Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI705

Биология сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Қоғамда болып жатқан жедел де, қарқынды өзгерістер білім беруге қойылатын талаптарды жаңа бағытта түбегейлі өзгертуде.

Оқушы - жеке тұлға, қайталанбас даралық қасиеттердің жиынтығы. Қазіргі білім беру консепциясының басты мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, күнделікті бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Сондықтан өзгермелі әлеуметтік және эконмикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес, болып жатқан өзгерістерге қатысып, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, сауатты, танымдық әрекеттерге қызығушылығы мол жеке тұлғаны қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі.

Осындай нәтижелерге жету үшін, жалпы оқу жүйесін бұзбай, оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді формалар мен әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға болады. Солардың бірі -Қазақстанның білім кеңістігінде жетекші орын алып, білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыруда қызмет етіп келе жатқан оқыту технологияларының бірі – Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат - баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын. 

1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы. 

2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы. 

3.Берілген білімді пысықтау. 

4.Оқушының білімін тексеру, бақылау. 

5.Шығармашылық қабілетін арттыру. 

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады. 

Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. 

Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, мұны орындауға барлығы міндетті. 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгелге жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді. 

Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға деңгейлік тапсырмалардың атқарар рөлі өте зор. Өйткені биологияны оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытуға мәні зор екенін көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы:     Біржасушалы қарапайым организмдерге сипаттама

Сабақтың мақсаты:         мазмұнын түсінуге, сауатты оқып, жаза 

                                               білуге, тақырыпты жан-жақты зерттеуге баулу   

а) білімділік: Біржасушалы қарапайым организмдерге жөнінде білімдерін арттыру

б) дамытушылық: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру

в) тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше оқып үйренуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:                  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:                 кластер, интерактивті әдістер

Сабақтың көрнекілігі:     слайдтар, түрлі-түсті суреттер, кесте т.б.

Сабақтың барысы:          

І. Ұйымдастыру кезеңі.      

II.   Жаңа сабақты түсіндіру. 

Біржасушалы жануарлардың мөлшері микроскопиялық болады. Олардың денесі бір жасушадан тұрады. Оның негізін бір, сирек жағдайда екі ядролы цитоплазма құрайды. Олар барлық суқоймаларда, ылғал топырақтарда, адам, өсімдік, жануарлар организмінде кездеседі. 

Оларды ең алғаш 1675 жылы нидерландтық табиғат зерттеушісі Антон ван Левенгук тапты. Қазіргі кезде 30 мыңнан астам қарапайымдылар белгілі.

ІІІ.  Жаңа сабақты бекіту.

Деңгейлік тапсырмалар беру.  

І-деңгей. 

Сұрақтар:

  1. Қарапайымдыларды қандай тіршілік ортасында кездестіруге болады?
  2. Кәдімгі амеба қалай және немен қоректенеді?
  3. Талшықтылар класына қандай қарапайымдылар жатады?
  4. Кірпікшелі-кебісше қалай қоректенеді?
  5. Қарапайымдылар тіршілігінде цистаның қандай маңызы бар?
  6. Қандай жануарлар паразиттер, ал қайсысы паразит иесі деп аталады?

ІІ-деңгей-алгоритімдік саты. 

Суретпен жұмыс. 

  1. Суреттегі қарапайымдыларды атаңдар.
  2. Сандармен қандай органоидтар белгіленген?

ІІІ-деңгей-эвристикалық саты.

Зертханалық жұмыс. Ашық суқоймадан немесе аквариумнан алынған су тамшыларынан қарапайым организмдерді бақылау.

Құрал-жабдықтар: кірпікшелі-кебісшесі бар су құйылған сынауық, лупа, микроскоп, тамшуыр, мақта, заттық және жабын шыны.

  1. Сынауықты алып кірпікшелер көріне ме, байқаңдар. Егер көрінсе, сынауықтың қай бөлігінде олар көп?
  2. Сынауықтан тамшуыр арқылы кірпікшелі-кебісшесі бар су тамшысын заттық шыныға тамызыңдар. Шыныны препараттық лупа үстелшесіне қойыңдар. Содан соң тамшыда қанша кірпікшелі-кебісше бар екенін қараңдар. Олардың дене пішінін, қозғалуын, денесінің алдыңғы және артқы жағының айрмашылықтарын анықтаңдар.
  3. Кірпікшелі-кебісше бар тамшыға бірнеше мақта талшығын салыңдар. Тамшыны жабын шынымен жабыңдар. Микроскоп үстелшесіне заттық шыныны қойып, тамшыны микроскоп айнасы арқылы жарықтандырыңдар. Содан кейін кірпікшел-кебісшені аздап ұлғайта отырып, анықтап қараңдар. Оқулықтағы суреттің көмегімен аздап ұлғайтқанда қандай органоидтерді көруге болатынын анықтаңдар.
  4. Кірпікшелі-кебісшені микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қараңдар. Ол үшін бірнеше кірпікшелі-кебісшенің біреуі мақта талшықтарының арасында қалатындай етіп заттық шыныны орналастырыңдар. Микроскоптың үлкен объективін орналастырып, окулярмен көріңдер. Бұранда көмегімен абайлап анық көрінгенше бағыттап, енді қандай органоидтердің көрінгенін қараңдар.
  5. Микроскоп арқылы көргендеріңнің суретін салыңдар, өздеріңнің бақылағандарыңды қысқаша жазыңдар. 

ІV-деңгей-шығармашылық сатысы. Өз білімдеріңді жүйелеңдер.

ІV.   Қорытындылау.                                                          

V.  Бағалау                               

VI. Үйге тапсырма.            

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. 

Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады . 

Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі: 

- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ; 

- оқушының жеке қабілеті айқындалады; 

- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады; 

-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады; 

-сынып оқушылары толық бағаланады; 

-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады. 

Демек, Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

818 0
Бибiажар Жандарбек, №152 орта мектептің биология пәні мұғалімі Кызылорда облысы, Шиелi ауданы, Жолек ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000360
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: