Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI751

Оқушылардың тіл байлығын дамытуда диалогтық оқытудың маңызы

    Заманауи ұстаз білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды міндетті түрде біліп, өз ісінде қолдануы тиіс. Әлемнің озық тәжірбиелеріне сүйенсек, сабақта   диалогтік оқыту оқушылардың сөйлеу қорын молайтуға , тіл  байлығын   дамытуда маңызы зор. Диалог- сөйлесудің, әңгімелесудің ең  негізгі түрі болып саналады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.                                                                            (Мерсер мен Литлтон).  Оқытуда  диалогті түрліше ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігінде. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жасалынған  жұмысты соған қарай бағыттау, тапсырмаларды оқыту,  ойлау, сабақ барысында оқушылардың аяқ астында диалогке түсуі оқушылардың ой-өрісін кеңейту үшін тиімді. 

Диалогтік оқыту :

- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

-оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын  білдіруге мүмкіндік береді.

- оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі қалыптасады.

-сөздер мен сөз тіркестерін қолдану, сөйлем құрастыруды меңгереді.

- сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйренуге  дағдыланады.

 -басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын  түсінуіне көмектеседі.

-өз ойының құнды екенін дәлелдей алады.

-мұғалім сұрақ қою барысында оқушының сабақта алған білімінің қандай деңгейде екенін анықтайды.

     Сыныпта ынтамақтастық қалыптастырып, жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым- қатынасты нығайтып, олардың өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады. Мысалы 1-сынып   математикасының  «Геометриялық фигуралар  және олардың жіктелуі»       сабақ барысында  мынадай ойын ұйымдастырдым. Алдымен ойын шарты оқушыларға түсіндіріледі. Оқушылар сабақтың практикалық кезеңінде «Тауып көр» жұптық ойыны ұйымдастырылады. Стикер қағазға оқушы кез келген геометриялық фигураны салып, оны жұбының маңдайына көрсетпей жапсырады. Сол фигураны жұмбақтап айтады. Көршісі оны тауып айтуы қажет. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Бұл ойынның мақсаты; оқушылар геометриялық фигураларды атай алып, бір-бірінен ажыратады, суретін салады.  Оқушылар  ойын арқылы диалогқа  түсу тиімді ,   оқуға ынталалары  ашылады.

    Тіл сабақтарында мәтін бойынша   ашық және жабық сұрақтар қоя білумен қатар жауап беруге, оқиға желісін болжау арқылы мәтінді жоспар бойынша әңгімелеуге машықтанады.Мәтінді түсініп, рөлге  бөліп оқып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп,портретін сипаттайды,  негізгі ойды табады.Өлең мәтін құрастырады.

Қорыта келе,  сабақта үнемі оқушы үнін ескеру, мұғалім әр сабақтан соң оқушылармен сабақтың қалай өткені туралы сұхбаттасып, олардың ұсыныстарын сабақты жақсартуға қолданып отырса нұр үстіне нұр болады.

 

478 0
Ахметова Гульмира Кадирхановна Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі Бастауыш сынып мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000592
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: