келген затты таңдап жəне сəйкес белгісіне қарай (пішіні бойынша) үстелге қоюды ұсынады.
Балалардан заттардың түсі мен өлшемін анықтап сұрайды. Заттың пішінін саусақпен жүргізіп шығуларын ұсынады. Балалардың заттарды дұрыс орналастырғанын тексереді.
Сергіту сəті.
Келе жатты үйлеріне үш аю,
Ең үлкені іштерінде əке-аю.
Сəл аласа бойыменен ана-аю.
Ал ұлдары болды ғой тым кішкентай,
Жүрген еді, сылдырмақты тастамай.
Балалардың жауаптары:
-дөңгелекке.
Саусақтарымен заттарды айналдыра жүргізіп шығады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
«Қапшықтан алып шық» ойыны. Үстел үстіне бір фигураны қояды. Балалардың біреуі шығып, қапшықтың ішінен дəл сондай фигураны табуларын сұрайды.
-Бүгін біз геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрендік, олардың неге ұқсайтынын білдік. Сонымен қоса, олардың əртүрлі түстер мен өлшемнен болатынын білдік. Жарайсыңдар!
Сипап ұстау арқылы қапшықтың ішінен алып шыққан фигураның атауын бала атап, сосын түсі мен өлшемін анықтайды.
Күтілетін нəтижелер:
Нені біледі: геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың атауын; пішіндер атауын (шеңбер, шаршы, үшбұрыш);
Қандай түсініктерді игереді: пішіндердің түсі жəне пішіні бойынша салыстыру дағдысын; Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көрсетілім мен сөздік сипаттамаға бағыттала отырып, заттарды жинақтауды.