Педагогикалық технологиялардың бірі болып саналатын жобалау әдісінің мақсаты - кез-келген оқу және өмірлік жағдайында алған білімін тануға, шығармашылық тұрғыда пайдалануға, негізгі және пән құзыреттілігін дамыту жолы мен өзін-өзі жетілдіру дайындығына оқушылардың қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету.
Осы жағдайларда орта білім мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарының бірі оқушыларды ғылыми таным әдістеріне және өздігінен зерттеуге, танымдық ынтаны қалыптастыратын және ақпараттық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алатын оқу жағдайларын кеңінен пайдалануға мақсатты және жүйелі түрде қатыстыруға арналған білім берудің бағытты мазмұны болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысы бүгінгі таңда әр түрлі дереккөздерден көп ауқымды ақпарат алады. Бұл мәліметтерді өмірде қолдану үшін оқушыға білім ғана емес, өмірде және қоғамда қарым-қатынас жасау үшін сауатты өз ойын жеткізе білу керек.
Кіші сыныптағы оқушылардың ауызекі және жазбаша тілін дамыту білік-дағдылар жүйесін қалыптастыруды ғана емес, ең бастысы мектеп өмірінің барлық сатысында оқыту процесінде баланы жан-жақты дамытуды көздейді. Қоғам алдында өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытудың басты міндеті қойылады. Ересектер қоғамының алдына функционалды түрде сауатты, жаңа заманғы қоғамға тез бейімделетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті қойылады.
Осы жерде мұғалімнің оқушылардың өзіндік қызметін дамытуды алға қоятын мұғалімнің рөлі үлкен, соның арқасында адам өз өмірінің басқарушысы бола алады. Мұғалім қызметінің рөлін, оның баланың қалыптасуы мен дамуы процесіне ықпалын қайта бағалау өте қиын. Бұл жерде бар нәрсе маңызды: мұғалімнің жеке қабілеттері, оның кәсіби біліктілігі және өзін-өзі дамыту қабілеті. Мұғалім баланың дербестілігін дамытуды ұмыт қалдырмай, оған мінез-құлық әдебін үйретудің шегін сезінуі керек.
Осылайша, функционалдық сауаттылықтың мәні жеке тұлғаның өздігінен оқу қызметін жүзеге асыру, өмірде алған білімін, білік-дағдыларын адам қарым-қатынасы мен әлеуметтік қатынастың барлық салаларында өмірлік мәселелерді шешу үшін пайдалану қабілетінің болуынан тұрады. Дербестік өздігінен туындамайды – ол кіші жастан бастап дамып, тәрбиеленеді.
Бастауыш сыныптағы сабақтар оқушылардың функционалдық дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу үшін мұғалім өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыра білуі тиіс, бірақ кәсіби түрде бекітілуі керек. Барлық балалар қолдарын айқастырып,тыныш отырғанда, қарсылық білдірмей, өздерінің қате шешімдерін ұсынбаған жағдайда сабақты өткізген жақсы, бірақ біз бұлай балаларды дербестілікке үйрете алмаймыз, олар үнемі нұсқау беруді күтіп отыратын болады. Алайда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және оның дамуын ілгерілету дайын білімді қабылдаудың арқасында емес, оның жаңа нәрсені ашуға бағытталған өзіндік қызметінің процесінде іске асырылатындығын есте сақтау қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың өнімділігін қамтамасыз ету үшін педагогтарға арнайы, қызметтік, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, дамытатын білім беру технологияларын пайдалану керек. Бұл ұйымдастырушылық, зияткерлік, коммуникативтік және бағалау білік-дағдыларын қалыптастыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін жобалау қызметінің технологиясы; білім беру міндеті бала әрекетін көрсету жағдайларын ұйымдастырудан тұратын оқу жағдайларының негізінде оқыту; ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.
Қазіргі таңда педагогтармен бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауда қолданылатын жобалау қызметінің технологиясына тоқталамыз.
Неге дәл осы технологияға тоқталамыз? Қазіргі уақытта бұл әдіске үлкен назар аударылады. Оның себебі неде? Себебі балаларды білімді өздігінен алуға, алған білімін жаңа танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін пайдалануға үйрету қажеттілігінен туындап отыр. Егер оқушылар қажетті білік-дағдыны алса, олар өмірге бейім болады, әр түрлі жағдайларға тез үйреніп, бағытталуға, әр түрлі ұжымда бірігіп жұмыс жасай алады. Жобалар әдісі және бірігіп оқыту әр түрлі елдердің білім беру жүйелерінде кеңінен дамыған.
Жобалау қызметіне оқушыларды бірінші сыныптан бастап біртіндеп араластыру керек. Бастапқыда бұл сабақтарда орындалатын қолжетімді шығармашылық тапсырмалар, кейін 3–4 сыныптарда оқушылар үлкен қызығушылықпен аса күрделі жобаларды орындайды.
Жобалау қызметін пайдалану оқыту мен тәрбие берудегі көптеген міндеттерді бірден шешеді:
- әр оқушы өзін шығармашылық жеке тұлға ретінде көрсете алады;
- әр оқушы өзіне ұнайтын қызметке араласады;
- зерттеу дағдылары дамиды.
Жобалау қызметін қабылдау оқушыларды дербестілікке және тәжірибелер жасауға ынталандырады. Жиналған ақпарат пен материалды педагогпен бірге түзейді, бастауыш сынып оқушыларына таныстырып, тәжірибе алмасады.
Әр жаңа жобаны орындаған кезде шынайы өмірмен байланысты бірнеше қызықты, пайдалы мәселелер шешіледі. Баладан өз күшін басқалардың күшімен үйлестіру талап етіледі. Оған табысқа жету үшін қажетті білімді алып, олардың көмегімен нақты жұмысты атқаруы керек болады. Осылайша, 2-сынып оқушылары үшін қызықты, әрі танымдық жобаны ұсынуға болады, мысалы: «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Халық ертегілері бойынша ғажайып саяхаттар», «Ең бақытты отбасы», «Мен көшем».
Жобаны орындау үшін оқушылар диагностика, бақылаулар, қабілеттерін, сондай-ақ тұлғааралық қатынастарды пайдаланады. Кез-келген мұғалім егер тәрбиеленушілерімен бірігіп жасаған жұмыс нәтижесін беріп, атқарылған жұмыс қанағаттанарлық деңгейде болса қуанып қалады.
Жобалар әдісі оқушыларға не береді? Аталған әдіс жеке қызығушылықтарды қанағаттандырып, маңызды жекеұлғалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау және байланыс жасау тәжірибесін қалыптастырады, оқудағы қиыншылықтарды шешуге ықпал етеді, жеке тұлғалық дамуға ынталандырады, баланың ерекше қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Барлық келтірілген білік-дағдылар ең алдымен баланың функционалдық сауаттылығын дамытады. Оқу, коммуникативтік сауаттылықты, хат жазу сауаттылығын, компьютерлік сауаттылықты дамытады. Бала қарым-қатынас жасау және іздеу процесінде өз күшіне сенеді, жаңа нәрсеге қол жеткізіп, білуге талпынады, өзінің жеке қабілеттерін ашады, басқалардан үйренеді, өзінің көзқарасы мен талаптары бар жеке тұлға болып қалыптасады. Барлық жұмыс процесінде баланың сөйлеу және сөйлей алу қызметі, өз ойын айтып, талдау жүргізіп, қорытынды жасау қабілеттерінің дамитындығы маңызды.
Осылайша, оқушы әрекет жасау процесінде ғана әрекет ете алады, ал күнделікті сабақтағы мұғалімнің жұмысы, ол таңдайтын білім беру технологиялары олардың жас деңгейіне сәйкес келетін бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Сондықтан, жаңа заманғы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби тұрғыда қалыптасуында терең теориялық дайындық пен сабақта жаңа заманғы білім беру технологияларын өнімді пайдаланудың тәжірибесі, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың бейімделуге және модификациялауға дайындығы кіретін оның технологиялық біліктілігін қалыптастыру проблемасы маңызды орын алады. Мұғалім әрдайым үлгі көрсетіп, үнемі білімін жетілдіріп, жаңа нәрсеге талпынуы керек. Ол өз кәсібін сүйетін, оқушының жеке тұлғасын құрметтейтін, көзқарасын қабылдай алатын, баланың, сыныптың, мектептің білім беру ортасын жобалай алатын адам болуы тиіс.
Жеке қызмет деңгейі мен бірлесіп, сонымен бірге балалардың өздігінен жұмыс жасау нәтижелерін баламалы түрде бағалай білу өте маңызды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. 12 жылдық білім беру Тұжырымдамасы, 2010 ж.
2. Әсімбетова Л.К. «Білім беру жүйесіндегі кәсіби дамудың жаңа технологиялық жүйесі»
3. Өстеміров К. «Кәсіптік педагогика», - Алматы, 2006 ж.
4. С.Көшімбетова. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары» - Алматы, 2008.
5. Бөрібаев Б., Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар.- Алматы, 2001.