Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI700

Менің отбасымдағы қызметім

 Қайырлы күн!
 Армысыз, мейірімді Жер – Ана
 Бәріміз дос болайық!
 Бәріміз тату болайық!


 - Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.
 - Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
 Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...
 -Сенің отбасындағы орның қандай?

  Қазіргі заманда ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын байланыс жоғалып барады. Қоғамда 

адамдар өзінің тарихи тамырын, отбасылық ұстанымдарын, дәстүрлерін ұмытуда.

 Баланың тұлғасын қалыптастыруда және оны тәрбиелеуде ең басты орын отбасына 

бөлінеді. Біз үлкендер бұрынғыны сақтап, балалардың санасына шыққан тегін, қалай 

дамығанын, болашақта қайда бет бұру керектігін жеткізу керек. Соңғы уақытта 

генетика ғылымы шежіреге көп көңіл аударады. Ғалымдар отбасы шежіресін зерттеу 

бір- қатар тұқым қуалаушы аурулардан сақтануға көмектеседі деп есептейді. Бұл да 

бізді жобаны іске асыруға жетеледі. Жоба тақырыбын таңдау отбасы тарихымен, оның 

шежіресімен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін отбасы мүшелерінің 

туыстығын түсіну қиын, бірақ сонымен қатар жақын, себебі әке мен ана, ата мен әже – 

бұл әрқашан жанында болатын адамдар.

- Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
 « Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
 - Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
 - Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
 Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
 - Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
 - Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің "Анау не? Мынау не?", - деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін

Тәрбиеші: 1. Әке баласына неге ренжіді?
 2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
 3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
 Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. «Әке - асқар тау» дейді халқымыз.
 Әке туралы мақал - мәтелдер айту.
 Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық:
 Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
 «- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға не істер едің?»

Тәрбиеші: «Ана - сая бағың,
 Әке - асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі - әлпештеген әе мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.

Қорытынды.
 Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.

 «Жүректен жүрекке» шеңбері.
 Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
 Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.

 

 

 

 

448 3
Гүлайым Мәлікқызы «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Ұлы дала ұстазы № 000617
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Айнагул Умбетова
10 ноября 2021 19:04
Отн керемет
Керемет
Керемет
10 ноября 2021 21:28
Айнагул Умбетова,
Айнагул Умбетова,
Гилажова наталья
Сания
Сания
11 ноября 2021 00:10
Керемен . Тарбиели магынасы бар ангиме