Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI694

Шынықсаң, шымыр боласың

Сабақ тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың»   эстафеталық жарыс.
 
Мақсаты: Қ. Мұңайтпасұлының 150 жылдығы,   Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай оқушылармен эстафеталық сайыс өткізе отырып,  оларды  спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

 Көрнекілігі: Доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, тақырып жазылған плакат , шарлар, т.б
 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, қымбатты  спорт сүйер қауым және бүгінгі сайысымыздың қатысушылары. Бүгін Нұн Жұбаева атындағы орта мектепте  Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы,  Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай өткелі отырған  «Шынықсаң шымыр боларсың»  атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер!

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»

 Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет..Бүгінгі өткізгелі отырған «Шынықсаң шымыр боларсың» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 Ал құрметті халайық,

 Жарысты енді көріңдер.

 Әділ қазы алқасы,

 Әділ баға беріңдер.


 
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

 1. __________________________________________________________

2.___________________________________________________________

3.___________________________________________________________

4.___________________________________________________________


 Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

 Әзірледік сізге орынды төрден біз.

 Ұландардың ең құрметті қонағы,

 Жанкүйерде төреші де өзіңіз.

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 

  1. Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
  2. Еңбек етіп келгенінше әліміз.
  3. «Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
  4. Сайысқа аттанайық бәріміз!
  5. Шарттары:
     1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек) (5 ұпаймен бағаланады)

Жалын» тобы

Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,

Біз спортшы боламыз!

«Шымыр» тобы

Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,

Спорт сүйер өренбіз!

«Қыран» тобы

Топтың ұраны:  Қырандай биік самғаймыз

Шынығудан талмаймыз!
 

Жарыс алдындағы дене қыздыру жаттығуы 3 команда флешмоб билейді.
 2.«Мәреге кім бұрын?»
 Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.  ( Скакалкамен секіру).
 3. «Кім жылдам»

Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты кедергілерден өту арқылы ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.

4.«Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
 
5.Жалауша жинау.

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жерге дейін барып, жалаушаны  алып  келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға(5ұпай), екінші командаға (3ұпай) беріледі.

  
Қорытынды сөз.Марапаттау рәсімі.

 

Музыкалық тарту: Көк тудың желбірегені


 Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан                                                                                    сөз береміз.
 
Жүлделеріңіз құтты болсын! Ізгі ниет,жақсы өнеге тозбасын

 

637 0
Эсемхан Караджигитова «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Дене шынықтыру пәні мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Ұлы дала ұстазы № 000610
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: