Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI74

Жаңартылған білім беру жүйесінің маңыздылығы

     Негізінен жаңартылған білім беру жүйесі қазіргі сабақ өту бағдарламасына енгізілгеніне біраз болды. Еліміздегі төтенге жағдайға байланысты оқушыларда,  оқытушыларда онлайн режимге ауысқаны баршаға мәлім. Алайда,  сол жаңартылған білім беру жүйесі дәл осы онлайн сабақ уақытында қолға алынғандай көрінеді. Инновацияның жетістігін ашып, технологияның ұтымды тұстарын пайдалану басталды. Жаңа үлгідегі оқыту үлгісі осылай болса керек. Аталған білім беру жүйесінің маңыздылығы—балаларға сабақты жаңаша көзқараста түсіндіруге жол ашады. Алыс жақын шет елдердегі оқу үлгісін бізде көруімізге бірден—бір септігін тигізуде. 

     Саналы ұрпақ мектеп қабырғасынан толысады. Қазіргі оқыту үлгісі негізгі екі форматта жүргізілуде. Дәстүрлі мен жаңартылған білім беру мазмұны.  Дәстүрлі тек кітап, қаламмен болса,  жаңартылған білім беру мазмұны жаңа технологияның жетістіктерін пайдалана оытрып өтеді. Бұл, осы аталған оқу үлгісіне менің тарапымнан берілген   түсінік. Алайда, қанша жаңа болсада, мақсаты— ескіні таныту. Жаңа форматта «сын тұрғысынан ойлау» деген бағдарлама бар. Бұл ойлану деген сөз. Барлық жаңашыл дүниенің байыбын тереңінен ойлау, түпкі мәнісін түйсіну. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің кейбір ерекшеліктерінде, «тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана білім» — деп, əйгілі орыс жазушысы Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі, кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Қандай да болсын кез келген дүние сыртынан басқаша көрінуі мүмкін, тіпті, мүлде өзгеше. Дегенменде, бұл жаңа формат ескірген оқу үлгісін жаңаша киіндіргенмен бірдей дер едім. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім беру сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуді, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз етуді мақсат етедіБіліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқу мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етел. Интерактивті тақта, компьютер, слайд, видео, фото бұлардың барлығыда жаңа оқу емес, олар—жаңа технологияның жетістігі. Мұны тек сабақ өтуге қолданатын көрнекілік деп қабылдағанымызда дәл қазіргідей жаңа оқу десе ұялы телефон, компьютер сынды заттар есімізге бірінші болып оралмас еді. Жас ұрпақтан көрі ата— ана осы форматты түсінсе қиындық туындамайды. Санамызға «жаңа технология» деп емес «жаңа оқу үлгісі»  деп сіңіру керекпіз деп ойлаймын. Адам уақытпен жарыса алмас. Шынында, уақыт керуеніне тұсау жоқ, сырғи береді. Сол секілді, ғылым дамып тұрғанда, жаңа технологияда дами берері сөзсіз. Мұның шегі жоқ. Сол себепті біз инновациялық технологияның соңынан емес, инновациялық дамудың соңына түскеніміз жөн. Сонда ғана біз білімнің шыңына шығар едік. Мәселе санамыздың осы жаңашылдыққа үйренуінде дер едім. Жалпы тілімізде болсын,  әдебиетімізде,  тіпті,   мәдениетімізде  болған өзегерістер тарих беттерін парақтасақ өте көп болғаны белгілі.  Осы уақытқа дейін ашығын айтқанда,  біз бейімделмеген таңсық дүние болған емес. Тез қағып алатын халықпыз ғой…  Үйрену бір бөлек,  бейімделу бір бөлек. Жаңартылған бағдарлама қазір өзіндік орнын алған, деңгейі жағынан жоғары, білім беру жүйесінде тұрақты қалыптасқан үрдіс болды. Мұғалімдер тарапынан дәстүрлі сабақ болғаны дұрыс еді деген сыңайда көп естуші едік, алайда, қазір жаңа технологияныңда берері мол екенін түсіндік. Жаңа технология парктика жүзінде ұғындыруға өте керекті дүние екен. Оқушы өзі оқып отырған тақырыпты зерделеу барысында осы бір жаңа бағытта жұмыс жасайтын болады. Жаңартылған жүйенің басы критериалды бағалау жүйесімен жүрсе, сыни тұрғыдан ойлау, дәлелдеу, пайымдау сынды жаңа әдіс-тәсілдермен жалғасын табады. Аталған бағалау жүйесі бойынша бала өз деңгейінде бағаланатын болады. Егер төмен болса жағары дейгейге көтерілуге тырысып, оқ бойы озып шығуды мақсат етеді. Бұл оқушыны білім мен қоса бәсекеге қабілеттілікке жетелейді. Оқу үлгерімінің бір арнаға түсіп, тек жақсартуға жоспар құруын міндеттейтін талап. «Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет» деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзінде де осы мәселе қозғалады. Жаңа формат тек технология жетістіктеріне тәуелді емес, мақсат-рухани сананы жаңғыртуға деген алғашқы қадамдар. Оқушы жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерден жан-жақтылықты үйренеді. Атап өтетін ең басты дүние ол оқушының өз ізденісі. Мұғалім бұрынғыдай түгел мәтінді түсіндіріп отырмайды, тек бағыттаушы рөлде қызмет етеді. Бағыт сілтеп, керекті қосымшаларын жүктейді. Ал мұнда мұғалімнің атқаратын қызметі азайғандығы емес, керісінше тағы біршама міндеттер жүктелгені тағы бар. Мұндағы мақсаты – мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, өзі іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыстық  мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс – әрекет жасай алытын болу керек.  Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Әрбір адамның тұлға болып қалыптасуы үшін өз ойы, өз қабілеті болуы қажет. Ал алдындағы баладан сол тұлғаны жасап шығару, мұғалімнің білімнен бұрын тұратын негізгі қызметі деп білемін.

255 0
Изтурганова Алия Таубаевна, Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “№21жалпы білім беретін мектептің директордың мәдени шаралар жөніндегі орынбасары Ұлы дала ұстазы № 000034
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: