Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI691

Қош бол, бастауыш мектебім

Мұғалім:

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 сыныбының «Қош бол, бастауыш мектебім» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 сынып оқушыларын   ортамызға.

(Музыкамен оқушылар ортаға шығады)

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып – біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
 тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткелі отырған « Қош бол, бастауыш мектебім» кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
 
1-оқушы:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қошкеліпсізұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпенқоштасутойымызға.


Хор: «Ұстазым

1-жүргізуші: 

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді 

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

2- жүргізуші:

          Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

          Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

          Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

          Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

          Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

          Қыран құстай болашағын мәпелер.

          Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

          Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

 

4- сынып қыздарының  орындауында  әсем  биді  тамашалаңыздар

1-жүргізуші: 

 Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан  алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

2- жүргізші   

Ия,бүгін біздер қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Алғашқы ұстазым» әнін қабыл алыңыздар

  1. Жүргізуші:

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

Пана болған дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

Беруші ең  бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті.

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

 

2 жүргізуші: 

Барлық  білім  бастауыштан   басталған

Алғыс  саған  үлкендермен   жастардан

Рахмет  саған  алғаш   ұстаз  апайым

Бергеніңді  оиға  тоқып   қайтарам.

 

1- жүргізуші. 

Риза  болшы  ұстаз   қауым  ардақты

Шәкірт  жүрек  сізге   арнау  арнапты

Жылдар  жылжып  айлар   зулап  өтсе  де

Бастауышты  орта  буын   жалғапты

Сіздердің назарларыңызға Ақеркенің орындауында «Ертегілер»  әнін қабыл алыңыздар.

  1. Жүргізуші:

Қадірлі : ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар

Біз  бүгін  көзімізді   ашып, көкірегімізді оятқан,

Білім  нәрімен  сусындатып, білімнің  іргетасын

Қалаған  бастауыш  мектебімізбен.

 

2- жүргізуші:

Сондай-ақ  біздің  ыстығымызға

Күйіп, суығымызға  тоңа  білген оңымызбен солымызды танытқан

Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы 

Ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

 

Олай болса,   қазақтың ұлттық биі  «Қара-жорғаны»  тамашалаңыздар!

1- жүргізуші:

Біз нені үйрендік?
 
Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.
 Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
 Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.

1-жүргізуші:

Біз нені сүйеміз?
 Ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!

 

  1. Жүргізуші: 

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.

Шахназ бен Айназдың орындауында  «Алтын ұя мектебім» атты  

ән шашуын қабыл алыңыздар!

  1. Жүргізуші:

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Мектеп,  мектеп бақытқа толды үйің

Ұша білсек, болмас-  ау, қону қиын

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билеміз соңғы биін.

 Вальс

Сыныпты ортаға шақырамыз 

1 жүргізуші:

Сөз кезегін алғашқы ұстазымыз Жибек Бисенгалиевнага береміз.

2 жүргізуші:

Ата-аналарымызға сөз береміз.

 

Соңы 

 

 

403 0
Жибек Искендирова «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Ұлы дала ұстазы № 000608
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: