Мектеп - білім бұлағы дер болсақ, бала оның жағасында жайқалып өсіп келе жатқан жасыл құрақ деуге әбден болады. Осы жасыл құрақтарды, яғни болашақ жас өспірім немесе болашақ білім иелерін мықты да дарынды, білімді де саналы етіп дайындау үшін, бәрін мектеп табалдырығынан бастаған абзал. Біздің еліміз және елбасымыз бізге осыны басты мақсат тұтып, қазіргі заман бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман екенін ескертеді. Әлемдік дамыған елдер қатарына қосылу үшін, солармен дәрежені теңестіріп, үзеңгілес болу үшін, бізге не істемек керек деген ойды өз санамызда туындата білуіміз керек? Әрине, оның жауабы әлдеқашан шешімін тауып қойған десек те артық болмас. Оны біздің оқу-ағарту саламыз қолға алып, бастап та қойғандай. Осынау бір ұшқан құстанда жылдам дамыған қоғамда, ешкімнен төмен, әлсіз болып қалмас үшін, біз өзімізді барынша сапалы біліммен және ғылыми техникамен жабдықтап қорғана білуіміз керек.
Үш тұғырлы тілды мемлекет болу дейміз, ол біздің болашақ ұрпаққа болашақ білім иелеріне берілген өте үлкен мүмкіндік деп қарауымыз керек. Біздің жастарымыз қай елде жүрмесін еш қиындықсыз өз ой пікірін және өз білімін пәш ете алуына жасалынып отырған үлкен орай әрі бақыт. Ағылшын тілінде үйренген білімін қолдана алар болса ол кез келген елге барып жұмыс жасай алады деуге болады, өз елінде ана тілі мен қоса орыс тілінде қоладанады. Ал осындай сапалы білімнің бастау алуы қайдан? Оны біз мұғалімдер, мектептер, жоғары оқу орындары бірге атсалысып шешуге тиісті. Техника және ақпаратты технология шексіз дамыған мына қоғамда, заманауи құрылғылармен жұмыс жасай алмау, біздің өмірімізге әрі болашағымызға үлкен қауіп болады десек артық емес. Ал енді менің қозғамақ болып отырған басты тақырыбым интербелсенді білім беру жүйесін қалай дамытамсыз? – деген сұрақпен туындамақшы.
Біздің оқыту жүйемізге интерактивті тақтамен сабақ беру әлдеқашан жалпыласып кеткен, тіпті ауыл мектептеріненде көруге болады, бірақ оны дамытуға, оны толықтай меңгеруге біздің күш қуатымыз жетпестей елестейді маған! Бізге керегі сенім және құштарлық, ол қалай дейсіз?, ол білім алуға деген ынта және алған білімді көрсете аларына сеніммен қарау дегендік. Қарапайым тілмен немесе жәй екі ауыз әсерлі сөзбен ғана өзін-өзі алдау- ол бізді бәрінің артында қалдырары анық. Ал енді өз тақырыбымызға келер болсақ интерактивті оқыту әдісі- білім алушының белсенді рөлін болжайды. Білім алушы – толтырып отыратын бейтарап ыдыс емес. Оған қандай критерийлер бар? Бұл критерийлер интерактивті үлгілерін оқыту: пікірталас, материалды еркін баяндау, дәрістердің аз болуы, бірақ семинарлардың көптігі және оқушылардың бастаманы қолдарына алуы. Әрине, топтық тапсырмалар көбірек болады. Бірақ интерактивті оқыту тәсілдері қалайша біздің оқушыларға көмектеседі? Бұл жағдайда интерактивті оқыту мұғалім мен оқушының арасындағы өзара іс-қимылын өзгертуді көздейді. Яғни бұл жағдайда оқушы өзі үшін белсенді түрде білім алуды қалайды. Өкінішке орай, кейде оқушылар жиі бір-бірлерін естімейді. Олар үшін мұғалімнің пікірі маңызды, сондықтан мұғалім естісін деп, олар бірнеше рет сол айтқандарын қайталайды. Бұл, әрине, олар үшін мұғалім білім үлгісі , яғни, барлығын басқаратын білімді бақылаушы адам екенін көрсетеді. Оқушылар барлық жерде: тек аудиторияда ғана емес, сыныпта ғана емес, ақпаратты барлық жерде, мектептен тыс жерде ала алады.
Сонда, егер интерактивті әдістер жақсы болса, ендеше дәстүрлі әдістерді пайдалануды тоқтату керек. Мұғалімдердің көпшілігі пайдаланатын - сергіту. Миға шабуыл – ағылшын тілінде: brainstorming. Әркім әр түрлі аударады, бірақ мен миға шабуыл деп білемін. Келесілері – пікірталастар мен пікірсайыстар, олар бір-бірінен ерекшеленеді. Жалпы біз бір жаттығуды орындаған кезде пікірсайыс элементін пайдаланамыз, бірақ оны дәл уақытында талқыламаймыз. Бұдан әрі – топтық жұмыс, олар түрлі формаларда өтуі мүмкін. әдістердің барынша жүйелі болып табылатын әрі маған көбірек ұнайтын түрі бар. Ол студенттердің, оқушылардың таныстырылымы. Кейс-әдіс – бұл - белгілі бір әдеттегі жағдай тым терең зерттеліп, белгілі бір проблеманы зерттеген кезде қолданылатын әдіс. Жалпы осы айтылғандар қазіргі кездегі білім беру саласында қолданылып та қолданылмай да жүрген әдіс тәсілдер. Слайдты жасап алып соған қарап бар 45 мин ты бітіріп шығатындар да бар, яғни бар сенгені слайд, ол өшіп кетсе не болмақ??? Сол үшін менің айтпақшы ойым интерактивті білім беру- ол слайд жасап алып сонымен қанағаттану емес, керісінше оқушылар құлақпен тыңдағаннан гөрі көзбен көргенге көбірек есте сақтайтынын ескере отырып сапалы да жүйелі білім берейік деген ой-мақсат. Әрі осындай технологияның тілін жетік меңгеріп, оны мейлінше өз керегімізге жарата білейік, сол арқылы сапалы білім берейік те, білім топтайық!