Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI747

Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. 

 Тәрбие мен білім – егіз. Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. 

Жаңа заман баласы- ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет.

Мектепке дейінгі меке­ме балаларына  үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері.   Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірбиесін оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру,ойын арқылы оқыту,түсіндіре басқарып оқыту  балалардың жан-дү­ниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

   Бүгін өсіп келе жатқан сәбилер ертеңіміздің жалғасы. Әрбір психолог , педагог, әрбір ата-ана, бала дамуының психологиялық ерекшеліктерін білмесе,  балаға үлгі өнеге көрсете алмаса, баланың өсуіне жағдай жасамаса, онда тәрбиелі жан-жақты дамыған бала тәрбиелеу екіталай. Бала сезімтал, байқағыш. Оларға дұрыс жауап беру, түсіндіру, тура жолға бағыт бағдар беріп отыру. Ой-өрісін ұштау баршамыздың парызымыз.

      Кейде балаға талап қояды да, оны орындауға жағдай жасамайды, әрі  нәтижесін қадағаламайды.  Жасыратыны жоқ кейбір ата-ана баланың еңбегіне немқұрайлы қарайды, баланың жан-жақты дамуына көңіл бөлмейді. Бала бір жұмысты істеймін десе, «бұзасың», «бүлдіресің» деп ештеңеге жолатпайды. Сөйтіп баланың көрсем, білсем, үйренсем деген ынтасын тежейді. Осыдан бала жалқау, тілазар болып шығады. Үлкендер баланың сұрақтарына ерінбей жауап беріп, қызықтыратын, еліктіретін әрекет жасаса, ол кез келген тапсырманы орындауға құштар келеді. Баланы ренжіту, ырқынан тыс нәрсені күштеп орындату дұрыс емес. Мұндай әрекет баланы ызақор, жасқаншақ, ашуланшақ, сасқалақ тұйық болып өсуіне апарып соғады.

Бала балабақшадан көп нәрсені үйренеді. Ақыл-ой жағынан да, дене дамуы жағынан да жетіліп сезімдері дамиды.Тәрбиеші балаларға балалармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Бала жаңадан үйренген, көріп-білген, мәліметтерден кешке шаршайды

   Сондықтан бала үйде жақсы тынығу үшін ата-ана жағдай жасау керек.  Бала күні бойы ата-анасын көрмейтіндіктен, кешкісін балаңызбен азғана уақыт болса да, бірге болуға жағдай жасаңыз.

 

   Бала - бiздiң болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не жетсін!

396 0
Самал Туресаева МКҚК «Қарлығаш» бөбекжай-балалар бақшасы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы Ұлы дала ұстазы № 000692
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: