Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI701

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Мақсаты: Физика пәні бойынша   игере алмаған тақырыптар негізінде білім,білік дағдыны қалыптастыру үшін қосымша  жұмыс ұйымдастыру,білім сапасын арттыру .

Міндеттері:

1.Еріктілікті  дамыту, танымдық қиыншылықты жеңуге баулу.

2. Танымдық қызығушылығын арттыру , пән бойынша білім,білік-дағдыны қалыптастыру

3. Оқушылардың  өздерінің жетістіктерін  өздеріне талдатып,өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

4.Өздік бақылауға, тәрбиелеуге   жетелеу, жауапкершілікті арттыру.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасағанда  төмендегі ережелерді сақтау қажет.

Оқушыларға тосын сұрақ бермеу,тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып ,дайындалуына уақыт беру.

Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.

Ауқымды ,көлемі үлкен ,әр-түрлі күрделі материалдарды қысқа мерзімде  игеруін талап етуге болмайды.Ол материалды  ақпаратқа   байланысты бөліп беру керек.

Мұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды.Үйде дайындалуға  мүмкіндік  беріп, келесі сабақта  сұраған жөн. Жауап сұрап ,ынталандыру арқылы  оқушының өзінің күшіне , біліміне  деген сенімін арттыру. Бұл сенімділік  оған емтихан,бақылау жазған кезде көмек етеді.

Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде:

Балалар нені түсінеді, неден нәтежесі бар,не қолынан келеді, соны жақсы көреді.Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы  жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен   баланың көрсеткіштеріне  қуанғанын көрсете білуі керек.оған  қалай жетуге болады?

Бұл жағдайда деңгейлеп оқыту әдісісіз нәтежеге жету мүмкін емес.

Деңгейлеп оқыту әдісін  сабақтың әр кезеңінде қолдана аламыз:

Деңгейлеп оқытуда,үй тапсырмасын тексеруде, , өзіндік жұмыста.

Шығармашылық жұмыс  ізденімпаздықтың кілті.

Оқушыларға терең , тиянақты  білім беруде, олардың шығармашылық ойлау қабілетін,танымдық ізденісін дамытуда , берілетін білім негіздерінің нақтылығын   арттыруда шығармышылықпен жұмыс істеудің маңызы зор. 

Әсіресе  қазіргі заман талабына  сай жаңаша оқыту ,жаңа педагогикалық  технологияны   терең  меңгеруі қажет.Сонымен  қатар өз пәні   бойынша жан-жақты  жаңашыл ұстаздардың  іс-тәжірибелерін  үнемі   пайдаланып отыру,оны іс-жүзінде   асыру кезек күттірмес мәселенің бірі.Жаңа пед технологияны жан-жақты сабақта үнемі пайдалану.Көрінекілікті талапқа сай пайдалана отырып,уақытты тиімді пайдалану.  Озат іс-тәжірибелерді  саралай отырып өз пәнінде  керекті жерлерін тиімді пайдалану.Сонымен қатар білім жетілдіру курстарынан өтіп ,білімін көтеріп отыру

 

 

 

Жұмыстың түрі

мерзімі

Жұмыс қорытындысы

1

Үлгерімі нашар оқушыларға  арналған жылдық жұмыс жоспары

қыркүйек

жоспар

2

Психологпен бірлесе отырып  сынып бойынша үлгерімі нашар  оқушыларды     анықтау

Қыркүйек-қазан

Тізім алу

3

Оқушылардың физиканы игеруге қызықтыру ,қажеттілігін түсіндіру.

үнемі

Оқушылардың белсенділігі

4

Тақырыптар бойынша тапсырмалар дайындау

үнемі

Жинақ папкасы

 

577 0
Гүлбанат Нетше «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Физика және математика пәні мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Ұлы дала ұстазы № 000618
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: