«Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді халқымыз. Ұрпағымыз жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз –оқу. «Надан жұрттың күні-қараң, келешегі тұман», -деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу ерекше қиын іс. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру - ұстаз парызы.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай ,оларды қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік жігерін,яғни жан-жақты, шығармашылығын дамыту міндеттері де тұр.
Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы.
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шыңдығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Олай болса, шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор. Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым, техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы,өңдірісті дамытанын бүгінгі мектеп оқушыларынан үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысының дұрыс ұйымдастыруымен байланысты.
Оқушылар жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін ұстаз қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдістемелерін қолдануы керек. Сабақты түрлендіріп өткізуде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады.
Шығармашыл тұлғаны қалыптастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа-сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері,яғни жаңашыл сабақ.
Оқушыны шығармашылыққа үйретуге мынандай жағдайларды қарастыруға болады.
- Сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін оқушының назарын қызықтырып, бір нәрсеге бағыттуы керек.
- Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына үйлесу қажет.
- Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай тудыру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық мүмкіндігі зор, олар шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді келеді. Шығармашылық қызығуы қалыптасқан оқушылардың ерекшеліктері болады.
- Балалардың өзіндік ойлау ерекшелктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
- Шығармашылықпен айналысуға құштар болады.
- Шығармашылық күшін сыңауға тырысады.
- Қиялдары жүйрік, ойлары шебер болып келеді.
- Ертегі,қиялданған әңгіме, өтірік өлең жазуға құмар келеді.
Шығармашылық- бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.
Шығармашылық дегеніміз-адамның өзін өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Оқушы шығармашылығын үнемі ұстаз, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақ үстінде, сабақтан тыс әдіс- тәсілдерді қолдануға болады.
Сабақта немесе сабақтан тыс уақытта әр түрлі тақырыптарда пікір талас тудыруға,логикалық ойларын дамытуға,шағын ертегі, шағын мәтін құруға, қиял арқылы сурет салуға,әртүрлі тақырыпта шығарма жазуға, сайыстар өткізуге, сабақ барысында қосымша тапсырмалар беріп, жауабын қадағалау.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін туғызудың әліде көптеген түрлерін айтуға болады.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.