Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI645

Әлемді жайлаған пандемия кезіндегі спорт және оған дейінгі спорт әлеміндегі өзгерістер

        Әлемді жайлаған пандемия кезіндегі спорт және оған дейінгі спорт әлеміндегі өзгерістер.

        «Шынықсаң –шымыр боласың»демекші ,дене жаттығуы адам баласына қашанда пайдалы.Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі-спорт.Ғалымдардың зерттеуіне сүйенер болсақ,спорт адамды толыққанды шаттыққа толы өмір сүруіне жетелейді екен.

       Олимпиадалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертен : «О,спорт!Сен-түгел ғаламсың»деп бекер тұжырым жасамағаны анық.Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін көтеріп ғана қоймайды,қанайналым жүйесін жақсартады.Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.

         Спорт-адамның рухани әлемінің тікелей көмекшісі.Өйткені,әлсіз әрі қиындыққа қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін адамдарға мамандар бір ауық   спортпен шұғылдануға кеңес береді.Спорттың адам өмірі үшін маңызын бұдан ары айта түсудің өзі артығырақ болар.

       Мектебімізге кең,биік,жап-жарық жаңа спортзал салынғанда оқушыларымыздың,ұстаздардың жалпы ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады.Мектеп жанындағы сыртқы спорт алаңы күрделі жөндеуден өткен.Жалпы спортпен шұғылданамын деген адамға мүмкіндік көп.Дене шынықтыру сабағына оқушылар бұрынғыдан да қуана қатысатын болды.Пандемия туралы ешқандай хабарымыз да жоқ.Оқушыларға түрлі спорттық жарыстар өткізіп,мектепішілік,ауылдық,аудандық жарыстарға қатыстырып жүлделі орындар иеленіп жүрдік.Мысалы мектебімізде «Жүзден жүйрік»атты спорттық эстафеталық жарыс өткіздік.Жарыстың мақсаты ең алдымен балалардың  спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып шыдамдылыққа,икемділікке,табандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Бірнеше бөлімнен тұратын спорт жарысында «Лашын»және «Қаршыға»топтарындағы оқушылар бар қабілеттерін аянбай көрсетіп алға шығуға талпынды.Әрине жарыста жеңімпаз және жеңілістің болатыны анық.Өте қызықты әрі тартысты өткен жарысымыз «Лашын»тобының командасын алға шығарды.Бастауыш сыныптың оқушылары спорттағы жеңу мен жеңілудің қандай болатынын сезіне білді.Келесі жарыстарға үлкен дайындықпен келіп,асқақ биіктерді бағындырамыз деген от жалын көздерінен байқалады.Міне,біздің де мақсатымыз осы еді!

          Алайда,2019жылдың желтоқсан айында басталған індет жер бетін түгелдей жайпап өтіп,адамзаттың өмір сүру,тіршілік ету процесіне толықтай кері септігін тигізіп,өзгерістер әкелді.

          Ғасырлар бойы құламай, аяғынан тік тұрған қаншама адам өмірінің құндылықтарын тізе бүктірді.Қаншама спорт саңлақтарымызды жалмады.Әлемді пандемия қасіреті биледі.Мектептеріміз жабылды,спорт кешендеріміз жабылды.

         Бірақ адамзат бұл індетті де жеңетініне сенеміз.Екі жыл ішінде көп өзгерістер енгізілді.Қатаң тәртіп.Жаппай вакцинациялау,спортпен шұғылдану,арақашықтықты сақтау сияқты міндеттемелерді сақтай отырып бастапқы өмір салтына,мамыражай тіршілікке оралу мүмкіндігі үміттендіреді.

        Пандемияның екінші жылында мектебімізге қайта оралдық.Онлайн өткізген бір жылдық оқу-білімімізден тәжірибе алдық.Оқушылардың мектеп өмірін сағынғаны көздерінен білініп-ақ тұрды.Ендігі міндетіміз тәртіпке бағыну.Кез келген іс-шараларды аса сақтықпен,барлық сақтық талаптарға сай өткізу.Биыл мектебімізде дене шынықтыру бірлестігінің онкүндігі аясында «Шынықсаң-шымыр боларсың»атты 8а және 8ә сыныптарының арасында эстафеталық жарыс өткізілді.Жарыста балалар сақтық шараларына сай арақашықтықты сақтап,бетперде тағып,әр спорт құралдарын антисептикпен тазалап,жалпы ережеге және пандемия талаптарына сай өткіздік.

       Жарысқа «Қырандар»және «Жүйріктер»командасы қатысып қызықты әрі тартысты ойын көрсетті.Жарыс кезінде жаңартылған бағдарлама бойынша спиральдік әдісті пайдаланып,оңайдан қиынға,жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар беріліп отырды.Жарыс соңында «Қырандар»тобы алға шығып жеңіске жетті.Ойын соңында екі топтың белсенді ойыншыларын марапаттап,жеңген командаға арнайы « эстафеталық ойындардың жеңімпазы»деген кубок берлді.

      Әлемді жайлаған пандемия кезінде дене шынықтырудың маңызы артты.Сол үшін біз,дене шыныұтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын әр оқушының бойына қалыптастыруға жұмыс істейтін боламыз.

    Иә,спортты сүйетін,спортқа деген сүйіспеншілігін күнделікті өмір салтына айналдырған жандар көп.Осы қуантарлық жағдай.Әркімнің санасындағы спорт ұғымы-сан алуан.Расында да,көпшілікті ұлты мен жеріне,тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорт құдіреті жоғары.Бәріміз білетіндей «Спорт-денсаулық кепілі».Бастысы,талғампаз тәкәппар өнерге шексіз беріліп,адалдық танытсаң берері мол-СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМ.  

 

490 5
Абдимуратова Алия Алламбергеновна Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы «Айтжан Түркебаев атындағы мектеп-лицейінің» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Qazaq bilimi № 000580
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гульмира
2 ноября 2021 10:29
Әлия керемет!Биіктерден көрін!
Айгерім
Айгерім
2 ноября 2021 10:31
Өте тамаша еңбегіңіздің жемісін көріңіз
Перизат
2 ноября 2021 10:38
Апай тамаша!
Лариса Сисенова
2 ноября 2021 11:48
Тәте бір тебіреніп отырып оқитын мақала болыпты!
Шамил Сагындыков
2 ноября 2021 12:03
Мақалада пандемия жағдайында мектеп оқушыларының спорттан қол үзбей, салауатты өмір салтын ұстану үшін не істеу керектігіне жол көрсетеді. Ұстаздың балаларды спортқа баулу, қызықтыру әдістері жоғары деңгейде көрсетілген. Ұстазға шығармашылық табыс тілейміз, еңбегі жемісті болсын!