Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI756

Білім беру жүйесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері

        Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында Қазіргі уақытта ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс– тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар,себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

       Қашықтан білім беру қоғамның жаңа жағдайларына бейімделуіне ықпал ететін әлеуметтік механизмдердің бірі ретінде әрекет етеді.

       Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникациялар білім беруді және оқу ақпаратын қамтитын көптеген көздерге қол жетімділікті қамтамасыз ете алады, кейде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда әлдеқайда тиімді болып табылады.

      Әлемдік білім беру саласында соңғы жылдары ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану аясы кеңейді. Білім алу мүмкіндіктері артты: қашықтан білім алу, виртуальды кеңістіктегі әртүрлі тренингтер, онлайн–курстар, электрондық оқулықтар, бейнедәрістер, мобильді оқу, электрондық және цифрлық білім алу ресурстары, оқытудың әртүрлі платформалары т.б

    Қашықтан оқыту – бұл замануи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, білімді, дағдыны игерудің тиімді жолы. Оқушы мен мұғалім интернетбайланысы арқылы қарым – қатынас жасайды. Мұғалім тапсырмаларды әртүрлі интернет платформалары арқылы оқушыға береді және онлайн- чатарқылы оқушыға кеңес береді. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуалдық өзара іс –қимыл болып табылады. Қашықтан оқыту әдісін көбінесе жабық оқыту жүйесімен байланыстырады және мұндағы негізгі құрал интернет болып табылады. Виртуалды ортада оқыту процесін ұйымдастырудың стратегиялық бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Коммуникациялық технологияларды пайдалану.

    Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар онлайн, оффлайн, вебинар.

Ғаламтордың дамуымен бірге онлайн білім беру формалары да қатар пайда болды.

    Онлайн оқыту – интернет-ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта білім мен дағдыларды игеру процесі. Оқушылар сабақты кез – келген уақытта қайталап, қажетті жерлерін жазады. Онлайн оқыту оқушыға қолжетімді орта болып табылады.

     Оффлайн режимдегі оқыту-интернет-ресурстарының көмегі мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуыды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

     Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.

     Бүгінгі білім беру жүйесінде қашықтан оқытудың бірнеше платформалары қолданысқа енді. Атап айтсақ, Coogle, Classroom, Kundelik kz, Moodie  жүйелері, Bilimland платформалары т.б

   Қашықтан оқыту технологиясының ерекшелігі

  1. Мұғалімнің автоматтандырған жұмыс орны (электрондық  журналдар,күнделіктер, жоспарлау, ата – аналарды SMS- хабарландыру)
  2. «On – line» оқушы мен мұғалімнің әлемдік білім беру ресурстарына кез келген уақытта қол жеткізуі.
  3. Сандық білім беру ресурстары-кітапханалар, порталдар, электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлер, зертханалар:
  4. Ақпаратты қабылдаудың жаңа формаларын қолдану:
  5. Оқушылардың кез- келген санаты үшін білім алудың қол жетімділігі:
  6. Қосымша дерек ретінде көптеген анықтамалық ақпараттың үлкен көлемін пайдалану:

Қашықтан білім берудің дәстүрлі оқыту жүйесінен ерекшелігін талдайтын болсақ.

    Еркіндік  пен икемділік – өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі, яғни, оқушы сабақтың уақытын, орнын және ұзақтығын дербес жоспарлай алады. Ыңғайлы уақытта,ыңғайлы жерде жұмыс істеу,уақытты үнемдеу мүмкіндігі; 

    Ұтқырлық – мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы оқу пройесінің табысты болуы;

    Қол жетімділік – оқушының мектепте отырмай –ақ,білім қажеттіліктерімен шектелмеуге мүмкіндік береді;

     Технологиялық тиімділік-оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдану, желілік компьютерлік дағдыларды жетілдіру.

 Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы ең негізгісі  АКТ құралдары: қазақстандық платформалар. Осы телекоммуникациялық және ақпараттық құралдар негізінде әртүрлі педагогикалық қызмет түрлерін қолдануға болады. Мысалы,қашықтан іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар мен семинарлар, қол жетімді емес нысандарға виртуалды бару, виртуалды экскурсиялар, мектеп оқушыларының, сондай – ақ мұғалімдердің бір – бірімен компьютерлік хат алмасуы.

   Қашықтан оқыту формасы бүгінде уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырадыжәне жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына қарамастан және еліміз бен шет елдің кез- келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.

    Қашықтан білім алу жүйесі әр оқушының өзіндік қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік береді, оқушылардың заманауи білім негізі қаланды. Олардың жан- жақты білімділігі, әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуы қалыптасады.

    Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай- ақ онлайн сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контенетіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде оқушылар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.

    Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың келесі түрі – « E-Learning»

    E-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушыларның арасындағы байланыс өзгереді. Қазіргі таңда E-Learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды енгізіліп отырған оқытудың озық формалардың бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды.

  1.  E-Learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктер береді. Берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін өте қолайлы және ыңғайлы;
  2. Оқу материалын меңгеруде қиындық деңгейің, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;

E-Learning –тің басқа технологиясы – бұл мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми – әдістемелік зертеулер құрайды.

    Осылайша e-learning технологиясы-бұл оқыту ортасы, оның үрдісін жекеленуге болады, оқытудың жылдамдығы таңдауға болады.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Астана 2007
  2. Байкенова Б.А Ислямова С А «Оқыту үшін бағалауды жұзеге асыру(оқыту үшін бағалаужолын жүзеге асыруды оқыту платформасықалай жеңілдете алады?) «НЗМ» ДББҰ ПШО  Астана 2015

Ғаламтор ресурстары ttp // school ozin –ozi-tanu.kz / сілтемесінде орналастырылған «Бөбек» ҰҒПББСО ұсыны

957 0
Оразбаева Жанар Тускеновна №50 «Қазғарыш» мектеп- лицейінің Бастауыш сынып мұғалімі Нұр – Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 000597
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: