Авторлық бағдарлама
1. Түсініктеме хат мазмұны
Кез келген халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігі , арман – аңсарының жарқын айғағы. Қазақтың көркем қолөнері –өзінің бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыз дың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түрленудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті, ғылымды дамытуға барынша қолдау жасалынып отыр » -деген сөзі ұлттық мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылып отырғандығының бірден – бір айғағы. Эстетикалық тәрбие берумен қатар өзіміздің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға негіз болатын жағдай, қолөнеріне үйрету үйірмесі болып табылады .
- Міндеттері:
- Үйірменің жұмысы арқылы, оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді, мәдени-мұраларымызды, сәндік-қолданбалы өнерімізді жаңартуға баулу, бұйымдарын жобалау және жасау әдіс-тәсілдерін үйрету.
- Оқушыларды өздігінен ізденіп, ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын,қалай пайда болғанын түсініп ғана қоймай, оларды өз қолдарымен жасап, сәндік-қолданбалы өнерді қайта жаңартуға, оған жаңа мазмұн беруге баулу.
- Ата-баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық нақышта бұйымдарды жасау әдістерін меңгерту.
- Бұл бағдарламаны өткізу барысында басқа пәндермен байланысы көрініп тұрады.Бағдарлама тарихпен,бейнелеумен тікелей байланысты болып табылады.
- Берілген бағдарлама бұрынғы бағдарламадан айырмашылығы, өрім түрлерін күнделікт қолданыстағы бұйымдарға пайдалану.
2.Тұрақтылау(мазмұндық)бөлімі:
Бұл бағдарламаның мазмұндық бөлімі оқу пәнінің құрылымын пысықтап,тың деректер ұсынады.Оқушылар жан-жақты пәндік және ғылыми,дүниетанымдық,ізденушілік қабілеттерін дамытады.
3.Нормативті бөлімі:
Элективті курс бағдарламасын құруда оқу жылының тоқсандары бойынша жоспарланып,жылына 34 сағат негізінде аптасына 1сағат көлемінде жасалынды.Бағдарламаның әр қайсысының өз тұстарында жұмысты қалай жүргізу керектігі туралы мәлімет берілген,
4.Ақпараттық - әдістемелік бөлімі:
Оқушылар көбінесе алған білімдерін шығармашылық сипатта көрсете білуі тиіс.Оқушылар білімін бағдарламада көрсетілгендей шығармашылық жұмыстар және көрмеге қойылған заттар арқылы бағаланады.
Өрім өнері
5-сынып аптасына -1 сағат,барлығы-34 I тоқсан-8сағат
№ | Тақырып мазмұны |
| Өтілу түрі | Тиімділігі | ||
Барлық сағат саны | лекция | практика | ||||
1 | Қауіпсіздік ережесі.Былғарыны өңдеу технологиясы | 1 | 1 |
| лекция | Ұлттық мұраны тереңдетіп тану |
2 | Өрім түрлері | 1 | 1 |
| лекция | Ізденімпаздыққа бағыттау |
3 | Таспа тілу | 2 |
| 2 | лекция | Қайшыны дұрыс қолдануды мен қатар дәлдікпен нақтылыққа үйрету |
4 | Тұмардың бауын өру | 2 |
| 2 | практика | Қол икемділіктерін дамыту |
5 | Таспа түю | 1 |
| 1 | практика | Төзімділікке тәрбиелеу |
6 | Өрілген таспаны бояу,тұмарға бекіту | 1 |
| 1 | практика | Ұқыптылыққа тәрбиелеу, түс тану қабілетін арттыру |
II тоқсан- 8 сағат
1 | Білезік өру.Білезік туралы мағлұмат беру | 1 | 1 |
| лекция | Ұлттық өнерімізді тану |
2 | Жалпақтап таспа тілу | 2 |
| 2 | практика | Қайшыны дұрыс ұстауын үйрету |
3 | Тілінген сегіз таспа бойынша білезік өру | 3 | 1 | 2 | практика | Эстетикалық талғамын қалыптастыру |
4 | Таспаны түю | 1 |
| 1 | практика | Қолдарының икемділіктерін дамыту |
5 | Өрілген таспаны бояу | 1 |
| 1 | практика | Ұқыптылыққа тәрбиелеу |
III тоқсан 10-сағат
1 | Сөмкенің бауын өру.Он екі өрімнің қолданылуы | 1 | 1 |
| лекция | Зерттеу жасап,талдай білуге бағыттау |
2 | Таспа тілу | 2 |
| 2 | практика | Түзу тілуге үйрету |
3 | Он екі өрім өру | 3 | 1 | 2 | практика | Өрімнің реттілігін сақтауға үйрету |
4 | Өрілген таспаны түю | 2 | 1 | 1 | практика | Төзімділікке тәрбиелеу |
5 | Өрілген таспаны бояу | 1 |
| 1 | практика | Ұқыптылыққа тәрбиелеу |
6 | Өрілген бауды сөмкеге бекіту | 1 |
| 1 | практика | Көркемділікпен үйлесімділігін қалыптастыру |
IV тоқсан 8 сағат
1 | Белдік өру | 1 | 1 |
| лекция | Зерттеу жасап,талдай білуге бағыттау |
2 | Таспа тілу | 2 |
| 2 | практика | Түзу тілуге үйрету |
3 | Тілінген он екі таспа бойынша белдік өру | 2 |
| 2 | практика | Өрімнің реттілігін сақтауға үйрету |
4 | Өрілген таспаны түю | 1 |
| 1 | практика | Қолдары икемделеді |
5 | Өрілген таспаны бояу | 1 |
| 1 | практика | Бір текті бояуға үйрету |
6 | Өрілген таспаны бекіту | 1 |
| 1 | Практика | Көркемділікпен үйлесімділігін қалыптастыру |
Қолданылған әдебиеттер:
1.Дәстүр журналы №2(03) 2010ж
2.Қазақтың салт-дәстүрлерімен әдет-ғұрыптары,Атамұра баспасы
3.Қазақтың қолданбалы өнері Д.Шоқпарұлы Д.Дәркембайұлы
4.Қамшы және қамшыгерлік өнер, А.Тоқтабай