Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI692

Бағдарламалық оқыту

 Тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.Бұл технология ХХ-ғ.60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарының тоғысында пайда болды. Бағдарламалық оқытудың негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары, жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.

      Б.Скинер (1904ж.туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктерге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бұған дейін жабық тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оқиды,ал оқушы дұрыс жауап бермесе,онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді.

      Бірізділік бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкеледі. Оны жасаушы Н.А.Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек.

       Тармақты бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды,оған берілетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдады. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса,онда ақпараттың келесі бөлігіне өтеді. Егер жауап дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдарламамен жұмыс істеу тапсырылады. Сонымен тармақты бағдарламада оқушылардың жауаптары және қателеріне қарай түрлі жолдармен матиалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауаптарды таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді.

        Бағдарламалық оқытуды машина арқылы да, машинасыз да жүзеге асыруға болады. Арнайы оқыту бағдарламалармен жұмыс істейтін қазіргі компьютерлерде оқушыларға арналған түрлі бағдарламалар бар. Бастауыш мектеп мұғалімдері көбіне бағдарламалық оқытудың элементтері қолданады. Арнайы жасалған тщпшам – тапсырмаларда оны орындау алгоритмі көрсетіледі. Тапсырманы тексеру үшін карточка – трафереттер қолданылады. Аралас бағдарламада ақпараттардың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардың жеке ерекшеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әр түрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау. Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм – оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау.Оқытудың алгоритмдері қолдану оқушылардың іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы нәтижеге жетуге мумкіндік береді. Бағдарламалау идеясының дамуы нәтижесінде блоктың,содан кейін модульдік оқыту пайда болады.

     И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

 - басты мақсаты – оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;

-  білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

-  оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.

    И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады,оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып,дамыту. “Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты.’’

      Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке тұлғаны дамытуға жеке қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді.

      Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.

     Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

  1. Өз оқушыларының темпераменті, мінез-құлқы,қөзқарасы,талғамы мен әдеп дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;
  2. Жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі,ұстанымы, бағытталуы,өмірге,еңбекке көзқарасы,құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап,білуі;
  3. Әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;
  4. Мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақытылы істей алмаса,жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;
  5. Жеке тұлғанының өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;
  6. Тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын,әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;
  7. Оқушылардың дербес әрекетін,бастамашылдығын,әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

     В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:

     1. Жеке тұлға дегеніміз-адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.

     2. Адам “жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеуі тиіс.

 В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді: 

     1. Жобалау элементі “тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал, білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.

     2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады:мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.

     3. Процесс тұлғалық тәжірибеніңбастауы болып табылады.

     4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жаідайына жақын бола түседі.

     5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.

    Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.

     Г.К.Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектентілендіруге ұмтылатын “толық қанды тұлға” болуы тиіс дегенді атап көрсетеді. Мұндай тұлға әр түрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады.

     С.В.Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз – білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген білік дағдылар емес,жеке тұлғаның жеке тұлғаның ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқорлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы. 

    Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Оқушылар қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді. Оқудың түрлі құралдарын қолданады.           

718 0
Назгуль Каламбаева «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Ұлы дала ұстазы № 000609
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: