Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI633

Біздің болашағымыз – тәрбиелі ұрпақ

      "Тәрбие тал бесіктен басталады" - деген аталарымыз. Қазақ әсте баласын ұят болады, обал болады, жаман болады деп ырым-тиыммен тәрбиелеген. Қай ғасыр, қай заман болмасын бала тәрбиесі назардан тыс қалып көрмеген. "Адамның бір қызығы бала деген" демекші бұл құндылықтың қоғамдағы маңызы орасан. "Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім деп» Абай айтқандай,
 адам қашанда ұрпағымен қымбат. Тәрбие білім арқылы, білім тәрбие арқылы берілетіні бізге мәлім. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан. Адам ұрпағымен көгеріп, көктеп, бұл өмірдегі ең үлкен мүддесін орындайды. Әкенің қаны дарып, ананың сүті дарып, туған жердің жұпары мен айналадағы әсемдіктің бәрін өн бойына сіңіре білген бала ешқандай рухани ауыру мен дертке шалдықпайды.
 Ал тәрбие, тал бесіктен емес, құрсақтан басталады. Ана құрсағындағы баланы дұрыс тәрбиелеу арқылы, онымен іштей мәміле құру арқылы оны жарық дүниеге дайындайды. Оның себебі, болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Кез-келген ана жүкті күнінде дұрыс тамақтану арқылы, дұрыс дүниелерді оқып білумен қатар жақсы сөйлеу, ашуланбау сынды қасаң қағидаларға мән бермегені абзал. Осы кездегі орасан дайындық баланың өмірге үлкен құлшыныспен келуіне ықпал жасайды. Ол дүниеге келген шақта барлық тұрғыдан сау әрі аман болып дүниеге келеді. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала
тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі білім тәрбие арқылы беріледі. "Тектілік үлгісіндей Зере әжеміз, Құнанбайды дәретсіз емізбеген" - дегендей құрсақтан мықты тәрбиемен шыққан сәбиді тал бесікте тектілік бойын үйретіп тәрбиелеу арқылы оның мықты ер азамат немесе өр азаматша етіп жетілдіре аламыз. "Тектілік тұқым қуады, тектіден текті туады" - демекші тектілікпен берілген тікелей тәрбие ертең ұл мен қыздың отан алдындағы орасан мүддесін орындауда қиынға соқпайды, себебі қанында бар құндылық болғаннан соң. "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" деп Фараби бабамыз айтқандай жүйелі тәрбие, жөні түзу құндылық кез-келген ұрпақ сабақтастығының таза әрі тұнық болуына тікелей әсер етеді. Баланың дүниеге келе салғандағы көру, есту, білу процестерінің барлығы тікелей тәрбиеге ұласады. Егерде отбасында ұрыс керіс, кикілжіңдермен қатар түсініспеушіліктер болса ол баланың мінезі мен қалыптасуына тікелей теріс әсер тигізеді. Әрине, әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Сыйластық, түсіністік, зор жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады. Баланың бас ұстазы - ата-ана. Иә, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
 Қазақтың «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Бұл қасиетті құндылықтар балаға тікелей әке мен анадан дариды. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған.
 Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға –ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйытқысы отбасында бала үлкендермен араласады.
 Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. Әрине, әр ата – ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілун қалайды. Сыйластық, түсіністік зор жауапкершілік сезімдері бар отбасы- бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым қатынасы мазмұнды, сенімді болады. Осыған қарап ертедегі қазақ баласының балалық шағы қаншама кезеңдерге тап келсе де , білімнен, өнерден, жалпы адами қасиеттерден алыстамағанын аңғарамыз. Ұрпақ тәрбиесі- ұлт тәрбиесі сондықтан қазақ өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, келешекте  үлгілі отбасы иесі болғанын қалап тәрбиелеген. Өйткені ұлтымыздың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында.

488 0
НАЗЫМ ШОНГЕРБАЕВА Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ Тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 000676
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: