Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI690

Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады

Білім беру ісінде ұстаздарға қойылатын талап қай кезеңде де ерекше. Заманымыздың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға, ақырын жүріп анық бас еңбегің кетпес далаға»-деп, педагогтарды жауапкершілікпен іздене жұмыс жасауға шақыруы, бүгінгі таңдағы білім саласындағы ғаламдану талаптарымен үндес.

   Біздің Маңғыстау өңірінде де өздерініңадал еңбегімен шәкірттер көңіліне ұялаған талантты ұстаздар көптеп саналады. Олардың қатарына математика пәні мұғалімдері Торғай Шоңқалов, Хисмет Рахимов, Жамбоз Екібаев, Нұрлықыз Балқасымованы ерекше атап кетуге болады. Аға ұрпақтың өнегелі еңбек жолы әруақытта да жастарға үлгі және келешекке бағдар.

   Таушық жеріндегі Шахта орта мектебінде мектеп директоры болған Торғай Шоңқаловтың есімі кең байтақ елімізге белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге талапкер болған Маңғыстаулық шәкірттердің математикадан білімдеріне разы болған алматылық ғалым-сынақшылырдың өздері «Сен бала, Шоңқаловтан оқыған болдың-ау?»-деп, жоғары бағаларын қойған деген сөз өңірімізде жағымды тәмсілге айналды. Т.Шоңқаловтың  талантты шәкірттері көптеп саналады. Солардың бірегейі Берекет Жұмалиев.Ол сол кездегі С.М.Киров атындағыҚазақ ұлттық университетіне түсіп, үздік бітіргесін, өзі білім алған оқу орнына ұстаздық жұмысқа қалдырылып, аспирантураға түсуіне мүмкіндік берілді. Б. Жұмалиев физика-математика ғылымдарына кандидаттық диссертациясын Ленинград университетінің ғылыми кеңесінде қорғап шықты. Өмірден ерте кетсе де, олкөптеген ғылыми кітаптардың монографиялардыңавторы атанып, ғылыми ізденістері Қазақстан Ғылым Академиясының ақпараттық құралдарында жарық көрді. Б. Жұмалиевтің  «Бермуд үш тағанының құпиялары»  кітабы ғалымдар тарапынан жоғары баға алды. Шетпе кентіндегі бір орта мектеп бүгінде Т.Шоңқаловтың талантты шәкірті Берекет Жұмалиевтің атында.

Таушықтағы Шахта,Тұщықұдықтағы С.Жанғабылов, Шетпедегі Н. Жұбаеворта мектептерінде еңбек еткен Хисмет Рахимовта   өзінен шәкірті озған талантты математик ұстаздардың бірі.Х. Рахимовтың шәкірті Нұн Жұбаев ҚазМУ-тін үздік бітіргесін, техника ғылымының кандидаты, докторы болып,профессор атанды.Ол өмірінің аяғына дейін Қазақтанның Сейсмология ғылыми зерттеу интитутының директоры болып абыройлы жұмыс жасады. Бүгінде Нұн Жұбаевтың есімі Ескі Шетпе ауылындағы мектепке берілсе, мектептегі математика кабинеттерінің бірі осы мектепте ұзақ жылдар ұстаздық жасаған Х. Рахимовтың есімін иеленуде.Х. Рахимовтың шәкіртіне деген ұстаздықадами мәрт көңілі үстіне киіп жүрген костюмін оқуға бара жатқан Нұнның иығына жабу сәті ел есінде мықтап орныққан жәй болды. 

   Т. Шоңқаловтан білім алған талантты математик ұстаздардың бірі Жамбоз Екібаев.Ж. Екібаев Маңғыстаудың Ақтөбе облысымен шектесетін шалғай жері Сам жерінде 1957 ж алғаш орталау мектеп ашуға бастамшы болып, кейін сол мектептің 1967 ж орта мектеп мәртебесін алуға қол жеткізген табанды пеагог. Ж. Екібаев санаулы жылда мектепті  сол уақыттағы Гурьев облысының алдыңғы қатарлы білім ордаларының біріне айналдырды. Мектептегі білім мен тәрбие беру ісін талапқа сай жүргізіп, сыныптан тыс пәндік үйірме отырыстарында мектеп мұғалімдерінің «Математика в школе», «Физика в школе», «Квант» сияқты т.б. журналдарды пайдалануын талап етіп, журналдарда жарияланған пәндік олимпиадалардағы есептерге талдау жасатып, оқуға ынталы оқушылардан дарынды шәкірттер шоғырын қалыптастырлы.1968 жылдан бастап, мектеп бітірушілердің 70-80 пайызына дейін жоғары оқу орындарына түсу көрсеткішіне қол жеткізді. Ж.Екібаевтың өз шәкірті Баймұханбет Дүйсенбаев 1971 жылы мектепті алтын медальмен бітіріп, сол жылы алғашқы сынақта математикадан «5» алып, С.М. Киров атындағы университетке түсіп, үздік бітіріп шықты. Жоғары оқу орнын аяқтағасын, Б. Дүйсенбаев аспирантурада оқып,физика-математика ғылымдарының кандидаты атанды. Б.Дүйсенбаев 1999  жылдардан бастап, Қаз АТК-ның Ақтау қаласындағы филиалының директоры болып жемісті еңбек етті. Қазірде  Туризм колледжінің директоры.

   Маңғыстау ауданының Тұрар Жалғасбаев атындағы Шайыр орта мектебінде абыройлы еңбек еткен Нұрлықыз Балқасымова да Маңғыстау облысындағы мықты математик ұстаздардың бірі болды. Н. Балқасымованың шәкірттерінің бірі Молдақасым Өтебаев С.М. Киров атындағы университетін үздік бітіргесін, Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағыинститутқа ұстаздық жұмысқа жіберілді. Жастайынан математика ғылымына берілген М. Өтебаеваз ғана жылда физика-математика ғылымдарының кандидаты атанып,  доцент болып, мектебінің, апайының үмітін ақтай білді.

   Халқымыз ұстаздар көңілінен шығып, білім алған мектептерінің абыройын асқақтатқан шәкірттері туралы «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп бекер айтпаса керек.

 

407 0
Нуржанат Есболова «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Ұлы дала ұстазы № 000607
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: