Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 5-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «Математика және логика » деп аталады.
Осы мақсатта Жалпы орта білім беру ұйымдарында 5 сыныпты тереңдетуге арналған «Математика және логика» курсы оқу пәнінің бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген. 5 сыныпқа тақырыптық-күнтізбелік жоспар осы бағдарлама негізінде әзірленді.
«Математика және логика» арнаулы курсының бағдарламасы дарынды балаларды дамытуға, оқушылардың білімін тереңдетуге және танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Бағдарламаға енгізілген сұрақтар оқушыларды олимпиадаға және әртүрлі математикалық сайыстарға дайындауға мүмкіндік береді (Бейсеков Ж., Мирсоатов А. Математикадан дарынды оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектебіне және Қазақ-Түрік лицейіне оқуға түсушілерге арналған әдістемелік құралдан алынған). Бұл курста қолданылатын әрбір есеп белгілі бір тақырыпқа арналған, ал оларды мектеп математика курсының бағдарламасындағы белгілі бір ережелерге, формулаларға сүйене отырып жан-жақты зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізе отырып шешу керек және оқушы әрбір есепті шығару үшін көптеген теориялық материалдарды меңгеруі, оларды байланыстыруы, яғни теория мен практиканы ұштастыру шеберліктерін көрсете білуі қажет. Демек, мұндағы әрбір есепті шығару барысында оқушылардың шығармашылық тұрғыда ізденіс жасауы арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыратыны түсінікті.
Мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.
Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.
Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қабілеттерін дамыту.
Математиканың өмірмен байланысын көрсету.
Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже:
Логикалық есептерді шығару;
Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;
Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;
Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;
Математикалық білімін толықтырады.
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 68, аптасына 2 сағат
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақты өткізудің формалары: Математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен.
Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс-шара өткізу, шығармашылық сабақтар, тест өткізу, математикалық олимпиада өткізу.
Оқушылардың математикалық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.
- Қызықты математика жөніндегі ғылыми, көпшілік кітаптардан мәліметтер , материалдар жинақтау;
- Теорияны меңгеріп, нәтижесін талдап ала білу;
- Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
- Жинақтаған материалдардан реферат жазып дағдылану, оқушы презентациясын жасау;
- Игерген білімдерін өмірде пайдалана білу керек;
«Математика және логика » 5-сынып пәнінің базалық мазмұны:
І-бөлім. «Арифметикалық амалдармен жаттығуға арналған есептер» 6 сағат
Ауызша есептер, цифрлардың арасына таңбалар қою, жақша қолданбай цифрлардың арасына таңбалар қою, өрнектің үлесі бойынша есептеу, заңдылығын сақтап тізбектегі жұлдызша орнына керекті сан қою.
ІІ-бөлім. «Математикалық ребустар» 5 сағат
Цифрлардан құрастырылған ребустар, әріптерден құрастырылған ребустар, математикалық күрделі ребустар.
ІІІ-бөлім. «Ойлау қабілетін арттыратын есептер» 5 сағат
Логикалық зеректі дамыту есептері, логикалық ойлауды дамыту есептері, логикалық тұжырымдар, логикалық ойлау, жаңылтпаш есептер.
ІV- бөлім. « Шығармашылық тапсырмалар» 8 сағат
Цифрлармен жаттығу, таразымен қатты денелерді өлшеу, шырпымен жазықтық денелерді талдау және басқа есептер, сұйықтық және қатты денелерді өлшеп бөлу, есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
V- бөлім. « Бөлшектер» 8 сағат
Жай бөлшектерге амалдар қолдануға берілген есептер, ондық бөлшектерге амалдар қолдануға берілген есептер, жай бөлшек пен ондық бөлшек араласып келген есептерге амалдар қолдануға берілген тапсырмалар, бөлшектерге берілген әртүрлі есептер.
VI- бөлім. « Әртүрлі тақырыпқа берілген арифметикалық есептер» 8 сағат
Сандардың бөлінгіштігі, тізбекті жалғастыр, сұрақ белгісінің орнындағы санды тап, жиындар арасындағы өзара бірмәнді сәйкестікті анықтауға берілген логикалық есептер.
VII- бөлім. «Мәтінді есептер» 5 сағат
Теңдеу құру арқылы шығарылатын мәтінді есептер.
VIII- бөлім. «Процент» 13 сағат
Берілген санның процентін табу, процентке берілген негізгі есептер, екі санның проценттік қатынасын табу, күрделі проценттік өсім формуласына берілген есептер, процентке теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер, процентке берілген мәтіндік есептер, процентке берілген әртүрлі есептер.
IX- бөлім. «Математикалық сауаттылық» 10 сағат
Фигуралардың аудандарын есептеу, жиын және оның элементтері, жылдамдық, арақашықтық табу, сандардың арифметикалық ортасын, өзгерісін ауқымын, модасын табу есептер.
«Математика және логика» курс жоспары
5- сынып
(Барлығы 68 сағат,аптасына 2 сағат)
№ | Тақырыптар | Сағат саны | Күні |
І тарау. Арифметикалық амалдармен жаттығуға арналған есептер | |||
1-2 | Ауызша есептер, цифрлардың арасына таңбалар қою.
| 2 |
|
3-4 | Жақша қолданбай цифрлардың арасына таңбалар қою, өрнектің үлесі бойынша есептеу. | 2 |
|
5-6 | Заңдылығын сақтап тізбектегі жұлдызша орнына керекті сан қою. | 2 |
|
ІІ тарау. Математикалық ребустар | |||
7 | Цифрлардан құрастырылған ребустар.
| 1 |
|
8 | Әріптерден құрастырылған ребустар | 1 |
|
9-11 | Математикалық күрделі ребустар. | 3 |
|
ІІІ тарау. Ойлау қабілетін арттыратын есептер | |||
12 | Логикалық зеректі дамыту есептері | 1 |
|
13 | Логикалық ойлауды дамыту есептері | 1 |
|
14 | Логикалық тұжырымдар | 1 |
|
15 | Логикалық ойлау | 1 |
|
16 | Жаңылтпаш есептер.
| 1 |
|
ІV тарау. Шығармашылық тапсырмалар | |||
17 | Цифрлармен жаттығу | 1 |
|
18-19 | Таразымен қатты денелерді өлшеу | 2 |
|
20-21 | Шырпымен жазықтық денелерді талдау және басқа есептер | 2 |
|
22-23 | Сұйықтық және қатты денелерді өлшеп бөлу,
| 2 |
|
24 | Есептерді теңдеу құру арқылы шығару. | 1
|
|
V тарау. Бөлшектер | |||
25-26 | Жай бөлшектерге амалдар қолдануға берілген есептер . | 2 |
|
27-28 | Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға берілген есептер | 2 |
|
29-30 | Жай бөлшек пен ондық бөлшек араласып келген есептерге амалдар қолдануға берілген тапсырмалар | 2 |
|
31-32 | Бөлшектерге берілген әртүрлі есептер | 2 |
|
VI тарау. Әртүрлі тақырыпқа берілген арифметикалық есептер | |||
33-34 | Сандардың бөлінгіштігі,
| 2 |
|
35-36 | Тізбекті жалғастыр, | 2 |
|
37-38 | Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап, | 2 |
|
39-40 | Жиындар арасындағы өзара бірмәнді сәйкестікті анықтауға берілген логикалық есептер. | 2 |
|
VII тарау. Мәтінді есептер | |||
41-45 | Теңдеу құру арқылы шығарылатын мәтінді есептер. | 5 |
|
VIII тарау. Процент | |||
46-47 | Берілген санның процентін табу | 2 |
|
48-50 | Процентке берілген негізгі есептер |
3 |
|
51-52 | Екі санның проценттік қатынасын табу | 2 |
|
53-54 | Күрделі проценттік өсім формуласына берілген есептер, | 2 |
|
55-56 | Процентке теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер, процентке берілген мәтіндік есептер, | 2 |
|
57-58 | Процентке берілген әртүрлі есептер.
| 2 |
|
IX тарау. Математикалық сауаттылық | |||
59-60 | Фигуралардың аудандарын есептеу | 2 |
|
61-62 | Жиын және оның элементтері | 2 |
|
63-65 | Жылдамдық, арақашықтық табу | 3 |
|
66-68 | Сандардың арифметикалық ортасын, өзгерісін ауқымын, модасын табу есептер
| 3 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Математика және физика журналы;
- М.В. Балк. «Математика после уроков»;
- М.Гарднер. «Математические чудеса и тайны»;
- Г. И.Глейзер. «История математики в школе»;
- М. И. Сканави. Математика в задачах;
- И. С. Петраков. «Математические кружки»;
- Электрондық оқулық;
- «Кенгуру» тапсырмалары;
- «Ақбота» тапсырмалары;
10) «Ақжелкен» тапсырмалары;
11) Гольдиг В., Злотин С., «3000 задач по
алгебре для 5-9 классов»
12) Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Пособие для подготовки к единому
национальному тестированию». Издание третье, исправленное, дополненное.
Алматы, 2009
13) А.Қ. Әлсейітов «Математика талапкерге» формуларлар жинағы, анықтамалық материалдар, тестілік тапсырмалар, олардың шешулері мен жауаптары.
14) Бейсеков Ж., Мирсоатов А. Математикадан дарынды оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектебіне және Қазақ-Түрік лицейіне оқуға түсушілерге арналған әдістемелік құрал. 5-6 сыныптар. –Шымкент, 2016 – 640 б.
15) Нұрғалиев Т. Қызықты математика. 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептер жинағы. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2014. – 124 б.
16) Математика мен логикадан оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептеріне және Білім-Инновация лицейлеріне оқуға түсушілерге арналған есептер жинағы, 2020.