Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI66

Ағылшын тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту

Еліміздегі әлеуметтік жағдайдың дамуына бірден-бір септігін тигізетін сала осы - білім саласы. Биылғы жыл білім-ғылым саласына жаңашылдық дәуірін әкелді. «Жаңа ғасыр-жаңа білім»- деген  секілді ұғым қалыптастырғандай.  Енгізілген жаңартылған білім беру жүйесінде көптеген өзгеріс болды. Жұрт айтатын жаһандану осы болды ғой депте ойлаймын. Иә, расында еліміз дамушы елдің қатарында тұрғанда осы бір білім саласына көңіл бөлінгені өте қуантатын жағдай. Себебі, биікке көтерілу үшін бай болып, жар әлемге жар салар ең үздік оратор болып та керегі жоқ. Тек көзі ашық, көкірегі ояу білімді азамат болса жеткілікті. Міне сонда ғана еліміз өркендеп өзге елдермен иық теңестірер еді. Осы мақсатта болар жаңаруды алдымен білімнен бастадық. Ал осы жаңартылған білім беру жүйесін алдымен өзіміз, біз ұстаздар қауымы жақсы түсініп алуымыз керек. Оқушыға болсын, ата-анаға болсын ұғындыру үшін өзіміз жетік біліп, толық меңгергеруіміз қажет. 

Ағылшын тілі пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру дегенді біз қалай ұғамыз? Оқушының тақырыпты жетік әрі терең игеру қабілетін арттыру, бұл кезеңде алған білімін алдағы болашағына тиімді қолдануды, сыныптан өзге жақтарда еркін пайдаланып үйренуіне ықпал ету. Осындағы басты назарға алынатын негізгі бірліктер белсенділік, шығармашылық тұрғыдан ойлану, шешімді қабылдаудағы нақтылық, өз ісіе өзіне сай етіп таңдауы, барлық кезде де білімге деген құштарлығының болуы т.б. Тұңғыш президентіміз   Назарбаев Н.Ә. 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары оқушыларға дара білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді.Білім ошағында ағылшын тілін үйретудің басты нәтижесі болып ақпарттық, сонымен қатар қатысымдық және осы тұрғыдан қандай да бір мәселелерді шешу міндеттерін қалыптастыруға бағыттаудың бірден-бір жолы – оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру. Себебі функционалдық сауаттылық баланың қоғамдық ортада мәдени тұрғыда өмір сүруі үшін керек деп санайтын және әлеуметтік қоғамдағы қатыр-қатынас жасауындағы әкелетін негізгі білім, кәсіби біліктілік және дағдыларының бірігуі болмақ. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру ағылшын тілін оқытудың тұлғалық-әрекеттік нысанын жетілдіру мақсатында жүзеге асады. Оған себеп оқушы сауаттылығын әрекетінің негізгі субъект деңгейіне көтерілгенде нақты ие болады..

Жаңартылған білім беру жүйесі-жаңа технология. Біз түсінген дүние осы ма?! Технологияның дәуірі екені белгілі жайт. Алайда, бұл жүйе физикалық істі емес, рухани түйсікті жаңғыртуды көздейді. Заман ағымына сай жаңалықтың болуы шарт. Ал оның қалай кіріктірілетіні көп ойланып, маңызды шешімге итермелейтін үлкен іс.  Жоғарғы сыныптарға арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан байқаған проблемаларды анықтап оны зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім беру жүйесінің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді, зерттеу жұмыстарын жүргізу, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау тәжірибе жасау. Әдістер мен жаңаша тәсілдерді қалыптастырған бұл жүйені бүгінде тек біздің ел емес дамушы елдердің барлығы да қолданады. Әр саланың өзіндік ерекешелігі болады. Менің саламда да солай. Жоғарғы сыныптар да бұл жаңашылдықтан алыс емес. Жаңа жүйеден бастауышта құр алақан емес. Сабағымызда бізде де қолданатын тәсілдер жеткілікті. Жаңа оқыту жүйесі өзінің критериалды бағалау жүйесімен ерекшеленеді. Ең алдымен сыни тұрғыдан ойлау әдісіне тоқталсам, ол балалардың ой-өрісінің дамуына, өтіп жатқан тақырыпты тереңінен ұғынуға ықпал етеді. Бұл жан-жақтылықты талап ететін әдіс. Бұрынырақта біздің зиялы қауым өкілдеріміз жан-жақты әмбебап болған. Олар әдебиет маманы болса, онымен қоса географ, философ, тарихшы, тіпті керек болса әдебиеттен мүлде алшақ математиканыда меңгере білген. Енді біз жаңа жүйеде оларға осындай әмбебап бол демейміз, тек бір дүниені бірнеше қырынан қарай білуге дағдылаймыз. Не нәрсеге болсада өз көзқарасын еркін, әрі ашық жеткізуге, тек бір жақты дұрыс деп санамай басқа қырынанда сыни пікірін білдіріп өзіндік сана қалыптастыруды көздейді. Тағы бір айта кететін тәсіл ол- дәлелдеу. Жалпы оқушы ойын ортаға салып, мұғаліммен ақылдаса отырып, оқушылармен пікірталасқа араласып өз бастапқы ойын дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар бірлесіп, топтасып жұмыс істеуге дағдыланады. Егер қателессе өзінікін дұрыстап, қайта дәлелдеуге мүмкіндік алады. Еркін ойлау дағдыларын дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Әр оқушыға мұғалім тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс. Жанындағы сыныптастарынанда қолдау болса, оқушы үшін жақсы әсері болады. Оқушыда сабақ барысында уәж болады. Ол оқушының өзінің іштен шыққан уәжі. Оны мұғалім тыңдап түсіндіруге тырысуы қажет. Сабақта барлығын жақсы қабылдап, еркін меңгеруі үшін оқушының уәжін толық тыңдап түсінбеген сұрағын нақтылап жауап беру керек. Осы тұста оқушының білім деңгейінің жоғарылауы үшін олармен кері байланыс орнатып отыру керек. Ол үшін алдымен мұғалім өз тарапынан оқушының қажеттіліктері мен мықты тұсын, сабақ барысында кездестіретін қиындықтарын жақсы анықтап алғаны жөн. Бұл нәрсе оқушыға көмек беруге көп септігін тигізеді. Алдағы уақытта тапсырма берерде, жаттығуды орындатарда мұғалім әр оқушының жайынан хабардар болып отырады және соған сай тапсырма береді. Енді бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру жайында айтсақ. Бәсекеге қабілеттілік- ол, жеке индивид тұлғаны қалыптастыру негізі. Одан бөлек диалогті оқыту тәсілі де, топтық жұмыс әдісі де кең қолданыста. Осының барлығы оқушының рухани жақтан дамып жетылуіне зор ықпалын тигізеді. 

        Ағылшын тілін оқыту дәрежесін жоғарылатудың басты нысаны ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қолға алған сәтте олар әрекеттік бағдар ұстанымына, оқушылардың коммуникативтік құзіреттерінің қалыптасуы ұстанымына, интерактивтік оқыту ұстанымына негізделуі қажет. Сонда ғана функционалдық сауаттылық оқушының ағылшын тілін әлеуметтік сұранымға сай қолдану мүмкіндіктерін арттырады.

Қорыта келе, ағылшын тілін үйретуде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға негізделген білім беру жүйесін меңгерген балалардың білімдері мен түсініктерін өмірдегі жағдаяттарда пайдалана білуді, ақпарат құралдарымен жұмыс  жасай білуді және алған мәліметтерді сыни тұрғыдан саралай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және пікір білдіру, өзінің ойын ашық әрі еркін жеткізуді; іскерлігі мен әрекеттерін адами тұрғыдан бірнеше салаларда, сонымен қатар, тұлғааралық жағдайда, әлеуметтік қатынастарда өмірлік мәселелерді біржақты ету үшін қолдануды талап ететіндігін айтқым келеді. 

 

613 0
Еркежан Шинтаева, №80 IT мектеп лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, Шымкент қаласы Тағылым № 000025
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: