Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI646

Ұстаз мәртебесі

      «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» - деп хакім Абай айтпақшы ұстаз қай кезеңде болмасын өз құзыреттілігін бұлжытпастан орындап келе жатқан мамандық иесінің бірі. Әлемде қанша мамандық бар сол мамандардың барлығына дерлік қолына қалам ұстатып, білім бұлағымен сусындатып  осы өмірге жетелейтін тікелей ұстазы екендігін айтпасақ та белгілі. Сондықтан да, «Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы» деп бекер айтпаса керек дана халқымыз. «Ұстаз» сөзінің өзі араб тілінен енген сөз болғанымен қазақ ұғымына жат емес екендігін «ұста» яғни, шебер, ісмер сөзінен шыққан болуы да мүмкін деген тұжырымға келуге болады. Тарқатып айтатын болсақ, бала да ешбір електен өтпеген кем-кетігі мен қоспасыз келетін ұстаның өнер туындылары мен өмірге қажетті бұйымдарды әзірлеуге қолданатын шикізаты сияқты емес пе?! Сіздер баланы шикізатқа теңедің деп сөге көрмеңіздер. Жас бала да тал шыбық сияқты жел қайда соқса сонда есіліп, күн қайдан шықса сол бетке тартылатыны бәрімізге белгілі дүние. Ал сол талдың тамыры терең, діні мықты болып өсуі үшін бағбан қаншама тер төгеді, ал сол кішкене талдан жайқалып өскен миуа ағашын іске асырып болашақ межесіне жетуіне ықпал етіп қалыптастыратын ұста десек, бұл тұста ата-ана бағбан болса, ұста мұғалім дегеніміз дұрыс болар.

               “COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде  қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығы қабылданған сәттен ата-ана мен ұстаздардың ұйқысы мен тыныштығы бұзылды. Бұл бұйрық бала тәрбиесінде ата-анамен қатар ұстаздардың рөлінің басымдылығын елімізде болып жатқан, жаһанды жайлаған аты жаман індет тағы бір тайға таңба басқандай дәлелдей түскендей. Бұған дәлел оқушылар мен ата-аналардың ұстаздар тарапына толассыз жазған қаттары мен бейнежазба, аудио хабарламалары дәлел. Басым көпшілігі, барлығы дерлік ешбір қазақ даласында жиі кездесетін жазылмайтын алайда ерікті түрде ұстанатын жазылмаған заңмен-ақ ұстаз мәртебесін бір көтеріп тастағаны хаһ. Осы тұста алдыңғы жылдарда да көтеріліп келе жатқан ұстаз мәртебесі біршама алға ілгеріледі. Ұстаздардың білік, білім, дағды, тәжірибелігімен қатар, көпқырлылығын, үйренуге бейімділігін, әрқашан жаңалықты жатсынбай заманына қарай құзыреттілігін реттей алатындығын біздің ұстаздар дәлелдеп қана қоймай мойындата білді. Әрине, қиындық та болды, олқылық та болды. Кейбір оқу материалдары саралаудан өтпей шығып жатты, ауылдық елді-мекендерде ғаламтордың нашарлығы мен мүлдем болмауы елімізге сын болды. Мұндай мәселенің бірі – ғаламтордың жоқтығы мен көпбалалы ата-аналарға көмек ретінде мектеп ұжымынан ерікті волонтерлар құрылып әр бала білім алуын тоқтатпады. 

         Білім және ғылым министрлігінің қолдауынсыз мұндай ауқымды жұмыстар атқаруды елестетудің өзі қиын, атап айтқанда, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қолдауының арқасында ұстаздар мәртебесі жіті бақыланып, мұғалімдер артық ауыз қағаз бастылықтан арылып, есеп тапсырудан шектетілді. Бұл әрбір мұғалім үшін жасалған құрмет деп білеміз, себебі, бізге сенім артылды, ал қазақстандық ұстаздар әрқашан өздеріне жүктелген сенімді абыроймен атқарып келеді. Бұл ұстаз мәртебесінің көтерілгенінің айғағы деп білеміз, анығын айтсақ, тек қана басылымдардан оқып қана қоймай іс жүзінде іске асқан бірден бір заңнама болды. 

         Қоңырау үнін онлайн түрінде естіп, ұстаздық өтілімізге онлайн оқыту тәжірибесін алдық. Ұстаздардың жұмысы әлі жалғасуда және де жалғаса бермек.  

 

501 15
Нурсадыкова Гульан Нурлыбаевна «Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Qazaq bilimi № 000581
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Мақпал Серікқызы
2 ноября 2021 16:08
Өте құнды,ұшқыр ойыңызбен бөліскенсіз. Осындай ұстаздарымыз көп болсын, аман болсын.
Сания Маратқызы
2 ноября 2021 16:08
Керемет жазылған.
Амиржанова
2 ноября 2021 16:12
Өте керемет екен!
Айгуль
Айгуль
2 ноября 2021 16:46
Өте орынды,керемет айтылған.
Асылхан
2 ноября 2021 17:16
Сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін!
Ләйлә
Ләйлә
2 ноября 2021 17:20
Жақсы жазылған
Садық Мөлдір
2 ноября 2021 18:07
Керемет айтылған!
Майнур
2 ноября 2021 23:45
Оте керемет жазылган
Айдана
Айдана
3 ноября 2021 10:23
Ұстаздар мәңгілік тұлға. Еңбегіңіз шыңдала берсін Гүлән апай!
Камшат Сабиткызы
3 ноября 2021 10:58
Оте керемет жазылган,жарайсыз.
Аяулым
3 ноября 2021 11:38
Ұстаздық еткен жалыкпас, үйрету ге балаға каламыныз шындала берсин
Мадина
3 ноября 2021 11:41
Керемет 🤘 сәттілік тілеймін
Сандуғаш
Сандуғаш
3 ноября 2021 13:12
Қаламыңыз ұштала берсін!
Дина
3 ноября 2021 13:47
Керемет!Қаламыңыз ұштала берсін!
Салтанат Тажиева
4 ноября 2021 08:13
тамаша айтылған. Жазарыңыз көп болсын.