Қазақстанда қазіргі уақытта білім беру жүйесі – болашақ ұрпақты жан – жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені сөзсіз.
Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды.
Тәрбиенің мазмұны тұлғаның бастапқы мәдениетімен сипатталады, оған өмірде өзін-өзі билеу мәдениеті, отбасылық қатынастар, қарым-қатынас мәдениеті, ақыл-ой және зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық тәрбие кіреді.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғатты күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.Соған сәйкес өз өңіріміздегі карьерлер шаңын айтуға болады. Өз кезегінде ауыл тұрғындары соңғы 10-15 жылдан бері қиыршық тас өндіретін карьерлерден шаң көтеріліп, адам денсаулығына зиян келіп отырғанын белгілі,. Алайда, соңғы жылдары карьер саны көбеймесе, азайған емес. Соның нәтижесінде қоршаған ортаға келіп отырған зиян әлдеқайда жоғары.Осы жағдайларды болдырмау адам ағзасына тигізетін зияны туралы оқушылар билогия,экология,химия пәндері арқылы білуде,Сол себепті,табиғатты аялау керетігін үйретуіміз қажет,ол үшін әр оқушы өз ауласына бір түп ағаш ексе олда бір көмек .Атаңнан ас қалғанша,тал қалсын деген сөздің мағынасына үңілуіміз қажет беп білемін.